Наурыз 2019

Бейсенбі, 28 Наурыз 2019

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі

280319Бүгін 34 азаматтық қоғам мүшесінен тұратын Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Б.Ә.Баймағамбетов сайланды. Сонымен қатар отырыс барысында 5 комиссияның төрағалары сайланды, олар: Е.А.Құрманғазин - бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөнінде, А.А.Садықов - құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөнінде, Е.К.Еспағамбетов -экология, табиғатты пайдалану, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы жұмыс жөнінде, Б.Қ.Қалмағамбетов - әлеуметтік-мәдени даму жөнінде, С.Ж.Барышев - заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөнінде.

Read more

Сейсенбі, 26 Наурыз 2019

Құрметті ақтөбеліктер!

nauryz2019Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – көктемгі жаңарудың, ақпейіл мен татулықтың мерекесі. Кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен ынтымақтың мерекесі.
Көктемнің шуағымен келген Ұлыстың Ұлы күні әр отбасына шаттық, құт-береке, сәттілік және ырыс әкелсін!
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға бейбіт өмір, бақыт пен қуаныш сыйласын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен жақсылық тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова

Read more

Сейсенбі, 19 Наурыз 2019

«Наурыз-думан» мерекелік шарасы

19031918 наурызда «Жұбановтар әлемі» мәдени орталығында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» мерекелік шарасы өткізілді. Мерекелік шара барысында концерт қойылып, Наурыз көже мен бауырсақ таратылып, азық-түлік алуға сертификаттар табысталды.

Read more

Сәрсенбі, 13 Наурыз 2019

С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

130319-22019 жылғы 13 наурызда облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

130319Бүгін облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріжөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары С.Г.Ерғалиев депутаттар алдында «Тарифтерді төмендету бойынша шаралар туралы (электр қуаты, көмір, жылу-, су-, газбен жабдықтау, кәріз құбыры, телефон байланысы, интернет, лифттердің қызмет көрсетуі, қоқыс шығару және т. б.)» мәселесі бойынша хабарлама жасады.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.

Read more

Сәрсенбі, 06 Наурыз 2019

Қымбатты ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы арулар!

8marchСіздерді 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Шұғыла көктем мерекесі көңіліңізге қуаныш, бақыт сыйлап, жүзіңізге нұрын шашсын.
Қашанда сыйлы, сүйікті және қадірлі болыңыз!
Әрдайым күннің шуағындай жадырап, жақындарыңыздың мейірімі мен махаббатына бөленіңіз. Барлық үміттеріңіз бен армандарыңыз орындалсын.
Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, игілік пен береке тілеймін!

Мерекелеріңізбен!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова

Read more

Сейсенбі, 05 Наурыз 2019

Облыстық мәслихаттың кезекті XXІХ сессиясының баспасөз-хабарламасы

0503192019 жылғы 01 наурызда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясының жалпы отырысы №24 Ембі сайлау округінен депутат Такталифум Сәдуұлы Есенғұловтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин, облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
Сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан және Ақтөбе қалалық мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more