Дүйсенбі, 11 Ақпан 2019

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

110219Бүгін облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында депутаттар атаулы әлеуметтік көмек туралы мәселені қарады. Аталған мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.О.Отаров хабарлама жасады.
Депутаттар сұрақтар қойып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша мониторинг жүргізу, атаулы әлеуметтік көмекті есептеу үшін шекті деңгей нормаларын, ең төменгі күнкөріс мөлшерін есептеу әдістемесін қайта қарау, мемлекеттік әлеуметтік көмекті тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, стипендияларды және біржолғы сипаттағы көмекті есепке алмай есептеу, бала күтімі бойынша жәрдемақыларды төлеуді 3 жасқа дейін ұзарту, көп балалы отбасыларды қолдау қажеттілігі туралы ұсыныстар жасады.

Read more