Сейсенбі, 26 Наурыз 2019

Құрметті ақтөбеліктер!

nauryz2019Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – көктемгі жаңарудың, ақпейіл мен татулықтың мерекесі. Кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен ынтымақтың мерекесі.
Көктемнің шуағымен келген Ұлыстың Ұлы күні әр отбасына шаттық, құт-береке, сәттілік және ырыс әкелсін!
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға бейбіт өмір, бақыт пен қуаныш сыйласын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен жақсылық тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова

Read more