Жұма, 08 Қыркүйек 2017

Облыстық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы Ақтөбе облыстық мәслихатының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты облыстық сайлау комиссиясының шығып қалғанының орнына бір мүшесінің сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2017 жылғы 07 қыркүйек пен 07 қазан аралығында облыстық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:

Read more

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының баспасөз-хабарламасы

2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов хабарлама жасады.

Read more

Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназияның ата-аналар комитеттерінің жиналысында Қамқоршылық кеңес құру мәселесі қаралды

2017 жылғы 05 қыркүйекте өткен, Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназияның ата-аналар комитеттерінің жиналысында Қамқоршылық кеңес құру мәселесі қаралды. Қамқоршылық кеңес 7 адамнан құрылды, құрамына ата-аналар комитеттерінің, мектепті басқару органдарының өкілдері, әлеуметтік әріптестер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және демеушілер кірді.
Қамқоршылық кеңестің жұмысының негізгі мақсаты: орта мектептің оқушылары мен педагогикалық ұжымына, олардың білім беру-оқыту бағдарламаларын табысты іске асырулары үшін қажетті жағдайлар жасау, спорттық-бұқаралық және мәдени-көпшілік шараларды өткізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға ықпал ету (ғимаратты, аумақты және т.б. абаттандыру және жарақтандыру), білім мекемесін дамыту және білім мекемесінің оқушыларының, тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету үшін бюджеттен тыс қаражаттар тарту.

 

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30