Материалдар

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 10 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Әскербекұлы Бекенов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Күн тәртібіндегі «Ақтөбе облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі және даму перспективалары туралы» мәселе бойынша «Мемлекеттік –жекешелік әріптестік орталығы» ЖШС директоры Р.С.Келмұхамбетова хабарлама жасады.
2017 жылдың 25 қыркүйектегі жағдайы бойынша аймақта жалпы инвестиция құны 29,5 млрд. теңгені құрайтын 61 МЖӘ жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, соның ішінде:
• денсаулық сақтау саласы - жалпы инвестиция құны 15,1 млрд. теңгені құрайтын 31 жоба,
• спорт саласы – жалпы инвестиция құны 6,8 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба,
• білім беру саласы– жалпы инвестиция құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба,
• IT технологиялар саласы – жалпы инвестиция құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын – 1 жоба,
• мәдениет саласы – жалпы инвестиция құны 61 млн. Теңгені құрайтын 1 жоба,
• жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру саласы бойынша 3 жоба (қызмет көрсету),
• 495 млн. теңге инвестиция құнын құрайтын тұрғын үй (жатақхана) жобасы,
• Аудан орталықтарында 15 жоба.
соның ішінде:
- жалпы инвестиция құны 9,8 млрд. теңгені құрайтын 8 МЖӘ жобасына келісім-шарт жасалған (мұз сарайы, жедел жәрдем бекеті, офтальмологиялық орталық, балалар тіс емханасы, 2 спорт кешенін жалға алу және Ақбөбек оңалту орталығының нысанын физика-математика мектебіне жалға беру, психоневралогиялық ауруларға шалдыққан мүгедек балаларға арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығы).
Ағымдағы жағдайы: Мұз сарайы бойынша : ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сраптамадан өтті, құрал-жабдықтар жеткізілді, жобалау компаниясы болып "Актобестройэксперт" ЖШС, "Интерстиль" ЖШС мердігері болып табылады, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды, 2018 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беруге жоспарланған.
Жедел жәрдем бойынша – қазіргі таңда бас корпуста белсенді құрылыс жұмыстары жүргізілуде, орналасқан жері Ақтөбе қаласы, Батыс-2 қосымша 3 қосалқы станция (Нұр Ақтөбе ықшам ауданы, Алтынсари көшесі 70Б, Ағ.Жұбановтар көшесі 255 А) 2017 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруге жоспарланған. Жобалау компаниясы «Креатив» ЖШС, мердігер компаниясы «Бөбек құрылыс» ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Офтальмология – ғимарат салынып болды, қазіргі кезде әрлеу жұмыстары жүргізуде. Құрал-жабдықтарға тапсырыс берілді. Пайдалануға беру уақыты 2017 жылдың желтоқсан айы деп жоспарлануда. Жобалау компаниясы «Актюбгражданпроект» ӨК, мердігер компаниясы «ДАС ФАСАД» ЖШС.
Стоматология – нысанның құрылысы жүргізілуде. Пайдалануға беру уақыты 2018 жылдың 1-жартысы.
Сондай-ақ 1 жоба келісімшарт жасасу сатысында - әйелдермен балаларға арналған елеулі мәселелерді шешу орталығы,
- жалпы инвестиция құны 8.4 млрд. теңгені құрайтын 11 МЖӘ жобасы бойынша конкурстық байқау жарияланған:
• Ақтөбе қаласында позитронды-эмиссионалды томографиялық орталығын құру және пайдалану,
• Ақтөбе қ. және облыс аудандарында 5 балабақшаның құрылысы және пайдалану,
• балабақшаны коммуналдық меншікке аудару (Батыс-2),
• Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 10500 шаршы метрден кем емес 5 алаңнан тұратын спорттық кешенін жалға беру,
• 18 жастан асқан психонервологиялық аураларға шалдыққан мүгедектер үшін әлеуметтік қызмет көрсету орталығы,
• «Дару» медициналық оңалту орталығымен медициналық қызметтер көрсету,
• Мемлекеттік сектор қызметкерлерінің орналастыру үшін 70 пәтерлік жатақхананы коммуналдық меншікке аудару;
- жалпы инвестиция құны 4,0 млрд. теңгені құрайтын ЖСҚ және ТЭН дайындау сатысында 2 жоба («Батыс-2» және «Нұр-Ақтөбе» шағын аудандарында қалалық емхана),
- сараптама және келіс-сөз үстінде 1 жоба (спорт кешенін жалға алу)
- жеке бастамамен алдын ала 4,4 млрд. теңгені құрайтын 23 МЖӘ жобасы құжаттамаларын дайындау кезеңінде (облыс аудандарында 21 дәрігерлік амбулатория және медициналық пунктер, теннис кортінің құрылысы, Ақтөбе қаласы, Батыс-2 шағын ауданында спорттық-сауықтыру кешенін коммуналдық меншікке беру).
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының әкімдігіне жеке бастама арқылы (Smart City Ақтөбе 3,8 млрд. теңгені құрайтын жоба) IT-технологиялар саласындағы 1 жобаның ұсынылғанын хабарлаймыз.
Аталған мәселе бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасады.
Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында МЖӘ инфрақұрылымды дамытудың негізгі тетігіне айналу тиістігін белгілеген.
Тұтас алғанда, Ақтөбе облысында МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша сапалы деңгейде жұмыстар атқарылуда.
2016 жылғы қорытындылары бойынша Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасында белгіленген, жыл сайын бестен кем емес МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша нысаналы индикаторына қол жеткізілді.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнің қабылдау лимиті 2017 жылына 20,3 млрд. теңгені (2018 жыл – 22,0 млрд. теңге, 2019 жыл – 22,8 млрд. теңге) құрайды.
Алдында айтылып өткендегідей, қазіргі уақытта инвестициялардың жалпы көлемі 29,5 млрд. теңгені құрайтын МЖӘ 61 жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тоқсан сайынғы мониторинг барысында тұрғызылып жатқан 4 нысандар бойынша (жедел жәрдем көрсететін станциясы, офтальмология және балалар стоматологиясы, мұз сарайы) шарттармен белгіленген мерзімдерде салыну анықталған.
Мемлекеттік қолдаудың шеңберінде 2017 жылда бөлінді:
– Мұз сарайын салу үшін банкіде аккредитив ашу арқылы жабдықтар сатып алу үшін – 1 049,9 млн.теңге.
– Қоса қаржыландыру – Жедел жәрдем станциясын салуға – 349,1 млн. теңге және Офтальмологияны салуға 184,0 млн. теңге .
Қазіргі уақытта МЖӘ тетігін әлеуметтік салаға енгізу оң нәтижелерін көрсетті (61 жобаның ішінде әлеуметтік салада әзірленгені 52 жоба - 88%). МЖӘ басқа да салаларда қолдану мәселелері пысықталуда:
- энергетика және ТКШ (үйлерді және жылуэнергетикалық жүйелерді, көшелік жарықтандыру жүйелерін салу)
- көлік (жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін салу, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуді автоматтандыру)
- инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым (Қауіпсіз қала, мысалы Астана қ. жалпы сомасы 8,41 млрд. теңгені құрайтын 13,0 мың бейнекамераларды қондыру жоспарланған, бұл ретте жекеше әріптеске қаражатарды қайтару айыппұл жинау есебінен жүзеге асырылатын болады.)
Аталған мәселені талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін айтты.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31