Жұма, 03 Қараша 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 03 қарашада облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Тулегенованың төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасады.
Бюджеттің орындалуы бойынша жүргізілген бюджеттік мониторинг нәтижесінде және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарымен анықталған үнемделген қаражатты қайта бөлу есебінен 3 млрд. 473 млн. 847 мың теңге қаражатқа облыстық бюджетті нақтылау ұсынылады.

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30