Желтоқсан 2017

Жұма, 29 Желтоқсан 2017

Облыстық мәслихаттың депутаттары Аяз Атамен бірге кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, ізгі тілекпен балаларды келе жатқан 2018 Жаңа жылмен құттықтап, барлығына тәтті сыйлықтар табыс етті

Облыстық мәслихаттың депутаттары Аяз Атамен бірге кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, ізгі тілекпен балаларды келе жатқан 2018 Жаңа жылмен құттықтап, барлығына тәтті сыйлықтар табыс етті.
Сонымен бірге, Жаңа жыл қарсаңында облыстық мәслихат еңбек ардагерлерін, зейнеткерлерді және Ақтөбе облысының Құрметті азаматтарын құттықтады.
Оларға да ізгі ниетпен және құрметпен мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

Read more

Дүйсенбі, 25 Желтоқсан 2017

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2017 жылғы 22 желтоқсанда Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша тұрғындарды қабылдады.
Жеке қабылдауда болған тұрғындардың мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылданып, тиісті органдарға жолданды, қажетті түсініктемелер берілді.

Read more

Дүйсенбі, 11 Желтоқсан 2017

Облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 08 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, оның орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасап, 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері туралы айтты.

Read more

Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2017

Облыстық мәслихат депутаттарының, облыстық басқармалар және департамент басшыларының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

 

Облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы 2017 жылғы 08 желтоқсанда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

 

Read more

Сәрсенбі, 06 Желтоқсан 2017

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова «Д.А.Р.» волонтерлер клубының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға қатысты

«Д.А.Р.» волонтерлер клубы 2007 жылғы 5 желтоқсанда «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» ҚБ жанында құрылған.

Сәния Мұсақызы барлық волонтерлерді мерей тойларымен және Халықаралық еріктілер күнімен шын жүректен құттықтап, өмірдің жарқын да шуақты болуына талпынысы, риясыз көмегі мен мейірімді істері үшін Құралай Базарбайқызы Байменова мен белсенді волонтер-Абзал Жәкенді Алғыс хаттармен марапаттады.

Read more

2017 жылғы 6 желтоқсанда облыстық мәслихатта,депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалардың басшылары қатысты.«Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселе бойынша Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев хабарлама жасады. Сонымен қатар «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» мәселе қаралды.

Read more

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы - Татьяна Ивановна Барадулинаны 80 жас мерейтойымен құттықтады

Т.И.Барадулина алғашқы кәсіби білімін Ақтөбе педагогикалық училищесінде алған. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық мектеп-интернатында мұғалім-тәрбиеші болып бастаған. Комсомолдық кезеңде - Қазақстанның ЛКЖО Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Ақтөбе қалалық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарып, көптеген жылдар бойы идеология мәселелеріне жетекшілік еткен.

 

Read more

2017 жылғы 05 желтоқсанда құрамында Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауданың проблемалық орындарын тексерді

2017 жылғы 05 желтоқсанда құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық және қалалық кәсіпкерлік басқармасының, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары бар, бейберекет сауда орындарын анықтау және жою бойынша Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауданың проблемалық орындарын тексерді. Тексеру қорытындылары бойынша Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауда орындарын жою бойынша ұсыныстар берілді.

Read more

Дүйсенбі, 04 Желтоқсан 2017

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ақтөбе облыстық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысына комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық басқарма басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және Ілияс Сапарбекұлы Испанов қатысты.
«Ақтөбе облысы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі туралы» және «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселелер бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы - О.М.Смағұлов хабарлама жасады.

Read more

Сенбі, 02 Желтоқсан 2017

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 30 қарашада облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасады.
2018-2020 жылдарға облыстық бюджеттің негізгі параметрлері:

Read more