2017

Жұма, 14 Шілде 2017

Сәрсенбі, 05 Шілде 2017

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірге Ақтөбе қаласындағы құрылысы нысандарында болды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Д.М.Еспаева және С.А.Симонов облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірге,«Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының шеңберінде Ақтөбе қаласындағы «Нұр сити» ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы, 41 разъездегі мектептің құрылысы нысандарында болды.
Одан басқа, депутаттар Алға қаласындағы кәріз жүйесін жаңғырту және кеңейту бойынша құрылыс-монтаждау және Алға ауданындағы мектептің құрылысы жұмыстарының барысымен танысты.

Read more

Жұма, 30 Маусым 2017

Облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 30 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының жалпы отырысына №10 Абай сайлау округінен депутат Асхат Абдрахманұлы АЙТЖАНОВ төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
Сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more

Сәрсенбі, 28 Маусым 2017

2017 жылғы 28 маусымда Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті

Сайлау бюллетеніне 2 кандидат - Ә.Ш.Ділжанов және М.С.Жұмағазиев енгізілді.
Сайлауға 194 таңдаушының 190-ы қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауды бақылауға 28 бақылаушы қатысты: 4 саяси партиялардың филиалдарының (Нұр Отан, Ауыл, Ақжол, ҚКХП), 11 қоғамдық бірлестіктердің, кандидаттардың 2 сенім білдірілген өкілдері, БАҚ 10 өкіл қатысты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің миссиясынан халықаралық бақылаушы - Малюгина Ирина Николаевна қатысты. Read more

Сейсенбі, 27 Маусым 2017

Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов хабарлама жасады.

Read more

Бейсенбі, 22 Маусым 2017

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіптік мереке – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі.
Біздің өңіріміздің нәтижелі дамуы сіздердің жоғары адамгершілік деңгейіңіз, өз қызметіңізге деген адалдығыңыз, патриоттық сезіміңіз бен заңдылықты бұлжытпай сақтауыңызға байланысты.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, халыққа арналған игілікті еңбегіңізге жетістік және кәсіби шеберлігіңіздің артуына шын жүректен тілектеспін!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы
С.М. Қалдығұлова

Read more

Сейсенбі, 20 Маусым 2017

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 19 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясының жалпы отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев қатысты.
Сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессияда ұйымдастыру мәселесі қаралды - Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің басшысы Қанат Советұлы Әлиев өз қалауы бойынша лауазымынан босату туралы облыс әкіміне өтініш жасады.

Read more

Сенбі, 17 Маусым 2017

Медицина қызметкері күні Ақтөбе қаласында Қазақтандағы алғашқы Денсаулық саябағы ашылды

Саябақтың ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы С.М.Қалдығұлова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, халықаралық медицина орталығының атқарушы директоры, Сеуль Ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті Кванг Вунг Ли, Сеуль Ұлттық университетінің бауырды трансплантациялау бөлімінің клиникалық профессоры Кьюнг Чуль Юн, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері Нина Каюпова, облыстық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.

Read more

Сәрсенбі, 14 Маусым 2017

Бүгін облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова Семкин Алексей Арсентьевичті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Бүгін облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, Қазақ КСР-нің жеті дүркін чемпионы, КСРО-ның ауыл жастары арасында Спартакиадасының (1961, 1965 жж.) екі дүркін чемпионы, КСРО халықтарының III Спартакиадасының чемпионы(1963 ж.), КСРО чемпионы, Германия, Түркия, Моңғолия, Үндістан, Куба, Польшаның балуандарымен халықаралық кездесулерде бірнеше дүркін жеңімпаз болған, еңбегі сіңген жаттықтырушы, Ақтөбе облысында еркін күрестің негізін қалаушы Семкин Алексей Арсентьевичті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Read more

Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
«Облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасы және дәрілік заттарға бағаны мониторингтеу туралы» мәселе бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Ә.Қалиев, Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Н.А.Беркімбаева және Фармация Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Ә.Құбатаев хабарлама жасады.

Read more

Сенбі, 10 Маусым 2017

Ақтөбе облысында ардагерлер ұйымының 30 жылдығын атап өтуде

Ақтөбеде облыстық ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай кеңейтілген конференция өткізілді.

​Аталған шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

​Конференция 50 ардагерді марапаттаумен аяқталды. Оларға медаль, алғыс хат және дипломдар табыс етілді.

Read more

Ақтөбе облысының аймақтық брендін анықтау бойынша Сараптау Кеңесінің отырысы

Бүгін облыстық мәслихат хатшысы С.М.Қалдығұлованың төрағалық етуімен Ақтөбе облысының аймақтық брендін анықтау бойынша Сараптау Кеңесінің отырысы өткізілді.

​Отырысқа Сараптау Кеңесінің мүшелері және «АPEX CONSULT» компаниясының өкілдері қатысты.

​Облысқа дайындалған 23 логотип талқыланды.

​«АPEX CONSULT» Арт-директоры Омарбаев Ғасыржан облыстың аймақтық брендін дайындау процессі туралы баяндады.

Read more

Жұма, 09 Маусым 2017

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама

Шығып қалғандардың орнына Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына жаңа мүшелерді қосу жөніндегі Жұмыс тобы, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі;

Read more

Шығып қалғандардың орнына Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына жаңа мүшелерді қосу жөніндегі Жұмыс тобының құрамы

 

ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Сәния Мұсақызы

облыстық мәслихаттың хатшысы, жұмыс тобының төрағасы

АЙТҚАЛИЕВ

Тимур Владимирұлы

облыстық мәслихат аппаратының басшысы, жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері:

ЕЛУБАЕВ

Қуаныш Далабайұлы

Қоғамдық кеңестің төрағасы

АЙЖАРЫҚОВ

Түрікпенбай Жұбанұлы

Қоғамдық кеңестің мүшесі

ЕСПАҒАМБЕТОВ

Келдібай Еспағамбетұлы

Қоғамдық кеңестің мүшесі

 

Read more

Бейсенбі, 08 Маусым 2017

Баспасөз хабарламасы

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі Елбасының тапсырмасын іске асыру шеңберінде, «Сәби» қорының қолдауымен Ақтөбе қаласында, жетім балалар үшін, құны 1,6 млрд теңге, 110 орындық, Қазақстанда теңдесі жоқ әлеуметтік үй ашылды.
Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, «Сәби» қайрымдылық қорының құрылтайшысы Кеңес Рақышев, «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова қатысты.

Read more

Сейсенбі, 06 Маусым 2017

Баспасөз хабарламасы

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова «Ерлік пен батырлық күні» шарасына қатысты. 2016 жылғы 5-6 маусымдағы террорлық актінің құрбандарын еске алуға арналған қаралы митинг, өткен жылы қайғылы оқиға болған, №6655 әскери бөлімде өтті.

Сол күндері қаза тапқандарды еске алуға және гүл шоқтарын қоюға олардың туыстары, достары, Ақтөбе қаласының тұрғындары келді.

Еске алу шарасын облыс әкімі Б.Сапарбаев ашты.

Қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Әскери борыштарын өтеу барысында қаза тапқан, әскери қызметшілердің тізіміне мәңгілікке енгізілгендігі туралы естелік бұрышы ашылды.

Read more

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017

Баспасөз хабарламасы

Депутаттар С.М.Қалдығұлова, С.В.Вишняк, Ғ.А.Елеуов, «Мұғалім» репетиторлық мектебінің үздік оқушыларына «ЭКСПО-2017» көрмесіне кіру билеттерін табыс етті.

Read more

Сейсенбі, 30 Мамыр 2017

Облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 30 мамырда өткен облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының жалпы отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
Сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more

Бейсенбі, 25 Мамыр 2017

Облыстық мәслихаттың депутаттары түлектерді құттықтады

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова №17мектеп-гимназияның салтанатты жиынына қатысты. Депутат Г.Қ.Ергазина №56мектепте, депутат Ғ.М.Латыпов №3 Алға орта мектебінде болып, түлектерді құттықтады. Байғанин ауданы Қарауылкелдi селосындағы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебiндегi соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын. Депутат Елеуов Ғ.А. №20 мектепте түлектерің құттықтады.

Read more

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 24 мамырда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақтағанұлы Биахметов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі» мәселесі бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы С.Енсегенұлы хабарлама жасады.

 

Read more

Сейсенбі, 23 Мамыр 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 23 мамырда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен өтті.

«Ақтөбе облысында сот актілерін орындау бойынша жеке сот орындаушылар институтының жағдайы және даму келешегі туралы» мәселе бойынша Ақтөбе облысының жеке сот орындаушылар өңірлік Палатасының басшысы Жанна Бәтиғұлқызы Омарова хабарлама жасады.

Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 23 мамырда облыстық мәслихатта, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы ЕРҒАЗИНАНЫҢ төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, ауыл шаруашылығы саласының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Байдәулетұлы Аққұл хабарлама жасады.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркеповтің төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдасбекұлы Нұрғалиев, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, Ақтөбе қаласы әкімдігінің, облыстық жергілікті полиция қызметінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Жұма, 19 Мамыр 2017

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

Облыстық мәслихаттың депутаты С.Ә.Ізімбетов Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Мұғалжар ауданының Құмжарған, Батпақкөл және Жұрын ауылдық округтерінде тұратын ардагерлерге «Алға» қаласындағы «Шипагер» санаторий-профилакториясына жолдама берілді. Сонымен қатар Бірлік және Жағабұлақ ауылдарында тұратын ардагерлерге сыйлыққа тұрмыстық техникалар табыс етілді.

Read more

Сәрсенбі, 17 Мамыр 2017

«Мұғалім» репетиторлық мектебіне - 20 жыл

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова «Мұғалім» репетиторлық мектептің ұжымын, оқушылары мен ата-аналарын 20 жылдық мерейтоймен құттықтады.

Read more

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 17 мамырда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақтағанұлы Биахметов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Облыс әкімдігінің 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру туралы есебі» мәселесі бойынша қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Амандуллаұлы Өнербаев хабарлама жасады.

Read more

Сейсенбі, 16 Мамыр 2017

Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі

2016

Облыстың қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.А. Өнербаевтың «2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» баяндамасы

2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы

«2016 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы» түсіндірме жазба

Ақтөбе облысының 2016 жылғы облыстық бюджетінің орындалуы туралы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытындысы)

2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша шешімнің жобасы

Жоба шешіміне қосымша материал

 

2015

2015 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі

2015 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебі

2015 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша шешімнің жобасы

Жоба шешіміне қосымша материал

Read more

Облыстық мәслихаттың хатшысы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Мәселелер, жеңілдіктер беру, қаладағы зираттардың жағдайы, балалардың құқықтарын қорғау және т.б. қатысты болды.

Read more

Жұма, 12 Мамыр 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 12 мамырда облыстық мәслихатта, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Мұратбекұлы Бексары, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы түріндегі Депутаттық күн

Облыстық мәслихатта «Туристтік қызметті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының есебі» тақырыбында «Депутаттық күн» отырысы өткендігін, мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Депутаттық күн» жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
Облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы хабарлама жасады. Депутаттар туризмді дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады.
Басқарма басшысы туризмді дамыту бағдарламасына, туристтік нысандардың қолжетімділігін жақсарту және туризм инфрақұрылымдарын дамыту, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, туристтік нысандардың құрылысы және жаңғырту мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Read more

Хабарландыру

«Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - Сәния Мұсақызы Қалдығұлова 2017 жылғы 16 мамырда азаматтарды қабылдау жүргізеді.
Қабылдау жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекен-жайында (облыс әкімдігінің ғимараты) №208 бөлмеде өткізіледі.
Байланыс телефоны: 8/7132/56-37-13»

Read more

Баспасөз хабарламасы

Облыстық мәслихатта «Туған жерге – тағзым» республикалық акциясы аясындағы «Ақтөбе – құтты мекен» Ақтөбе облыстық форумыныңұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Л.А.Уразбаева «Ақтөбе жерлестерін шақырады» интернет сайтын дайындау және ашу мәселесі бойынша хабарлады.
«Шамшырақ-Ақтөбе»ЖШС директоры Р.С.Отыншин редакциялық кеңестердіқұру және «Ақтөбе облысына 85 жыл», «Ақтөбе – құтты мекен» энциклопедияларын шығарубойынша хабарлама жасады.

Read more

Баспасөз хабарламасы

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова облыс басшылығының атынан медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, құттықтау қағаздарымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға сертификаттарды табыстады.

Read more

Баспасөз хабарламасы

Бүгін, Ақтөбе облысындағы іскер әйелдердің бірінші бизнес-форумы өтіп, қазіргі қоғамдағы әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту келешегі талқыланды. Бизнес-форумның жұмысынаоблыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017

Баспасөз хабарламасы

Бүгін облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті. Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова облыстық мәслихат депутаттарының атынан Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тапсырды.

Read more

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017

Медицина және фармацевтика саласының ардагері Асылбек Темірұлы Санатов 80-ге толды

Зор денсаулық, береке және ұзақ ғұмыр тілей отыра, облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова және облыс әкімі аппаратының басшысы А.А.Әмірғалиев мерейтой иесін құттықтап, облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Read more

Бейсенбі, 20 Сәуір 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 20 сәуірде облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Сабырұлы Жұмағазиев, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «2017 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша атқарушы органдардың жұмыстары туралы» мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының м.а. Қ.І.Сарсембай хабарлама жасады.

Read more

Дүйсенбі, 17 Сәуір 2017

Щегельский Всеволод Анатольевич

Щегельский на сайт
Щегельский Всеволод Анатольевич
№5 Берсиев сайлау округінен депутат

Read more

Ни Аркадий Юрьевич

Ни на сайт
Ни Аркадий Юрьевич
№1 Жамбыл сайлау округі

Read more

Болатов Асқар Іскендірұлы

Булатов на сайт
Болатов Асқар Іскендірұлы
№6 Ақтөбе сайлау округінен депутат

Read more

Айтжанов Асхат Абдрахманұлы

Айтжанов на сайт

Айтжанов Асхат Абдрахманұлы
№10  Абай округінен депутат

Read more

Жұма, 14 Сәуір 2017

Баспасөз хабарламасы

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында, депутаттар «Облыста индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы» мәселені қарады.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Е.А.Назаров, кәсіпкерлік басқармасының басшысы А.Н.Даржанова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Қ.Бисенғалиева хабарлама жасады.

 

Read more

Бейсенбі, 13 Сәуір 2017

Вишняк Сергей Викторович

Вишняк на сайт
Вишняк Сергей Викторович

№6 Жанузаков сайлау округінен депутат

Read more

Жұма, 07 Сәуір 2017

Сенбі, 18 Наурыз 2017

Ізимбетов Сәлім Амирадинұлы

Изимбетов на сайт
Ізимбетов Сәлім Амирадинұлы
№23 Жұрын сайлау округінен депутат Read more

Сәрсенбі, 15 Наурыз 2017

Сарманова Әсел Серікқызы

Сарманова на сайт
Сарманова Әсел Серікқызы
№19 Байғанин сайлау округінен депутат

Read more

Сағналин Нұрлан Шымбайұлы

Сагналин на сайт
Сағналин Нұрлан Шымбайұлы
№18 Алға сайлау округінен депутат

Read more

Баспасөз хабарламасы

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімерекесімен, кеңес уақытында облысқа танымал болғанжәне шопан-әйел Күләш Оразалинаны облыстық мәслихаттың атынан инспекторГүлнар Нысанқызы Күнбаевақұттықтады. Оразалина Күләш – «Еңбек Қызыл Ту» орденінің, «Құрмет белгісі» орденінің кавалері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-ші шақырылымының депутаты, Қазақстан Компартиясы ХV съезінің делегаты, «Қарлығаш» комсомол-жастар қой өсіру бригадасы оның қарауымен 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасады. Read more

Жұма, 03 Наурыз 2017

8 кезектi сессия материалдар

Облыстық мәслихаттың кезекті сегізінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2016 жылға оның қызметін бағалау

Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың жағдайы мен келешегі туралы

2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы

«Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 3 маусымдағы №29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің дербес құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 7 тамыздағы №335 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Облыс әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 30 қыркүйектегі №116 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі №48 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Ақтөбе облысының терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 14 тамыздағы №154 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

№11 Сазды сайлау округінен депутат С.М.Қалдығұлованың депутаттық сауалы туралы

№8 Пацаев сайлау округінен депутат Д.А.Довматенконың депутаттық сауалы туралы

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі мен төрағасы туралы

Read more

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 03 наурызда өткен облыстық мәслихаттың кезекті сегізінші сессиясының жалпы отырысына №12 Ауыл шаруашылығы сайлау округінен депутат Асқар Аманбайұлы САДЫҚОВ төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары және облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Далабайұлы Елубаев қатысты.

Read more

Бейсенбі, 02 Наурыз 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 01 наурызда №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Read more

Сәрсенбі, 01 Наурыз 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 28 ақпанда облыстық мәслихатта, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы ЕРҒАЗИНАНЫҢ төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 28 ақпанда облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлованың тұрғындармен кездесуі өтті.
Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлованың тұрғындармен кездесуіне Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінің, пәтерлер иелері кооперативтерінің, учаскелік полиция инспекторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Жұма, 24 Ақпан 2017

Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы


Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
№7 Зауыт сайлау округінен депутат

Read more

Садықов Асқар Аманбайұлы

Садыков на сайт
Садықов Асқар Аманбайұлы
№ 12 ауылшаруашылық округі

Read more

Итеғұлов Марат Серғазыұлы

Итегулов на сайт
Итеғұлов Марат Серғазыұлы
№4 Мясоедов сайлау округінен депутат

Read more

Ұразқулов Мағауия Амантайұлы

Уразкулов на сайт
Ұразқулов Мағауия Амантайұлы
№30 Мәртөк сайлау округінен депутат

Read more

Ыбраев Асан Сағынғалиұлы

Ибраев на сайт
Ыбраев Асан Сағынғалиұлы
№15 Заречный сайлау округінен депутат

Read more

Ержанов Бахытжан Ұлжабайұлы

Ержанов на сайт

Ержанов Бахытжан Ұлжабайұлы

№31 Шалқар сайлау округінен депутат

Read more

Бейсенбі, 23 Ақпан 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 22 ақпанда, «Нұр Отан» партиясы АОФ ғимаратында, «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Е.А.Досаевтың қатысуымен облыс әкімі Б.М.Сапарбаев өңірдің кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Кездесу жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және депутаттар қатысты.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 22 ақпанда сағат 11.00-де Теннис бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (Теннис орталығы) ғимаратында өткен, облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың халықпен кезекті есептік кездесуіне облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және депутаттар қатысты.

Read more

Ақтөбе облыстық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясы 2017 жылғы 03 наурызда өтеді

Ақтөбе облыстық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясы 2017 жылғы 03 наурызда сағат 10.00-де, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, облыс әкімдігі ғимараты, 2 қабат, 201 бөлме, облыстық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.

Күн тәртібі:

1. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2016 жылға оның қызметін бағалау.

Баяндамашы: Қ.С.Әлиев – Ақтөбе облысының жергілікті полиция қызметінің басшысы

2. Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың жағдайы мен келешегі туралы.

Баяндамашы: С.Т.Төленбергенов - құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

3. Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы.

4. «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Р.Ә.Айдашева –экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

5. Басқа да мәселелер.

Read more

Сәрсенбі, 22 Ақпан 2017

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 20 ақпанда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Read more

Бекеев Марал Мұңсызбайұлы

Бекеев  на сайт
Бекеев Марал Мұңсызбайұлы
№29 Хромтау сайлау округінен депутат

Read more

Жұма, 10 Ақпан 2017

Баспасөз хабарламасы

Бүгін Ақтөбе облыстық мәслихатында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Г.А.Щегельскиймен және А.С.Платоновпен кездесу өтті.
Кездесуді Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова ашты. С.М.Қалдығұлова өзінің сөзінде, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын еліміздің түпкір-түпкірінде кеңінен түсіндіру шаралары ұйымдастырылып жатырғандығына тоқталды.
Ақтөбе облысының барлық аудандары мен елді мекендерінде де Жолдауды талқылауға арналған жұмыстар жүргізілуде. Облысымызда екінші ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен кездесулер өткізіліп жатыр.

Read more

Бейсенбі, 09 Ақпан 2017

Баспасөз хабарламасы

 

2017 жылғы 08 ақпанда, №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттыңқұрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегітұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, «Актюбгражданпроект» ӨК-нің, Ақтөбе қаласындағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 09 ақпанда, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2016 жылға оның қызметін бағалау» туралы мәселе бойынша Ақтөбе облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.С.Әлиев хабарлама жасады.

 

Read more

Сейсенбі, 31 Қаңтар 2017

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Құрметті қазақстандықтар!

Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын.

Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.

2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.

Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.

Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.

«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды.

Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.

Қымбатты отандастар!

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.

Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды.

Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.

Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.

Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек қой.

Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды.

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз.

Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.

Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын.

Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек.

Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс.

Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.

Үкіметке «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруды тапсырамын. Ол әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуға тиіс. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым және салық жеңілдіктерін, оңайлатылған виза мен еңбек режімін қоса алғанда, қолайлы жағдай керек.

Біз жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Алатау» иннновациялық технологиялар паркі базасында өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуетімізді дамытуымыз керек.

Екінші кешенді міндет. Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.

Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.

Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек.

Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс.

Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер.

Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын.

Екінші. Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек.

Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр.

Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек.

Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тапсырамын. Оған бизнес қоғамдастығының өкілдері кіруге тиіс.

Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стретегиясын әзірлеуі керек.

Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажет. «Астана» халықаралық қаржы орталығы ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуда маңызды рөл атқаруға тиіс.

Біз тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керек. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн.

Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді. Нақты жұмыс істеу қажет.

Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт.

Қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтауды тапсырамын.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның өз Инвестициялық стратегиясы болуға тиіс. Үкімет оны биылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлеуі керек.

Халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, ең алдымен, ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы Экономикалық белдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты. Ол үшін экономикалық дипломатия жұмысын қайта құрып, жандандыра түсу қажет.

Үшінші. Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс.

Әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейту керек. Минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу керек.

Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс.

Жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырамын.

*****

Төртінші. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор.

Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс.

Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет пен әкімдерге мынадай тапсырмалар беремін:

біріншіден, субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу қажет;

екіншіден, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек;

үшіншіден, өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру қажет;

төртіншіден, еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету керек;

бесіншіден, жерді пайдалану тиімділігін арттыруға тиіспіз. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет;

алтыншыдан, өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керек.

Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырамын.

Бұл міндеттер агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.

*****

Бесінші. Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі.

Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет.

Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін:

- контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін;

- жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырамын.

Транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе – жылына 4 миллиард долларға дейін көбейту қажет.

2015 жылы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін толық ақтады.

Биыл республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.

Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет.

Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі – автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет.

Алтыншы. Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Ол отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс.

Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздың ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар.

Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан. Соның бірі – «Даму» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттің субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты бойынша қайта пайдаланылады.

Әкімдіктер халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй бөлу ісін дамыта беретін болады. Жаппай тұрғын үй құрылысы үшін әкімдер тиісті жер телімдерін бөлуге тиіс.

Біз қалаларда жеке тұрғын үйлердің бірыңғай сәулет стилінде салынуына мән беретін боламыз. Бұл үшін мемлекет қажетті инфрақұрылым тұрғысынан көмек көрсетеді.

Үкімет әкімдермен бірлесіп, үлкен қалалардың іргелес орналасқан елді мекендермен көлік байланысын дамыту жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Үшінші кешенді міндет – еңбек нарығын жаңғырту.

Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға тиіс.

Үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырамын.

Біздің ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек.

Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлық бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн платформа қалыптастыруы қажет.

Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет.

Бірінші. Менің тапсырмам бойынша Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті.

Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады.

Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек.

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс.

Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны – бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болмақ.

Екінші. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек.

Сондай-ақ, бизнестің қазіргі қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімнің жаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейді.

Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндетін жүктеймін.

Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу керек.

Бұл жұмысты әсіресе өңірлік деңгейде атқару маңызды.

Әкімдер Үкіметпен бірлесіп, Дүниежүзілік банк рейтингі негізінде өңірлерде бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту жөнінде нақты жоспарлар әзірлеу керек.

Елімізде бизнес жүргізуді жеңілдету жөнінен өңірлер мен қалалар рейтингін енгізу қажет. Біз үздіктер үшін арнаулы сыйлық тағайындаймыз. Оны жылына бір рет, Индустрияландыру күнінде табыс етеміз.

Үшінші. Мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері деңгейіне дейін төмендету экономикалық өсімге тың серпін беруге тиіс.

Бұдан бұрын 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуық кәсіпорынды қамтитын тізбе жасалған болатын. Тиісті жұмыстар атқарылуда.

Үкіметке сол тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын.

Ірі компанияларымызды ІРО-ға дайындау және оған бейімдеу ісін де жеделдету керек. Yellow Pages қағидаттарын енгізу мемлекет үшін экономикадағы қызмет түрлерін 47%-ға (652-ден 346-ға) қысқартуға мүмкіндік берді.

Келесі кезеңде осы қағидаттарға сай келмейтін мемлекет меншігіндегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды 2020 жылға дейін жеке секторға беру немесе жою қажет. Ал ондай кәсіпорындар саны бірнеше мың болады.

Әрбір бағдарлама немесе тапсырмаға орай заңды тұлғалар құру тәжірибесі бұдан былай тоқтатылуға тиіс.

Жекешелендірудің жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыру керек.

Үкіметке «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялау ісін жүзеге асыруды тапсырамын.

Басқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерін толық ревизия мен оңтайландырудан өткізу қажет. Нәтижесінде ол тиімділігі жоғары, жинақы және кәсіби холдингке айналуға тиіс. Менеджмент пен корпоративті басқару сапасын халықаралық деңгейге жеткізу керек.

Мемлекетке қандай маңызды секторларда, қатысу үлесінің қандай мөлшерімен және не қалдыратынымызды нақты анықтап алуымыз керек.

Табиғи монополияларды және стратегиялық маңызы бар, соның ішінде Трансұлттық компаниялар қатысатын жобаларды іске асыру міндетін мемлекетке қалдыру керек. Бұл жобалар мультипликативті нәтиже беруге тиіс.

«Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін де қайта құру қажет. Олар мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі операторлар болуға тиіс. Соған орай олардың функцияларын оңтайландыру керек. Жеке сектор жүзеге асыра алатын нәрсенің барлығы бизнеске берілуі қажет.

Сондай-ақ, оларға бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік емес қаржы көздері арқылы қор қалыптастырумен айналысу керек.

Төртінші. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әңгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр.

Бізде қазірдің өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өткен 3 жылда мемлекет 40 мың орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мың орынға арналған 1300 балабақша ашты. Жекеменшік балабақшалардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), Қызылорда (181) облыстарында ашылды.

Мен үшін осы сектордағы мемлекет-жекеменшік серіктестігінің үлгісі өте маңызды. Бұл аса маңызды жалпыұлттық міндеттердің бірі – 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселесін мемлекет пен бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді.

Мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту әкімдердің нақты және кәсіби жұмысына байланысты.

Жекеменшік капитал тарту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігінің ықтимал барлық түрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар – мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, қызмет көрсету келісімшарттары, тағы басқалар. Бұл ретте келісімнің барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеңілдету және жеделдету қажет.

Мемлекет-жекеменшік серіктестігі инфрақұрылымды, соның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі тетігіне айналуға тиіс.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту үшін бұдан әрі жекешелендіру мүмкіндігін қарастыра отырып, басқаруға және концессияға беру қажет. Үкімет бір орынды шиырлай беруді доғарсын. Бұл бағытта жұмысты жандандыра түсу керек.

Бесінші. Баға мен тариф бойынша ымыраласуға жол бермеу қажет.

Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтауға қатысты барлық заңнамаға «ревизия» жасауды тапсырамын.

Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық.

Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.

Бірінші. Бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режімін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Орта мерзім ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңмен 3-4%-ға дейін төмендетуге қол жеткізуіміз керек.

Екінші. Еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет.

Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын. Банктердің балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардың капиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету керек. Банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін Ұлттық банкке көбірек құқық берген жөн. Ұлттық банк банктердің қателік жіберуін күтпей, оларға ықпал ететін шаралар қабылдау үшін формальді көзқарастан ықтимал қатерлерге жол бермейтін қадамдарға көшуге тиіс.

Сондай-ақ, аудиторлық компаниялардың жауапкершілігін арттырып, акционерлердің ашықтығын қамтамасыз ету, ұжымдық басқаруды жақсарту қажет. Осының бәрін заңнамалық деңгейде бекіту керек.

Экономикадағы қаражат жетіспеушілігі және несиелер бойынша жоғары мөлшерлеме түйткілдерін шешу мақсатымен Ұлттық банк пен Үкіметке теңге түрінде қолжетімді орта және ұзақ мерзімге арналған қор қалыптастыруды қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырамын.

Ұлттық банк инфляция ғана емес, сонымен қатар Үкіметпен бірге экономиканың өсуі үшін де жауапты болуға тиіс.

Үшінші. Қор нарығын одан әрі дамыту.

Жекешелендіру оның дамуына серпін беруге тиіс. Мен жоғарыда айтып өткендей, қор нарығына «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының акцияларын орналастыру керек. Халықтың жинаған өз қаражатын ең алдымен түрлі бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігін одан әрі арттыру қажет.

Біз 2016 жылдың соңында заңдастыру науқанын аяқтадық. Оған еліміздің 140 мыңнан астам азаматы қатысты. Нәтижесінде 5,7 триллион теңге, оның ішінде қаражат түрінде 4,1 триллион теңге заңдастырылды.

Үкіметтің міндеті – бұл қаражаттың экономикаға, соның ішінде жекешелендіруге қатысу арқылы пайда беруін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, Қазақстанның жекеменшік кәсіпорындарының облигация шығарылымдарын субсидиялау мәселесін пысықтау қажет.

Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, отандық қор нарығын жандандыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырамын.

Келесі шешуші міндет – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу.

Бірінші. Бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажет.

Біз 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын қажетті ресурстармен толықтай қамтамасыз еттік. Министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажет.

Республикалық бюджеттің 40%-дан астамын құрайтын Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінен бастау керек. Оның қорытындысы бойынша маған баяндалсын.

Тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет. Сондай-ақ, қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдеткен жөн.

Біз фискалдық орталықсыздандыру саясатын жалғастыруымыз керек. Өткен жылдарда орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілді. Енді олардың жеткілікті қаржылық дербестігін бекемдей түсу қажет. Сонымен бірге, қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердің облыстық деңгейде шоғырлануына жол бермеу маңызды. Оларды әрі қарай аудандық және ауылдық жерлерге беру керек. Әкімдер өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселерді шешуге тиіс, ал Үкімет жалпымемлекеттік мәселелерге ден қоюы қажет.

Екінші. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қараған жөн.

Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезең-кезең бойынша 2 триллион теңгеге қысқартылуға тиіс.

Салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау керек. Қазіргі салық жеңілдіктерін оңтайландыру қажет. Жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімін жаңаша қарастыру керек.

Салықтық әкімшілендіру тетіктері жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен, мұның қосымша құн салығын жинауға қатысы бар.

Үшінші. Үкімет квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен бақылау жасау жүйесін қалыптастырып, онда тәртіп орнату керек.

*****

Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.

Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.

Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.

Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін.

Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.

2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет.

Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек.

Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.

Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады.

Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек.

Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.

Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет.

*****

Екінші. Білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс.

Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу керек.

Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын.

Сондай-ақ, заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажет.

Үшінші. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты.

Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады.

Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді.

Осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала туады, бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы үрдісті алдағы уақытта да сақтау керек.

Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі.

Ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек. Ол қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу керек. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.

Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Бірінші. Үкімет үшінші жаңғырту аясында ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуге тиіс.

Екінші. Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек.

Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді тапсырамын.

Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс.

Кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру керек. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту керек.

Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды.

Үшінші. Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді.

Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады.

Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек.

Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет.

Осы шараның бәрі менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс.

Киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде.

Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырамын.

Төртінші. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.

Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру.

Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырамын.

Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Құрметті қазақстандықтар!

Осы Жолдау арқылы еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағытымыз жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келді.

Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырамын.

Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ.

Біздің ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына сенемін.

Қымбатты достар!

Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте.

Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!

Read more

Бейсенбі, 26 Қаңтар 2017

Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын.

Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым. Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн.

Read more

Дүйсенбі, 23 Қаңтар 2017

Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшылығының 2016 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық алдындағы есептік кездесуі өтті

Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшылығының 2016 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық алдындағы есептік кездесуі өтті.
Кездесуді Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова жүргізді.

Облыс тұрғындары алдында Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы М.Қ.Сатыбалдин, Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының атқарушылық өндріс бағыты бойынша орынбасары А.Ө.Бердыбеков, Ақтөбе облысы бойынша Аумақтық жеке сот орындаушылар Палатасының басшысы Ж.Б.Омарова баяндама жасады.
Кездесуге Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылған.

 

Read more

2017 жылғы 17 қаңтарда облыстық әкімдікте мәдени саласының қызметкерлерімен, шығармашылық бірлестіктер басшыларының қатысуларымен отырыс өткізілді

2017 жылғы 17 қаңтарда облыстық әкімдікте мәдени саласының қызметкерлерімен, шығармашылық бірлестіктер басшыларының қатысуларымен отырыс өткізілді.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Қ.Айтбаевтың «Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2016 жылға атқарылған жұмысы және 2017 жылға міндеттері туралы» ақпараты тыңдалды.

Read more

2017 жылғы 17 қаңтарда «Дастан Орталығының» мәжіліс залында облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткізілген жиналысқа Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова қатысты

2017 жылғы 17 қаңтарда «Дастан Орталығының» мәжіліс залында облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың төрағалық етуімен «2016 жылғы шағын және орта бизнесті дамытудың қорытындысы және 2017 жылға даму перспективасы туралы» мәселе бойынша өткізілген жиналысқа Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова қатысты.
Мәселеге қатысты облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы А.Н.Даржанова баяндама жасады.
Жиналысқа осы бағытта қызмет атқаратын қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық кәсіпкерлік бөлімдердің басшылары, банк басшылары, қаржы институттары мен бизнес субъектілері шақырылды.

Read more

Бейсенбі, 05 Қаңтар 2017

Мәслихаттың 2017 жылға жұмыс жоспары

 Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Ақтөбе қаласы                             №98        2016 жылғы 12 желтоқсан

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

            2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыстық мәслихаттың                                     Облыстық                      

         сессия төрағасы                               мәслихаттың хатшысы

 

 

 

                   А. ТУЛЕГЕНОВА                                   С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

 

                                                            2016 жылғы 12 желтоқсандағы №98

                                                                облыстық мәслихаттың шешімімен

                                                                                     бекітілген

                                                                                      

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылға арналған

Ж Ұ М Ы С   Ж О С П А Р Ы

Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отыра, Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:

- облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді иннофациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға;  

            - Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге;

- облыстық мәслихаттың депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаттарды сақтауға;

- облыстық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;

            - тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға;

            - облыста заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;

            - қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.

            2017 жылға белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:

І. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер

 

І тоқсан

1. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2016 жылға оның қызметін бағалау.

2. Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың жағдайы мен келешегі туралы.

3. Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы.

 

ІІ тоқсан

            1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

            1.1. 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.

            2. Ақтөбе облысындағы білім жүйесінің жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы.

ІІІ тоқсан

                       

1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың есебі туралы.

            2. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылдың 1 жартыжылдығына есебі.

           

ІV тоқсан

1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

3. Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

5. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

6. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

Сессияларда айтылған ескертулер мен ұсыныстарды, бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттарды сессияның қарауына үнемі енгізу.

Тұрақты комиссиялардың есептерін, депутаттық сауалдарды және жергілікті өкілді органдардың құзыретіне жататын басқа да мәселелерді сессияларда қарау.

ІІ. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қаралатын мәселелер

1. Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмысжөніндегі тұрақты комиссия:

I тоқсан

 

1. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2016 жылға оның қызметін бағалау.

2. Тұрғылықты жері және уақытша тұратын жері (болатын) бойынша жеке тұлғаларды тіркеу нормалары туралы.

II тоқсан

1. Ақтөбе облысында сот актілерін жеке сот орындау институтының жағдайы және даму келешегі туралы.

III тоқсан

            1. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылдың 1 жартыжылдығына есебі.

            2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдармен орындалу барысы туралы.

IV тоқсан

1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

2. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік

жөніндегі тұрақты комиссия:

I тоқсан

 

1. Облыста индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы.

2. Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметтерін тексеру нәтижелері туралы.

II тоқсан

 

           1. Облыс әкімдігінің 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.

           2. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы есебі.

            3. Облысты дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының есептері туралы.

 

III тоқсан

 

1. Ақтөбе облысының әлеуметтік саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жай-күйі және даму перспективалары туралы.

 

IV тоқсан

 

  1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

 

Облыс бюджетің нақтылау, оның орындалуы мәселелерін қажеттілігі бойынша қарау.

Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы облыс бойынша тексеру комиссиясының есептерін отырыстарда тоқсан сайын тыңдау.

3. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия:

І тоқсан

 

1. Жастарды мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету жағдайы мен шаралары және оларды облыстың қоғамдық өміріне тарту туралы.

ІІ тоқсан

           

            1. Ақтөбе облысындағы білім жүйесінің жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы.

2. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы.

3. Облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасы және дәрілік заттарға бағаны мониторингтеу туралы.          

ІІІ тоқсан

 

1. Ақтөбе облысындағы денешынықтыру мен спорттың жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы.

2. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамытуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген бюджеттік қаражаттарды мақсатты және тиімді пайдалануды бақылау барысы туралы.

ІV тоқсан

 

1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану

жөніндегі тұрақты комиссия

I тоқсан

1. Ақтөбе облысында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың бағыттары және агробизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру перспективалары туралы.

II тоқсан

1. 2017 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша атқарушы органдардың жұмыстары туралы.

            2. Ақтөбе облысындағы орман шаруашылықтарының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жағдайы туралы.

III тоқсан

            1. Ақтөбе облысында ветеринарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы.

           

IV тоқсан

 

1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

            2. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

5. Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

I тоқсан

1. Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың жағдайы мен келешегі туралы.

2. «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы   11 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

II тоқсан

 

1. Ақтөбе қаласындағы автомобиль жолдары, суағарлар мен нөсерлік кәріздердің жағдайы және жөндеу мен күтіп-ұстау бойынша шаралар туралы.

 

III тоқсан

 

1. Ақтөбе облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сауданы дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары туралы.

            2. «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы                                        11 желтоқсандағы №361 шешімінің орындалу барысы туралы (екі ауданға – келісім бойынша).

IV тоқсан

           1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

            2. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

III. Көпшіліктік тыңдаулар

Өте қажетті және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде көпшіліктік тыңдаулар өткізу:

Табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) реттеу бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің қызметі туралы.

IV. Депутаттарды құқықтық оқыту

Депутаттардың құқықтық білім деңгейлерін көтеру мақсатында жүйелі түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін зерделеу бойынша құқықтық оқулар, білікті мамандардың қатысуымен семинар-жиналыстар өткізу:

1 жартыжылдықта

            1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру.

2 жартыжылдықта

            2. Көп балалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру.

V. «Депутаттық күндер»

            Облыстың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының, жоспарлардың іске асырылу барысы туралы басқарма басшыларының есептерімен «Депутаттық күндер» өткізу:

1 жартыжылдықта

1. Туристтік қызметті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының есебі.

2 жартыжылдықта

2. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы.

VI. Ұйымдастыру шаралары

           

Депутаттар сайлаушылармен тұрақты байланыста болады, оларды облыстық мәслихаттың жұмыстары туралы ұдайы хабардар етеді, қоғамдық пікірді зерделеп және атқарушы органдарға мәселелер мен ұсыныстарды енгізеді. Бекітілген кесте бойынша азаматтарды қабылдайды.

Мәслихат аппараты бұқаралық ақпарат құралдарында және веб-сайтта облыстық мәслихаттың, депутаттардың қызметтері, өткізілген шаралар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ақпараттарды ұдайы жариялайды.

            Бұл мақсатта депутаттардың жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншіліктерін белсенді пайдалану қажет. «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакцияларымен бірге «Депутаттық парақ» айдарының шығарылымы ұдайы ұйымдастырылады.

 

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31