Материалдар

Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Комиссия отырысында «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселеқаралып, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов хабарлама жасады. Облыстық бюджетті 1 млрд. 413 млн. 42 мың теңгеге нақтылау ұсынылады.
Аталған қаражатты, атап айтқанда, мынадай бағыттарға қайта бөлу ұсынылады, 105 дана автобус сатып алуға, Ақтөбе қаласындағы 1,2,5,7 класс оқушылары үшін оқулықтар сатып алуға, Ақтөбе қаласындағы индустриалдық аймақтағы алаңнан тыс желілерді жаңғыртуға, өткен су тасқынына байланысты, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мемлекеттік міндеттемелерді орындауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызды шығыстарға.

 

Аталған мәселені талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін айтты, сондай-ақ облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізуді мақұлдады.