Қараша 2017

Бейсенбі, 30 Қараша 2017

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2017 жылғы 29 қарашада Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - Сәния Мұсақызы Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді және құзырлы органдарға хаттар жолданды.

Read more

Сәрсенбі, 29 Қараша 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 27 қарашада облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Жеңіскүл Сағидоллақызы Мұхамбетпаизованың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, әділет департаментінің, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №171 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиев хабарлама жасады.

Read more

Жұма, 24 Қараша 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 23 қарашада облыстық мәслихатта, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы Испанов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің, коммуналдық кәсіпорындардың, пәтер иелері кооперативтерінің басшылары, тазалықпен айналысатын ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Бейсенбі, 16 Қараша 2017

Тұрғындардың және барлық мүдделі тұлғалардың назарына!

«Табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) реттеу бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің қызметі туралы» мәселе бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы түріндегі көпшіліктік тыңдау 2017 жылғы 17 қарашада сағат 10.00-де облыстық мәслихаттың мәжіліс залында (201 бөлме) өтетіндігін хабардар етеміз.

Read more

Сәрсенбі, 08 Қараша 2017

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2017 жылғы 8 қарашада Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - Сәния Мұсақызы Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үйлердің санитарлық жағдайы, тұрғындардың қоғамдық тәртіпті сақтауы және тағы да басқа мәселелерді қозғады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді және құзырлы органдарға хаттар жолданды.

Read more

«Нұр Отан» партиясы АОФ Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2017 жылғы 7 қарашада облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы АОФ Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы – Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
«2017 жылдың 10 айына партияның облыстық филиалының қызметінің қорытындылары туралы» «Нұр Отан» партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі А.Қ.Есіркепов баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері сөз сөйледі.

Read more

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 14 сессиясы жалпы отырысының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 06 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясының жалпы отырысына №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазина төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібін қарауға дейін, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұловаға, №28 Қобда сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған Хайдар Жадитұлы Ілиясовты Облыс әкіміне, депутаттық корпусқа және барлық қатысушыларға таныстырып, оған депутаттық куәлік пен төс белгіні тапсырды.

Read more

Жұма, 03 Қараша 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 03 қарашада облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Тулегенованың төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасады.
Бюджеттің орындалуы бойынша жүргізілген бюджеттік мониторинг нәтижесінде және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарымен анықталған үнемделген қаражатты қайта бөлу есебінен 3 млрд. 473 млн. 847 мың теңге қаражатқа облыстық бюджетті нақтылау ұсынылады.

Read more

Сәрсенбі, 01 Қараша 2017

Облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар және департамент басшыларының назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясы 2017 жылғы 06 қарашада сағат 15.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.           

 

К ү н   т ә р т і б і:

 

            1. «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

                          Хабарламашы: О.М.Смағұлов - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

                                                          

2. «Облыс әкімдігінің дербес құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 25 тамыздағы №410 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

Read more