Материалдар

Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназияның ата-аналар комитеттерінің жиналысында Қамқоршылық кеңес құру мәселесі қаралды

2017 жылғы 05 қыркүйекте өткен, Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназияның ата-аналар комитеттерінің жиналысында Қамқоршылық кеңес құру мәселесі қаралды. Қамқоршылық кеңес 7 адамнан құрылды, құрамына ата-аналар комитеттерінің, мектепті басқару органдарының өкілдері, әлеуметтік әріптестер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және демеушілер кірді.
Қамқоршылық кеңестің жұмысының негізгі мақсаты: орта мектептің оқушылары мен педагогикалық ұжымына, олардың білім беру-оқыту бағдарламаларын табысты іске асырулары үшін қажетті жағдайлар жасау, спорттық-бұқаралық және мәдени-көпшілік шараларды өткізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға ықпал ету (ғимаратты, аумақты және т.б. абаттандыру және жарақтандыру), білім мекемесін дамыту және білім мекемесінің оқушыларының, тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету үшін бюджеттен тыс қаражаттар тарту.

 

 

Сайлау округінің шекарасында №17 мектеп-гимназия орналасқан, №11 Сазды сайлау округінен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Сәния Мұсақызы Қалдығұлова Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланды.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30