Материалдар

Облыстық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы Ақтөбе облыстық мәслихатының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты облыстық сайлау комиссиясының шығып қалғанының орнына бір мүшесінің сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2017 жылғы 07 қыркүйек пен 07 қазан аралығында облыстық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:


1) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың облыстық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (өтініштің нысанын облыстық мәслихаттан алуға болады).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен расталған болуы қажет және орындалған күні, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгі болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2017 жылғы 07 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау бойынша облыстық мәслихаттан жауапты тұлға – Айтқалиев Тимур Владимирұлы, №204 каб., қалааралық телефон коды (87132), қызметтік 56-44-75, ұялы 8701-599-30-08, факс 54-34-75, электрондық пошта мекен-жайы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30