Мамыр 2019

Бейсенбі, 16 Мамыр 2019

Депутат ардагерлері құттықтады

160519Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Д.А.Довматенко Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек майданының қатысушыларын Жеңістің 74 жылдығымен құттықтады.

Read more

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс Күнімен құттықтады

Ақтөбе облыстық мәслихаттың №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Ни Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс Күнімен құттықтады! Береке, қуаныш пен жақсылық тілеп, жыл бойына ақысыз азық-түлік алуға сертификаттар табыс етті.

Read more

Ұлы Жеңіс күніне арналған мереке

Ұлы Жеңіс күніне орай облыстық мәслихаттың депутаты С.В.Вишняк далалық әскери ас үй, музыкалық бағдарлама ұйымдастырып, мерекелік іс-шара өткізді. Депутат ардагерлерді мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Read more

Бейсенбі, 09 Мамыр 2019

Құрметті Ақтөбеліктер!

9mayaСіздерді Ұлы Жеңіс Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың нышаны. Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен қасиетті, мәртебесі биік мереке.
Ұлы Жеңіс жолында батырлық пен қайсарлық танытқан ардагерлерімізге, бүгінгі бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да осы Ұлы Жеңістің жемісі.
Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз.
Мерейлі мереке күні, Сіздерге зор денсаулық, шаңырағыңызға шаттық, береке-бірлік тілеймін!
Әрқашанда аспанымыз ашық болып, егеменді еліміздің тыныштығы бұзылмасын!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова

Read more

Сейсенбі, 07 Мамыр 2019

Құрметті Ақтөбеліктер!

7mayaСіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқандарын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, еліміздің мәртебесі биіктей берсін!

Ізгі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова

 

Read more

Сәрсенбі, 01 Мамыр 2019

Құрметті Ақтөбеліктер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын.
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы!
Бұл күні баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, зор денсаулық, бақыт пен молшылық тілеймін!
Отбастарыңызда әрқашанда береке-бірлік болсын!

Ізгі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31