Мамыр 2018

Сенбі, 19 Мамыр 2018

Облыстық мәслихат депутаттарының, облыстық басқармалар және департамент басшыларының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясы 2018 жылғы 22 мамырға сағат 15.00-ге (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі.

1) 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасы.

Баяндамашы: Г.Р. Сүйінтаева - қаржы басқармасының басшысы

2) 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.

Баяндамашы: С.Еңсегенұлы - Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

Хабарламашы: Қ.І.Сарсембай - ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

3. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 08 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: О.М.Смағұлов - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
4. Басқа да мәселелер.
Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2018 жылғы 22 мамырда сағат 15.00-де электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық

мәслихаттың хатшысы
С.Қалдығұлова

 

Read more

Бейсенбі, 17 Мамыр 2018

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 17 мамырда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова.

Read more

Жұма, 11 Мамыр 2018

Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша семинар

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқытудан өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша семинар өткізді. Семинар барысында ХҚКО-да және мемлекеттік органдарында кезекте тұрмай, қажетті мемлекеттік қызметтер алуға болатыны туралы түсініктемелер берілді.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 11 мамырда, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақтағанұлы Биахметов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Бейсенбі, 10 Мамыр 2018

«Менің әкем» байқауы

Облыстық мәслихаттың депутаттары «Менің әкем» атты байқауының қатысушыларын «Қамқор әке» номинациясында құттықтап, оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Read more

Бір мемлекеттік қызметші - бір ағаш

Облыстық мәслиxатының депутаты Әсел Серікқызы Сарманова «Бір мемлекеттік қызметші - бір ағаш» акциясына қатысып, Байғанин ауданының орталық саябығында мемлекеттік қызметшілермен бірігіп жас ағаш көшеттерін отырғызды.

Read more

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс Күнімен құттықтады

Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаты Аркадий Юрьевич Ни Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс Күнімен құттықтады. Барлығына береке, қуаныш пен жақсылық тілеп, мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31