Сәрсенбі, 06 Желтоқсан 2017

2017 жылғы 6 желтоқсанда облыстық мәслихатта,депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалардың басшылары қатысты.«Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселе бойынша Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев хабарлама жасады. Сонымен қатар «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» мәселе қаралды.

Read more

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы - Татьяна Ивановна Барадулинаны 80 жас мерейтойымен құттықтады

Т.И.Барадулина алғашқы кәсіби білімін Ақтөбе педагогикалық училищесінде алған. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық мектеп-интернатында мұғалім-тәрбиеші болып бастаған. Комсомолдық кезеңде - Қазақстанның ЛКЖО Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Ақтөбе қалалық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарып, көптеген жылдар бойы идеология мәселелеріне жетекшілік еткен.

 

Read more

2017 жылғы 05 желтоқсанда құрамында Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауданың проблемалық орындарын тексерді

2017 жылғы 05 желтоқсанда құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық және қалалық кәсіпкерлік басқармасының, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары бар, бейберекет сауда орындарын анықтау және жою бойынша Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауданың проблемалық орындарын тексерді. Тексеру қорытындылары бойынша Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауда орындарын жою бойынша ұсыныстар берілді.

Read more