Бейсенбі, 31 Тамыз 2017

Құрметті үстаздар, оқушылар мен ата-аналар!

Сіздерді 1 қыркүйек Білім күнімен - жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен қүттықтаймын!
1 қыркүйек бәріміз үшін - жаңа бастамалар мен ізденістердің, шығармашылық үшқын мен жаңа идеялардың символы.
Мектеп табалдырыгын түңгыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бүл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашагына жасайтын маңызды қадам.
Мектептегі әр күн қызықты сабақтар, жаңа кездесулер және таңгажайып жаңалықтарға толы болсын!
Кадірлі достар! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін!
Оқуда да, еңбекте де алда болыңыздар!
Сіздерге бақыт, шыгармашылық табыс пен зор асулар тілеймін!

Ігі тілекпен,
Ақтөбе облыстық мәслихаттын хатшысы
С.М. Қалдыгұлова

Read more

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады. Сұрақтар жұмыспен қамту, баланы білім мекемесіне орналастыру, мүгедектікті рәсімдеу және т.б. қатысты болды.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 29 тамызда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №22 Мәртөк  сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркеповтің төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақтөбе облысындағы дене шынықтыру мен спорттың жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» мәселе бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Мейірханұлы Жүсіпов хабарлама жасады.

Read more