Тамыз 2017

Жексенбі, 13 Тамыз 2017

Облыстық мәслихаттың және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен кезекті он екінші сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 14 тамызда облыстық мәслихаттың және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен кезекті он екінші сессиясының жалпы отырысы №9 Сейфуллин сайлау округінен депутат Ғалымжан Алмасбекұлы ЕЛЕУОВТІҢ төрағалық етуімен өтті.
Сессияның жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев және облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
Сонымен қатар, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more

Бейсенбі, 10 Тамыз 2017

Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Комиссия отырысында «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселеқаралып, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов хабарлама жасады. Облыстық бюджетті 1 млрд. 413 млн. 42 мың теңгеге нақтылау ұсынылады.
Аталған қаражатты, атап айтқанда, мынадай бағыттарға қайта бөлу ұсынылады, 105 дана автобус сатып алуға, Ақтөбе қаласындағы 1,2,5,7 класс оқушылары үшін оқулықтар сатып алуға, Ақтөбе қаласындағы индустриалдық аймақтағы алаңнан тыс желілерді жаңғыртуға, өткен су тасқынына байланысты, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мемлекеттік міндеттемелерді орындауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызды шығыстарға.

Read more

Сейсенбі, 08 Тамыз 2017

Облыстық мәслихат депутаттары, облыстық департамент және басқармалар басшыларының назарына

2017 жылғы 14 тамызда сағат 11.00-де облыстық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясы (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, екінші қабат, 201 бөлме) өткізіледі.

Күн тәртібі:

1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың есебі туралы.

2. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылдың 1 жартыжылдығына есебі.

Хабарламашы: Қ.С.Жақсығалиев - Ақтөбе облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы

3. Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы.

Хабарламашы: А.Н.Жекеев - жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбарасы

4. Басқа да мәселелер.

Облыстық мәслихаттың хатшысы
С.Қалдығұлова

Read more

Дүйсенбі, 07 Тамыз 2017

Облыстық мәслихатта депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдсабекұлы Нұрғалиев қатысты.
Күн тәртібіндегі «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» мәселе бойынша - жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аман Наурызғалиұлы Жекеев хабарлама жасады. Осы мәселе бойынша Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы – Нұрболат Хайроллаұлы Хайруллин қосымша баяндама жасады.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 3 тамызында облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлованың төрағалық етуімен «Ақтөбе - құтты мекен» облыстық Форумын өткізу бойынша қонақ үй және көлік шаруашылықтар басшыларының қатысуымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өткізілді

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31