Материалдар

Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов хабарлама жасады.


Күн тәртібіндегі «Қ.К.Игисеновты Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау туралы» мәселе бойынша Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы С.Еңсегенұлы хабарлады.

Аталған мәселелерді талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін айтты, сондай-ақ облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізуді мақұлдады.