Сәрсенбі, 12 Маусым 2019

Баспасөз хабарламасы

1206192019 жылғы 11 маусымда, №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Жеңіскүл Сағидоллақызы Мұхамбетпаизованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
«Жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтендіру бойынша жол картасының іске асырылу барысы туралы» мәселесі бойынша жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Жеткергенұлы Күнтуов баяндады.

Read more