Материалдар

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 19 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясының жалпы отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев қатысты.
Сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессияда ұйымдастыру мәселесі қаралды - Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің басшысы Қанат Советұлы Әлиев өз қалауы бойынша лауазымынан босату туралы облыс әкіміне өтініш жасады.


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасына және 29-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және Ақтөбе облысы әкімінің ұсынымына сәйкес, облыстық мәслихат сессияның шешімімен, Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымынан Қанат Советұлы Әлиев босатылды.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаев жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына кандидатурасын келісуге ұсынды.
Облыстық мәслихаттың депутаттары аталған мәселені талқылап және Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатураны келісу туралы шешім қабылдады.