Материалдар

Облыстық мәслихаттың және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен кезекті он екінші сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 14 тамызда облыстық мәслихаттың және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен кезекті он екінші сессиясының жалпы отырысы №9 Сейфуллин сайлау округінен депутат Ғалымжан Алмасбекұлы ЕЛЕУОВТІҢ төрағалық етуімен өтті.
Сессияның жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев және облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
Сонымен қатар, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Бірінші мәселе бойынша – «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімінің есебі туралы» Бердібек Машбекұлы Сапарбаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы хабардар етті.
Жалпы ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығындағы қорытындысын оң нәтижелі деп сипаттауға болады. 1 жартыжылдықтағы барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өткен жылға қарағанда өсім белгіленді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Біздер өңір экономикасының өсімін 4,0% төмен емес деңгейде қамтамасыз етуді жоспарлаймыз. Өнеркәсіпте өсім 104,9%, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі 2,1%, өңдеу өнеркәсібі - 11,4% қамтамасыз етілді. Бұл облыс экономикасын әртараптандыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстың көрнекі үлгісі. Негізгі капиталға салынған инвестиция - 131,8% құрады (ҚР бойынша 2 орын). Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 3,7%, құрылыс 11,6%, тұрғын үй енгізу - 18,6%, ШОБ қызмет ететін субъектілердің саны 7,8% өсті.

Жұмыссыздық деңгейі - 4,8%, орташа республикалық көрсеткіштен төмен (4,9%), оның ішінде жастар жұмыссыздығы – 2,3% (ҚР -3,9%). Инфляция 103,8% құрады (ҚР -3,7%), 2016 жылдың сәйкес кезеңі - 105,7%.
Жергілікті бюджетке түскен түсім 110% (4,3 млрд. теңгеге өсіп 48,0 млрд. теңгені құрады). Салық салу базасын кеңейту бойынша 4,0 млрд. теңгеге жоспар бекітіліп 1,75 млрд. теңге іздестірілді (43,8%). Жыл соңына дейн жоспарды орындаймыз.
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1- жартыжылдығындағы жоспарға игерілім 100% құрады (7 млрд. теңге). Жыл соңына дейін барлық қаражаттар игерілетін болады.
Облыста 1-ші жартыжылдың қорытындысы бойынша 7,8% өсімімен 50 мыңға жуық ШОБ субъектілер қызмет етеді. Бөлшек сауда көлемі 102% құрап ұлғаюда.
Бүгінгі күнге 30,0 млрд. теңгеден астам қаржыға МЖӘ 62 жобасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 9,8 млрд. теңгеге 8 жоба жүзеге асырылды. МЖӘ шеңберінде ауысымына 300 адам қабылдайтын қалалық балалар стомотологиялық емханасы (616 млн. тг.), 2500 көрерменге арналған мұз айдыны сарайының (3,8 млрд.тг.) құрылысы жүргізілуде. Офтальмологиялық аурухана (3,2 млрд.тг.) және қалалық жедел жәрдем станциясының (2,4 млрд.тг.) пайдалануға беру күтілуде.
Ауылшаруашылығының өсімі 103,7% құрады. Облыста қазіргі таңда 170 астам ауылшаруашылық кооперативтері қызмет етуде, оның ішінде а.ж. 1 жартыжылдығында 70 астамы құрылды (жоспар 50). Ауылшаруашылығының дәстүрлі емес салалары да дамуда, бүгінгі күнге 90 –ға жуық жобалар жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 11,6%, тұрғын үй енгізу - 18,6% өсті (242 мың ш.м. немесе 1813 пәтер). 2017 жылдың соңына дейін 10,6 млрд.теңгеге 300 км жуық жолдарды жөндеу жоспарлануда, ол 2016 жылдан 3 есеге жоғары. Облыстық мағынадағы 11 объектіні жөндеу бойынша жұмыстар басталды.
Білім саласында а.ж. бірінші жартыжылдығында 1,3 мыңнан астам орынды 15 МБҰ ашылды. Бүгінгі күнге 22 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы «AktobeMedicalCentre» базасында медициналық кластер құрылды. Ағымдағы жылы медициналық кластер орталықтарында 15 мыңнан астам ота жасалды. Олардың ішінен 400 жуығы жоғары технологиялық.
Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында жұмыспен қамтумен 15,6 мың адам қамтамасыз етілді, казіргі таңда 8,2 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүзеге асыруға 4,8 млрд.теңге қаралып, 2600 астам адам қамтылды немесе жоспардан 53,0% (жоспар – 5 мың адам).
Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында өткізілген атаулы іс-шаралар нәтижесінде 231 дәстүрлі емес ағымның ұстанушыларын исламның дәстүрлі
Депутаттар мамандарды дайындау, облыс аудандарының елді мекендерінен тұрғындардың көшуін азайту бойынша шаралар, экономикаға инвестиция тарту, жергілікті жолдардың жағдайы және оларды жақсарту бойынша бағдарлама дайындау қажеттілігі, міндетті медициналық сақтандыру, сондай-ақ мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы және аудандардағы төменгі класс оқушыларының оқулықтармен қамтылуы туралы сұрақтар қойды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің басшысы Қ.С.Жақсығалиев 2017 жылдың 1 жартыжылдығына есеп берді.
Облыста тіркелген қылмыстар саны 32 % төмендеп отыр. Тиісінше қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар 16% және көшелерде жасалатын қылмыстар саны 14% азайды. Көше қылмыстары азайды, атап айтқанда тонаушылық - 21%, қарақшылық – 39% және бқзақылық - 48%, сонымен бірге жол-патрульдік полициясының қылмыстың ізін суытпай ашу фактілері 2 есеге артқан.
Қылмыстар арасында ең жие кездесетіні өзгенің мүлкен ұрлау. Бүгінгі күне олар жалпы тіркелген қылмыстың 57% құрап отыр.
Пәтер ұрлануының басты себебі пәтерлердің қорғалмағандығы, дыбыстың сигнал құрылғысының орнатылмауы және күзет құралдарының болмағандығы мен аймақтың қоршалмағаны және тағы да басқа фактрлер ықпал етеді.
Нақты шаралары қажет ететін тағы бір мәселе – автокөлік ұрлықтары. Өткен мерзімде облыс орталығында 795 ұрлық болған, әдетте автокөлік ұрлықтарды күндізгі уақыттарды әкімшілік аймақтарда және мемлекеттік мекемелерде асалады да, түнгі уақыттарда тұрақтағы автокөліктерге ұрлық жасалады.
Қазіргі кезде қалада 125 мың көлік тіркеуде тұр, олардың 5 мыңнан астамы тек соңғы үш жылда тіркелген.
Есептік кезеңде басты мәселердің бірі төмендегеніне қарамасан мал ұрлығы болып қала бермек. Мал ұрлығы болуының басты себебі мал күтімінің реттелмегендігі болып табылады. Мал иелері мен малшылар арасында келісім қатынамтарының болмағандығы, ауылдық округ әкімдерінің бақылауында болуы керек және тұрғындардың өздерінің малына немқұрайлы қарауы (мал ұстаушылар әдетте ұстау орындарын жеке бақылауға алмайды).
Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясы, учаскелік инспекторлар және ювеналдық полиция қызметімен жүргізлетін қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына аса мән береді.
Жоғарыда аталғандай, көше қылмстарының азайғанына қармастан оның саны әліде көп болып қала береді. Жасалған қылмыстардың әрбір төртіншісі көшеде жасалған. Осыған орай біз патруьдеу бағыттарын 16-дан 23-ке көбейттік, қала сыртындағы тас жолдарға патрульдік көліктердің шығуы да артты.
Бүгінгі күні облысымызда 567 ойын-сауық орталықтары бар болса олардың ішінде аымдағы жылғы 6 ай ішінде 200-ден астамы орын алған. Орындардың бейнебақылауа алынуы 48,3 % құрайды. Бұдан басқа, көңіл көтеру орындарында күнделікті рейдтік шаралар ұйымдастырылады.
Учаскелік полиция инспекторлары қызметін бағалауда тұрғындардың олардың қызметі туралы ойлары басты болып табылады.м
Осы мақсатта жергілікті полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында ағымдағы жылғы 20 шілдеден бастап облыс көлемінде тұрғылықты жерлері бойынша халықпен кездесулер өткізілуде. Барлығы 468 кездес жоспарланды олардың ішінде осы уақытқа дейін 275 өткізілді.
Депутаттар жол бойындағы апаттылықты тұрақтандыруға бағытталған, жедел-алдын алу шараларын жүргізу бойынша жұмыстарды күшейтуге, жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу, мал ұрлығы, учаскелік инспекторлардың қызметі, облыс аудандарында учаскелік полиция пункттерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің жергілікті әкімдермен жеткіліксіз жұмысы туралы мәселелерге назар аударды.

«Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Орынбасарұлы Отаров хабарлама жасады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өзінің өкілеттілігі шегінде тұрғындардың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Облыс әкімдігі жанындағы оралмандар мәселелері жөнінде комиссия құрылып, облыстағы мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктермен қарым қатынаста жұмыстар жүргізілуде.
Ақтөбе облысының аумағында этникалық қазақтарды уақытша орналастыру орталығы бар, оған Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келетіндер орналастырылады. 2017 жылы Ақтөбе облысында шет елдік жұмыс күшін тартуға 2143 бірлік квота бөлінді. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ақтөбе облысында 70 кәсіпорынға қызмет жасауға 1009 рұқсат берілген.
2017 жылдың 1 жартыжылдығында рұқсат қағазын беру және ұзарту бойынша Ақтөбе облысының бюджетіне 167 679 100 теңге көлемінде алым алынды.

«2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов хабарлама жасады. Бюджеттік Кодекстің 106-бабына сәйкес 2017 жылғы облыстық бюджетті нақтылау депутаттардың қарауына ұсынылып отыр.
Облыстық бюджетті 1 млрд. 413 млн. 42 мың теңгеге нақтылау ұсынылады.
Аталған қаражатты, атап айтқанда, мынадай бағыттарға қайта бөлу ұсынылады, 105 дана автобус сатып алуға, Ақтөбе қаласындағы 1,2,5,7 класс оқушылары үшін оқулықтар сатып алуға, Ақтөбе қаласындағы индустриалдық аймақтағы алаңнан тыс желілерді жаңғыртуға, өткен су тасқынына байланысты, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мемлекеттік міндеттемелерді орындауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызды шығыстарға.

Одан басқа депутаттар, әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге, ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізіп, депутаттық сауалдарды қарады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сессия тиісті шешімдер қабылдады.