Материалдар

Облыстық мәслихатта депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдсабекұлы Нұрғалиев қатысты.
Күн тәртібіндегі «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» мәселе бойынша - жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аман Наурызғалиұлы Жекеев хабарлама жасады. Осы мәселе бойынша Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы – Нұрболат Хайроллаұлы Хайруллин қосымша баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе - «Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы» облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Телманқызы Төлебаева хабарлады.