Қараша 2018

Бейсенбі, 29 Қараша 2018

С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2911182018 жылғы 28 қарашада облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Сәрсенбі, 28 Қараша 2018

Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

2811182018 жылғы 27 қарашада депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста «Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы» және «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселелері қаралды. Мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы Н.С.Қалауов хабаралама жасады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Д.А.Довматенко облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының 2018 жылда атқарған жұмысы туралы хабарлама жасады.

Read more

Сейсенбі, 27 Қараша 2018

Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы

271118Бүгін «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы туралы» мәселесін қарау бойынша облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығындардың жобалары бойынша облыстың ішкі істер департаментінің бастығы, энергетика және коммуналдық-шаруашылық пен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары хабарлама жасады.
Талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Read more

Жұма, 23 Қараша 2018

Баспасөз хабарламасы

2311182018 жылғы 23 қарашада «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы туралы» мәселесін қарау бойынша облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік - мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияларының мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more

Сәрсенбі, 21 Қараша 2018

Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияларының отырысы

2111182018 жылғы 20 қарашада «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы туралы» мәселені қарау үшін облыстық мәслихаттың Жұмыс тобы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығындардың жобалары бойынша денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларының басшылары, төтенше жағдайлар департаменті басшысы хабарлама жасады.
Талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Read more

Бейсенбі, 15 Қараша 2018

Құрметті қаржы саласының мамандары!


denvalutyСіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні мен қаржы саласы мамандарының кәсіби мерекесі күнімен құттықтаймын!
Осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары алғаш рет жаңа ұлттық валюта – төл теңгені қолына алған еді.
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі Тәуелсіздік жылдарында құрылғаннан бастап негізгі халықаралық қаржы институттарының мойындауына дейін күрделі жолдан өтті.
Мұның бәріне еліміздің қаржы саласындағы мыңдаған жұмысшылардың еңбегімен қол жеткізілді. Бүгінде қаржыгер дегеніміз – ірі қаржы операциясын заң негізінде жүзеге асыратын заманауи маман.
Сондықтан адалдығымен, жауапкершілігімен, біліктілігімен, бюджеттік және салықтық заңнаманы жетік білетіндігімен ерекшеленетін қазақстандық қаржы жүйесіндегі мамандар еңбегін айтпай кетуге болмайды.
Қазақстанның қаржы саласында қызмет ететін барлық мамандарын бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасы амандығы мен рухани байлық тілеймін!

Құрметпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова

Read more

Жұма, 09 Қараша 2018

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясының баспасөз хабарламасы

0911182018 жылғы 09 қарашада облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының жалпы отырысы №19 Байғанин сайлау округінен депутат Әсел Серікқызы Сарманованың төрағалық етуімен өтті.
Сессияға Қоғамдық Кеңестің мүшелері,облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан және Ақтөбе қалалық мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Олжас Мұхтарұлы Смағұлов қатысты.

Read more

Бейсенбі, 08 Қараша 2018

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы 2018 жылғы 09 қарашада сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. №23 Қандыағаш сайлау округі және №29 Хромтау сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы.

Хабарламашы: Г.Н.Күнбаева - облыстық сайлау
комиссиясының төрайымы

2. Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

3. «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы

4. С.Ш.Орынбаевты Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі етіп тағайындау туралы.

5. М.Т.Райымқұловты Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі етіп тағайындау туралы.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2018 жылғы 09 қарашада сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық

мәслихаттың хатшысы С.Қалдығұлова

Read more

«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы туралы» мәселені қарау үшін облыстық мәслихаттың Жұмыс тобы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

081118-12018 жылғы 8 қарашада «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы туралы» мәселені қарау үшін облыстық мәслихаттың Жұмыс тобы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығындардың жобалары бойынша ақпараттандыру және сыртқы байланыстар, жастар ісі жөніндегі, ішкі саясат, еңбек инспекциясы жөніндегі, тілдерді дамыту жөніндегі, дін істері жөніндегі, дене шынықтыру және спорт, қаржы басқармаларының басшылары, Тексеру комиссиясының төрағасы хабарлама жасады.
Талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Read more

Сәрсенбі, 07 Қараша 2018

Облыстық мәслихаттың хатшысы азаматтарды әлеуметтік мәселелері, дәрілік препараттарды беру және басқа да мәселелер бойынша қабылдады

071118-22018 жылғы 07 қарашада облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды әлеуметтік мәселелері, дәрілік препараттарды беру және басқа да мәселелер бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more