Сейсенбі, 29 Тамыз 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 28 тамызда облыстық мәслихатта, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Мавр Ерғалиұлы Абдуллин, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы Испанов, Қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Далабайұлы Елубаев, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Read more