2018

Жұма, 09 Қараша 2018

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясының баспасөз хабарламасы

0911182018 жылғы 09 қарашада облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының жалпы отырысы №19 Байғанин сайлау округінен депутат Әсел Серікқызы Сарманованың төрағалық етуімен өтті.
Сессияға Қоғамдық Кеңестің мүшелері,облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан және Ақтөбе қалалық мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Олжас Мұхтарұлы Смағұлов қатысты.

Read more

Бейсенбі, 08 Қараша 2018

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы 2018 жылғы 09 қарашада сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. №23 Қандыағаш сайлау округі және №29 Хромтау сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы.

Хабарламашы: Г.Н.Күнбаева - облыстық сайлау
комиссиясының төрайымы

2. Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

3. «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы

4. С.Ш.Орынбаевты Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі етіп тағайындау туралы.

5. М.Т.Райымқұловты Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі етіп тағайындау туралы.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2018 жылғы 09 қарашада сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық

мәслихаттың хатшысы С.Қалдығұлова

Read more

«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы туралы» мәселені қарау үшін облыстық мәслихаттың Жұмыс тобы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

081118-12018 жылғы 8 қарашада «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы туралы» мәселені қарау үшін облыстық мәслихаттың Жұмыс тобы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығындардың жобалары бойынша ақпараттандыру және сыртқы байланыстар, жастар ісі жөніндегі, ішкі саясат, еңбек инспекциясы жөніндегі, тілдерді дамыту жөніндегі, дін істері жөніндегі, дене шынықтыру және спорт, қаржы басқармаларының басшылары, Тексеру комиссиясының төрағасы хабарлама жасады.
Талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Read more

Сәрсенбі, 07 Қараша 2018

Облыстық мәслихаттың хатшысы азаматтарды әлеуметтік мәселелері, дәрілік препараттарды беру және басқа да мәселелер бойынша қабылдады

071118-22018 жылғы 07 қарашада облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды әлеуметтік мәселелері, дәрілік препараттарды беру және басқа да мәселелер бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Баспасөз хабарламасы

071118-12018 жылғы 6 қараша, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Дүйсенбі, 05 Қараша 2018

Облыстық филармонияның камералық оркестріне 15 жыл

051118-2Облыстық мәслихаттың депутаттары Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ камералық хор оркестрін 15 жылдық мерейтойымен құттықтады. Облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлованың атынан Светлана Айтбаева хор ұжымына алғыс хаттар табыс етті.

Read more

Жұма, 02 Қараша 2018

«ЖАС БАРЫС» атты бірінші облыстық жастар форумы

021118kazБүгін Ақтөбеде «ЖАС БАРЫС» атты бірінші облыстық жастар форумы өткізілді.
Шараға Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, ауыл жастары, колледждер мен университет студенттері, мектеп оқушылары, жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары, жас кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, мәдениет және спорт саласындағы мамандар, барлығы 1200-ден астам адам қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау. Сондай-ақ жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, олардың ізгілікті әрі рухани дамуы, еңбек, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.

Read more

Бейсенбі, 01 Қараша 2018

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы

011118«Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары қайырымдылық акциясын өткізді. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар 45 отбасы көкөністермен қамтамасыз етілді.

Read more

Сәрсенбі, 31 Қазан 2018

Көлік, коммуникация және жаңа технология колледжіне 85 жыл

311018rusАқтөбе облыстық мәслихатының депутаттары көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің мұғалімдері мен қызметкерлерін оқу орынның 85 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Read more

Сейсенбі, 30 Қазан 2018

Дүйсенбі, 29 Қазан 2018

Облыс орталығында 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды

291018kazАқтөбеде жалпы қалалық сенбіліктерді өткізу жалғасуда. Қаланың тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері күректерін қолға алып, облыс орталығында 10 мыңнан астам ағаш отырғызды. Көгалдандыру жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысып, «Достық» саябағында ағаш көшеттерін отырғызды.

Read more

Сенбі, 27 Қазан 2018

№17 ОМГ акт залында Қамқоршылық Кеңес мүшелерінің отырысы өтті

271018kaz2018 жылдың 27 қазанында №17 ОМГ акт залында Қамқоршылық Кеңес мүшелерінің отырысы өтті.
Жұмыс барысына Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы, Қамқоршылық Кеңестің төрайымы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, №17 ОМГ директоры Амангелді Ибрағимұлы Оңғарбаев, Қамқоршылық Кеңес мүшелері, мұғалімдер және барлық ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова баяндама жасады.

Read more

Дүйсенбі, 22 Қазан 2018

Конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

1.Қасымова Лия Күлмаханқызы
2.Шангереев Есет Тайұстарұлы


Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасы

Read more

Бейсенбі, 18 Қазан 2018

Әңгімелесуді өткізу кестесі

 

 

Күні

 

 

Уақыты

 

Өтетін орны

19.10.2018ж

14.30

208 бөлме

 

Read more

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты»ММ мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

1.Қасымова Лия Күлмаханқызы

2.Шангереев Есет Тайұстарұлы

Read more

Сейсенбі, 16 Қазан 2018

Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күнімен және мүгедектер күнімен құттықтау

161018kazАқтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директорының кеңесшісі Сәлім Әмірадинұлы Ізімбетов №25 Жұрын сайлау округіндегі ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күніне және мүгедектер күніне орай азық-түлік және көкөніс түрінде көмек көрсетті.
Сонымен қатар, депутат С.Ә.Ізімбетов қолдау көрсету мақсатында компанияның атынан Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамына және Ақтөбе облысының зағиптар қоғамына 5 тонна картоп берді.

Read more

Дүйсенбі, 15 Қазан 2018

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Әсел Серікқызы Сарманова Байғанин ауданының елді мекен тұрғындарымен кездесті

151018-2Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Әсел Серікқызы Сарманова Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық тобының құрамымен бірге Байғанин ауданының елді мекен тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында депутат Ә.С.Сарманова Мемлекет басшысының Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға бағытталған басты міндеттер туралы баяндады.
Тұрғындар Елбасының Жолдауына қатысты өз пікірлерін білдіріп, депутатқа сұрақтарын қойды. Кездесуде негізінен әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыда мәселелер қозғалды, яғни еңбек ақы, білім, тұрғын үй және т.б.

Read more

100 жаңа оқулық

151018-12018 жылғы 12 қазанда Қазақ-Орыс халықаралық уневирситетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім.100 жаңа оқулық» жобасының аясында қазақ тіліне аударылған және жарық көрген 18 оқулықты насихаттау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Студенттермен өткізілген дөңгелек үстелге Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазина қатысып, Елбасының білім және ғылым саласындағы стратегиялық бағыттарына тоқталып, әлемдегі ең үздік қазақ тіліндегі 100 оқулық жобасының маңыздылығын атап өтті. «Мемлекеттік тілге аударылған оқулықтарды оқыған еліміздің жастары заманауи білімнің толқынына ілесіп, өз елінің мәртебесін асқақтатарына сеніміміз мол» - деді депутат.

Read more

Бейсенбі, 11 Қазан 2018

«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты»ММ мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8 (7132) 54-46-05, факс: 8 (7132) 54-34-75, е-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Ақтөбе облыстық мәслихатыныңаппараты» ММ мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас инспектор, санаты D-3, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 123 171 теңгеден 166 529 теңгеге дейін.

Read more

«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты»ММ мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8 (7132) 544605, факс: 8 (7132) 543475, е-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» ММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас инспектор, санаты D-3 (1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 123 171 теңгеден 166 529 теңгеге дейін.

Read more

Жексенбі, 07 Қазан 2018

Қарттар күнімен құттықтау

Облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының Фракция мүшесі Ни Аркадий Юрьевич Халықаралық қарттар күніне орай қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты – қарт адамдарды назардан тыс қалдырмай, олардың мемлекеттің дамуына жан-жақты қосқан үлестері мен еңбектеріне алғыс білдіру белгісі ретінде құрмет көресету. Бұл күні аз қамтылған қарттардың, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектердің мүдделері, сондай-ақ оларға материалдық көмек көрсету мәселелері назарға алынды. Депутат өз сайлау округінің тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық тілеп, азық-түлік алуға 54 сертификат табыс етті.

Read more

Жұма, 05 Қазан 2018

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Құрметті қазақстандықтар!

Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.

Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.

Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.  

Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.

Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.

Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды. 

Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық.

Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті.

Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық. 

Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.

Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді.

Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді.

Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік.       

Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым.

Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды. 

Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық.

Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық.

Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік.

Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.

Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады.

Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз.

Құрметті отандастар!

Соңғы кездері әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерістері күшейе түсті.

Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Мызғымастай көрінген жаһандық қауіпсіздік жүйесінің тұғыры мен халықаралық сауда ережелері бұзылуда.

Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіруде.

Қаржы жүйелерінің мүлде жаңа архитектурасы түзілуде.

Бұл орайда қор нарықтары кезекті қаржы дағдарысына алып келуі мүмкін жаңа «сабын көбігін» үрлеуде.

Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса түсуде.

Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр. 

Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет.

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі  басты басымдыққа айналуға тиіс. 

Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын.

* * *

Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты.

І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ

Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады.

Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз.

Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын.

Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды.

Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. 

Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек.

Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы  ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады.

Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін.

Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек.

Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі.

БІРІНШІ. Біз 2010 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске қостық.

Өңірлерге жұмыс сапарым барысында мұның тиімділігіне көз жеткіздім.

Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажет.

Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді.

ЕКІНШІ. Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек. 

Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтің жасалуы және тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуы әлі күнге дейін ашық емес.

Монополистердің инвестициялық міндеттемелеріне тиімді мониторинг пен бақылау жүргізілмей отыр.

Үкімет 3 ай мерзім ішінде осы мәселемен айналысып, бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі түрде күшейте отырып, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалауы керек.

Бұл – маңызды мәселе, ол бизнес үшін кететін шығынның артуына, адамдардың нақты табысын азайтуға әкеп соқтырады.

ҮШІНШІ. Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырамын.

Сондай-ақ, негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс Қаржы мониторингі комитетіне функцияларын бере отырып, Экономикалық тергеу қызметін қайта құру қажет.   

Біз «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұруымыз керек.

Мұнда жазалаушы ғана емес, сондай-ақ бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау сияқты ынталандырушы құралдарға да сүйенген жөн.  

Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы әкімшілендірудің ашықтығын арттырады.  

Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс.

Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын.

ТӨРТІНШІ. Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс.

Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беруі қажет.  

Біздің сауда саясатымызда селқостық болмауға тиіс.

Оған біздің тауарларымызды өңірлік және әлемдік нарықта ілгерілететін белсенді сипат дарыту керек.

Сонымен бірге, халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу қажет.   

Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды.

Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. 

Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуді тапсырамын.

Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы қаражаттың көзделген мақсатқа жұмсалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуі керек.   

Ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру қажет.

Сондай-ақ, көлік-логистика және басқа да қызмет көрсету секторларын ілгерілету жөніндегі жұмыстарды жандандыру керек.

Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауға тиіс.    

БЕСІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек.

Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту.

Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет.

Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек.

Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн.

Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын. 

АЛТЫНШЫ. Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн.

Ең алдымен, «болашақтың экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет.

Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болады.

Үкіметке Назарбаев Университетімен бірлесіп, нақты жобаларды анықтай отырып, әрбір бағыт бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырамын.

Университет базасында жасанды интеллект технологиясын әзірлеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институтын құру сондай жобалардың бірі бола алады.

ЖЕТІНШІ. Нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.

Бағаның өсуі, қаржыландыруға қолжетімділік, банктердің орнықтылығы – міне, осы мәселелер көбіне қазір жұрттың қызығушылығын тудырып отыр.

Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы секторын және нақты секторларды сауықтыру, инфляцияға қарсы кешенді саясат жүргізу мәселелерін жүйелі түрде шешуді бастауы керек.

Қалыптасқан жағдайда экономиканы, әсіресе, өңдеу секторы мен шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұлғайту өте маңызды.

Сондай-ақ, зейнетақы активтері мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ресурстарын басқару тиімділігін арттырып, баламалы қаржы құралдарын – құнды қағаз нарығы, сақтандыру және басқа да салаларды нақты дамыту керек.

Бизнесті шетел инвестициясымен, капиталға қолжетімділікпен қамтамасыз ету ісінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаруға тиіс.

Біз жеке сотты, қаржы реттеуішін, биржаны арнайы құрдық.

Барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар осы алаңды белсенді пайдаланып, оның тез қалыптасуына және дамуына атсалысуы керек.

* * *

Аталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуы жалақының өсуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттырады.

Бұл үдерістер әрдайым Үкіметтің басты назарында болуға тиіс.

II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы.

Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.    

Осыған орай, Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс.

БІРІНШІ. 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет.  

Қаржыландыруды халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз ететін тиісті реформаларды жүзеге асыру үшін бағыттау керек.  

ЕКІНШІ. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек.

Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады.    

Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.

Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет.  

Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеуі керек.

ҮШІНШІ. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. 

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады.

Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс.

Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды.    

Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырамын.  

Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған  өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын.

ТӨРТІНШІ. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын.

Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалауға тиіс.   

БЕСІНШІ. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі.

Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді.

Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы.

Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет.

Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды.

Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын.     

АЛТЫНШЫ. Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. 

Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын.  

Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді.  

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс.

Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек.    

Осылайша біз көптеген адам өмірін сақтап қаламыз.

ЖЕТІНШІ.  Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет.

Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын.

Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет.

СЕГІЗІНШІ. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл – қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз.

Бүгінде халықты сапасыз әрі денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас саясат жоқ.

Үкіметке шаралар қабылдауды және осы жұмысты ретке келтіруді тапсырамын.

Келесі жылдан бастап Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын бастауға тиіс.

Оның қызметі, ең бастысы, азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тауарына, медициналық қызмет көрсетуге сараптама жүргізуді қамтитын болады.  

Бұл үшін заманауи зертханалық базаны қамтамасыз етіп, білікті мамандар штатын қалыптастыру қажет.

Бұл орайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдарды институционалды тұрғыдан күшейтіп, оларды белсенді пайдаланған жөн.

Біз әрдайым бизнеске көмек көрсетеміз, бірақ адам, оның құқықтары мен денсаулығы маңыздырақ.

Мемлекет әкімшілік кедергілерді азайту барысында көптеген тексерістен, рұқсат беру және басқа да рәсімдерден бас тартты.

Сондықтан, ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі үшін бизнес қоғамдастығы да жауап береді.

Жалпы, бизнес пайда табуды ғана емес, сондай-ақ, мемлекетпен бірлесіп азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек.   

* * *

Халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсету ісі тұрғын үй жағдайын жақсарту, еліміздегі кез келген елді мекенде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру сипатындағы мол мүмкіндіктермен үйлесімді түрде толыға түсуге тиіс.

III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы.

БІРІНШІ. Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй.

Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асырудамыз.

Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды.

Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын.

Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет.

Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді.

ЕКІНШІ. Еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажет.

Бүгінде жетекші елдердің экономикасы, көбіне, жаһандық қалалар немесе мегаполистер арқылы танылады.

Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 70 пайыздан астамы қалаларда түзіледі.

Біздің өз тұрмыс салтымыз тарихи қалыптасты, моноқалалары мен шағын облыс орталықтары бар аграрлы экономика басымдыққа ие болды.

Сондықтан 18 миллион халқы бар ел үшін миллионнан астам тұрғыны бар 3 қаланың болуы,  соның ішінде 2 қаланың тәуелсіз Қазақстан дәуірінде осы қатарға қосылуы  – үлкен жетістік.

Астана мен Алматы еліміздегі ішкі жалпы өнімнің 30 пайыздан астамын қазірдің өзінде қамтамасыз етіп отыр.

Бірақ, қалалардың инфрақұрылымы кәсіпорындар мен тұрғындардың жедел өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне сай бола бермейді.

Соңғы жылдары біз «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар инфрақұрылым қалыптастырдық.

2015 жылдан бастап 2400 шақырым автомобиль жолы салынды және қайта жөнделді. Бұл жұмыстар жалғасуда және 2020 жылға дейін қосымша 4600 шақырым жол пайдалануға беріледі.

Енді өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытқан жөн.

Осы мақсатқа орай биыл қаржыландыру көлемі арты: жергілікті маңызы бар жолдарға 150 миллиард теңгеге дейін, ауылдық  жерлерді сумен қамтуға 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлінді.

Әкімдер осы қаражаттың есебінен өңірлердегі мейлінше өткір проблемаларды шешуге күш жұмылдыруы керек.

Үкімет бұл міндетті жүйелі қолға алып, қосымша инфрақұрылымдық мәселелер тізімін жасап, жобаларды бағалап, оларды қаржыландыру көздерін іздеп табуы қажет.

Жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар құрылысын елді мекендерді дамыту жоспарларымен ұштастыру қажет, сондай-ақ, бұл секторға жеке инвесторларды тарту үшін жағдай жасаған жөн.

Сонымен қатар, «инфрақұрылым адамдарға» моделінен «адамдар инфрақұрылымға» моделіне бірте-бірте көшу қажет.

Бұл елді мекендерді ірілендіру ісін ынталандырып, бөлінетін қаражатты пайдалану тиімділігін арттыратын болады.

Әрбір өңір мен ірі қала бәсекеге қабілеттіліктің қолда бар басымдықтарын ескеріп, өзіндік орнықты экономикалық өсу және жұмыспен қамту моделіне сүйене отырып дамуға тиіс.

Осыған орай, тірек саналатын ауылдардан бастап республикалық маңызы бар қалаларға дейінгі түрлі елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу керек.

Бұл стандарт әлеуметтік игіліктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі мен қолжетімділігінің, көлік, мәдени-спорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілудің нақты көрсеткіштерін және басқа да мәселелерді қамтуға тиіс.

Экологиялық ахуалды жақсарту, соның ішінде зиянды заттардың таралуы, топырақтың, жердің, ауаның жағдайы, қалдықтарды жою, сондай-ақ онлайн түрінде еркін қолжетімді экологиялық мониторинг жүргізу жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Еліміздің басқарылатын урбанизациясының жаңа картасына айналатын Еліміздің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеуді тапсырамын.

Практикалық шараларды жүзеге асыру үшін нақты іс-шараларды, жобаларды және қаржыландыру көлемін көрсете отырып, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі прагматикалық бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.

Өңірлік дамудың аталған аспектілері іске асырылу мерзімдері 2025 жылға дейін ұзартылуға тиіс «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларында ескерілуі керек.

Біріншісі көлік инфрақұрылымын дамытуға, екіншісі – коммуналды және тұрғын үй құрылысындағы міндеттерді шешуге бағытталуға тиіс.

Бұл бағдарламалардың «екінші тынысын» ашу керек.

ҮШІНШІ. Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет.

Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыспен күресте «алдыңғы шепте» жүріеді, көбіне өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайды.

Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр.

Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырамын.

Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауға тиіс.

Біріншіден, Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет.

Үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттаған жөн.

Екіншіден, полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілеу, сондай-ақ, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту керек.

Қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін жалғастырады.

Үшіншіден, халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, полицияны бағалаудың критерийлерін түбегейлі өзгерткен жөн.

Полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажет.

Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек.

Қалалық және аудандық ішкі істер органдары жанында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау қажет.

Қазақстанның бүкіл қалаларын қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау керек.

Қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері болуға тиіс.

ТӨРТІНШІ. Сот жүйесін одан әрі жаңғырту.

Соңғы жылдары көп жұмыс атқарылды, дегенмен, басты міндет – соттарға деген сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ету шешімін таппай отыр.

Сонымен қатар, құқық үстемдігі – біздің реформаларымыздың табысты болуының негізгі факторы.

Біріншіден, сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастырған жөн.

Жыл сайын 4 миллион азаматымыз  сотта қаралатын іске қатысады.

Бұған қаншама күш пен қаражат жұмсалады!

Уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдері қысқаруға тиіс. Бұрын адамдардың жеке өздерінің келуі талап етілсе, қазір оны алыстан жүзеге асыруға болады.

Екіншіден, сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмтылатындай жағдай жасау керек.

Үшіншіден, әсіресе бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керек, сондай-ақ судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажет.

Жоғарғы сотқа Үкіметпен бірлесіп, жыл соңына дейін тиісті шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын.

* * *

Кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқаратын болады.

IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ

Жаңа кезең жағдайында мемлекеттік аппарат қалай өзгеруге тиіс?

БІРІНШІ. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру.

«Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс.

Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.

Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі.

Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесіп, «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын және басшылық қызметтерге тағайындау кезінде арнайы қайта даярлаудан өткізетін курстар әзірлеу қажет.   

Үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде білім алған жеке сектордағы кәсіби мамандарды тарту маңызды. 

Биыл біз 4 мемлекеттік органға жалақы төлеудің жаңа моделін енгіздік.

Барлық пилоттық жобалар жақсы нәтижелер көрсетіп отыр.

Мемлекеттік қызметке қызығушылық артты, әсіресе өңірлік деңгейде оның өзектілігі жоғары.

Тиімсіз шығындарды оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту есебінен төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы 2 - 2,5 есе өсті.

Кадрлардың жұмыстан кетуі 2 есе қысқарды.

Беделді жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді қоса алғанда, біліктілігі жоғары кадрлардың жеке сектордан келуі 3 есе артты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде орталық аппаратқа арналған конкурс бір орынға 28 адамға дейін, ал өңірлік құрылымдарда бір орынға 60 адамға дейін өсті.

Маңғыстау облысының әкімдігіндегі 1 бос орынға енді 16 адам, ал Әділет министрлігінде орта есеппен 13 адам үміткер болып отыр.

Астанада мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруға қатысты жаңа тәсілдер есебінен ғана 30 миллиардтан астам теңге үнемделді.

Еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшу үшін мемлекеттік органдардың басшыларына «бюджеттік-кадрлық маневрді» жүзеге асыруға құқық бердім.

Олар үнемделген қаражатты қызметшілердің жалақысын арттыруға бағыттау мүмкіндігін алды.

Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттік органдар жаңа модельге көшуді қалап отыр.

Ең бастысы – олар мұны тек жалақыны көбейту ғана емес, бәрінен бұрын, жұмыстарының тиімділігін арттыру деп түсінуі керек.

Еңбекке төленетін қаржының өсімі бюджет шығысын, соның ішінде  бағынышты мекемелердің шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу есебінен өтелуін бақылауда ұстауды тапсырамын.  

Бұл жерде аталған жобаның беделін түсірмес үшін формализм мен теңгермешілікке жол бермеу қажет.

ЕКІНШІ. Осы күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу керек.

Тексерістер нәтижелері айқындап отырғандай, құрылыс құны кей жағдайда жобалық құжаттар әзірлеу кезеңінде-ақ арттырылып көрсетіледі.

Соңына дейін жеткізілмейтін немесе перспективасы жоқ екені әуел бастан белгілі болған жобалар бар.

Егер жүктелген іске жауапкершілік танытатын болсақ, бюджеттің жүздеген миллиард теңгесін үнемдеп, тұрғындардың нақты қажетіне бағыттауға болады.

Үкімет тиімсіз әрі уақтылы емес шығындарды болдырмай, шығыстарды оңтайландырып, қаражатты үнемдеу үшін жүйелі шаралар қабылдауы қажет.

ҮШІНШІ. Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады.

Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн.

Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады.

Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр.

Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын.

Осы мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты инвесторларға беру керек!

Бұл – бір ғана мысал.

Жұрттың және бизнес қоғамдастығының наразылығын туғызатын басқа да бағыттар бойынша тиісті реттеу жұмыстарын жүргізу керек.

Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс.

Сол үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керек.

Екіншіден, қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет.

Сонымен қатар, адал жұмыс істейтін қызметкер тексерушілерден қорықпауға тиіс.

Үшіншіден, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керек.

ТӨРТІНШІ. Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайту қажет.

Соңғы кездері Үкіметтегі, мемлекеттік органдардағы ұзақ отырыстар мен кеңестердің саны еселеп артып, сондай-ақ құжат айналымы елеулі түрде көбейді.   

Үкімет әкімдердің және олардың орынбасарларының қатысуымен күніне 7 кеңес өткізетін кездері де болады.

Олар қай кезде жұмыс істейді?

Мұны доғарып, бұл мәселені ретке келтіру керек.

Өздеріне нақты міндеттемелер алуға  және солар үшін жария түрде есеп беруге тиіс министрлер мен әкімдерге шешім қабылдау еркіндігін ұсыну қажет.

Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарының әзірленген көрсеткіштер картасы бұған негіз болуға тиіс.

БЕСІНШІ. Қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін реформалардың жүргізілуіне бақылау механизмдерін күшейту қажет.

Үкімет пен мемлекеттік органдар жыл соңына дейін дамудың аталған барлық мәселелерін қамти отырып, нақты индикаторлар мен «жол карталарын» әзірлеуге тиіс, сондай-ақ реформаларды іске қосу үшін қажетті заң жобаларының бәрін Парламентке уақтылы енгізуі керек.

Өз кезегінде, Парламент оларды сапалы әрі жедел қарастырып, қабылдауға тиіс.

Реформалар мен негізгі стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізіп, бағалау үшін қажетті өкілеттіктер бере отырып, Президент Әкімшілігінде Ұлттық жаңғыру офисін құруды тапсырамын.

Бұл офис статистикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізуден бөлек, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесіне сәйкес, тұрғындар үшін өзекті мәселелер жөнінде халық пен бизнес өкілдері арасында тұрақты түрде сауалнама жүргізуді қамтамасыз етеді.

Офис әрбір бағыт бойынша қалыптасқан  жағдай жөнінде маған үнемі баяндап отырады.

Үкіметтің әрбір мүшесі, мемлекеттік органдар мен компаниялардың басшылары алға қойылған міндеттердің орындалуына дербес жауап беретін болады.

V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ

Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру қажет.

Біздің бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы саладағы нақты айқындалған қағидаттарымыз өзін-өзі толық ақтап отыр.

Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстардың эталоны болып саналады.

Толыққанды интеграциялық бірлестік әрі әлемдік экономикалық қатынастардың белсенді мүшесі ретінде қалыптасқан Еуразиялық экономикалық одақ табысты жұмыс істеуде.

Орталық Азия өңірінде өзара ықпалдастықтың жаңа парағы ашылды.

Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз дәйекті түрде дамып келеді.

«Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы Қытаймен қарым-қатынасымызға тың серпін берді.

Менің қаңтар айындағы Вашингтонға ресми сапарым және Президент Дональд Трамппен жүргізген келіссөздерім барысында Қазақстан мен АҚШ-тың XXI ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Біз сауда және инвестиция саласындағы ірі серіктесіміз – Еуропа Одағымен қарқынды ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз.

ТМД елдерімен, Түркиямен, Иранмен, Араб Шығысы және Азия елдерімен өзара тиімді екі жақты қатынастар дамып келеді.

Ақтау қаласындағы саммитте қабылданған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция Каспий маңы елдерімен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі миссиясын абыроймен аяқтап келеді.

Сирия жөніндегі Астана процесі бейбіт жолмен реттеу және осы елдің дағдарыстан шығуы жөнінде тиімді жұмыс жүргізіп жатқан бірден-бір келіссөздер форматына айналды.

Сонымен қатар, қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бейімделуді және ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарына сәйкес ілгерілетуді талап етеді.

* * *

Барлық кезеңде де табысқа деген нық сенім мен халықтың бірлігі ғана ел тағдырын шешкен.

Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз.

VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ

Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.

Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді.

Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет.

Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс.

Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.

Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.

Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.

Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.

Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек.

Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн.

«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек.

Бүгінде халықтың әлеуметтік көңіл-күйін айқындайтын негізгі салаларда теңдессіз шаралар ұсынылып отыр.

Бастамалардың қаржылық көлемі
1,5 триллион теңгеден асады, ал жиынтық әсері одан да көбірек. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға зор серпін береді. 

Бұл – ең сенімді әрі тиімді инвестиция.

Қымбатты қазақстандықтар!

Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.

Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз.

Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы.

«Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз.

Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес.

Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды.

Мен әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін.

Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.

Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда.

Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады.

Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!

Read more

Сейсенбі, 02 Қазан 2018

Ардагерлер мерекесі

021018kaz2018 жылғы 1 қазанда «Анаға тағзым» рухани-өнеге кешенінде «Менің жылдарым - менің байлығым» атты мерекелік шара өткізілді.
Өмірлік жолдары мен кәсіби тәжірибелері мол жандарға ерен еңбектері мен қамқорлықтары үшін шынайы алғыс білдіріліп, құттықтаулар айтылды.
Мереке аясында ардақты ардагерлерді облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова және Ақтөбе қаласының әкімі І.С.Испанов салтанатты құттықтап, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ардагерлер өз тілектерін айтып, облыс, қала басшылығына және облыстық мәслихат депутаттарына ризашылықтарын білдірді.
Аға ұрпағымыз-ардақты ардагерлеріміздің жүздері жадырап, қуанышқа бөленді.

Read more

Жұма, 28 Қыркүйек 2018

Облыстық, қалалық және аудандық Қоғамдық Кеңестердің съезі

280918-22018 жылғы 28 қыркүйекте «Капитал-Плаза» орталығының мәжіліс залында облыстық, қалалық және аудандық Қоғамдық Кеңестердің съезі өтті. Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова алғашқы сөз сөйледі. Съездің мақсаты – тәжірибе алмасу және Қоғамдық Кеңестердің жұмысын жандандыру.

Read more

Баспасөз хабарламасы

280918-12018 жылғы 28 қыркүйекте, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more

Бейсенбі, 27 Қыркүйек 2018

Азаматтарды қабылдау

270918-22018 жылғы 27 қыркүйекте облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Баспасөз хабарламасы

270918-12018 жылғы 26 қыркүйекте №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Жұма, 21 Қыркүйек 2018

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы ашылды

210918-2Ақтөбеде республикадағы тұңғыш «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы салынды. Бүгін Ақтөбеде республикалық Аналар слеті аясында республикадағы тұңғыш «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы ашылды.
Салтанатты шараға КСРО халық әртісі Б,Төлегенгова, Социалистік еңбек ері В.Сидорова, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтбаева, ҚР ҰҒА академигі, Раиса Күзденбаева, этнограф Зейнеп Ахметова, белгілі ақын әрі журналист Марфуға Айқожина, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А.Жағанова қатысты.

Read more

Қазақстанның атақты әйелдері Ақтөбеде өтіп жатқан Слетке қатысуда

210918ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбеде өтіп жатқан «Анаға тағзым» аналар слетінің қатысушыларына арналған құттықтау сөзін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқып берді. - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында алғаш рет өткізіліп жатқан Аналар слеті – еліміздегі отбасылық ахуалды жақсартуға бағытталған аса маңызды шара. Ана – әрбір шаңырақтың, сондай-ақ тұтас Отанымыздың тірегі. Ал қазақстандық аналардың әлеуметтік жағдайы жақсы болып, ұрпағының болашағына алаңдамай, бақытты ғұмыр кешуі – мен үшін ең басты мақсаттардың бірі. Сол себепті «Қазақстан-2050» стратегиясында «ана мен баланы қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі» деп жарияладым,- делінген Елбасының құттықтау сөзінде. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Слет қатысушыларының жұмысына жеміс тілеген.

Read more

Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018

Баспасөз хабарламасы

1909182018 жылғы 19 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясының жалпы отырысы №3 Гоголь сайлау округінен депутат Ербол Жасұланұлы Бекмұхамбетовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің м.а. Қ.А.Бекенов, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан және Ақтөбе қалалық мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Дүйсенбі, 17 Қыркүйек 2018

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясы 2018 жылғы 19 қыркүйекте сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі және одан әрі күшейту бойынша шаралар туралы.

Хабарламашы: М.Х.Абисатов - Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің бастығы

2. Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы.

Хабарламашы: Г.Т.Төлебаева – тілдерді дамыту басқармасының басшысы

3. Басқа да мәселелер.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2018 жылғы 19 қыркүйекте сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық

мәслихаттың хатшысы
С.Қалдығұлова

Read more

Жұма, 14 Қыркүйек 2018

Баспасөз хабарламасы

1409182018 жылғы 14 қыркүйекте, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконыңтөрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more

Бейсенбі, 13 Қыркүйек 2018

Баспасөз хабарламасы

1309182018 жылғы 12 қыркүйекте, №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалық етуіменоблыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more

Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018

«Мектепке жол» республикалық акциясы

120918«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында облыстық мәслихаттың депутаты, «Қазақстанның Халық банкі» Ақтөбе ОФ директоры Апуажан Төлегенова Ақтөбе қаласының 10 мектебінің 95 оқушысына көмек көрсетті. Балаларға рюкзактар мен мектеп құралдары табысталды.

 

Read more

Сейсенбі, 11 Қыркүйек 2018

Баспасөз хабарламасы

110918-22018 жылғы 11 қыркүйекте, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

«Анаға махаббат» байқауының жеңімпаздармен кездесу

110918-1Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова «Анаға махаббат» атты шығарма және сурет байқауларының жеңімпаздары Шалқар ауданының №1 мектеп-гимназиясының 10 класс оқушысы Дана Мұратова және Қобда ауданының мектеп-гимназиясының 5 класс оқушысы Көркем Абдрахмановамен кездесті.

Read more

Жексенбі, 09 Қыркүйек 2018

11 шағын ауданындабалалар алаңы ашылды

Бүгін 11шағын ауданындағы 35-36 үйлерінің ауласында балалар алаңы ашылды. «Қалаға сыйлық» акциясы Халық Банкінің 95-жылдық мерейтойына арналған. Алаңның ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова және депутаты, «Қазақстанның Халық банкі» АОФ директоры А.Төлегенова қатысты.

Read more

Бейсенбі, 06 Қыркүйек 2018

Мұғалжар ауданында тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті

Бүгін Мұғалжар ауданында Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Қалдығұлова бастаған облыстық мәслихаттың депуттары мен Қоғамдық кеңес тұрақты комиссияның отырысын өткізді. Облыстан келген делегаттарды аудан әкімі Ербол Данағұлов бастаған топ күтіп алып, аудандық ішкі істер бөлімінің бүгінгі тыныс тіршілігімен таныстырды.

Read more

Сәрсенбі, 29 Тамыз 2018

Құрметті ақтөбеліктер!

constСіздерді ел тарихындағы елеулі мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз - Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Осындай айтулы күнбізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
Елдігіміздің тұғыры, тәуелсіздігіміздің тірегі - Ата заңымыз мәңгілік болсын!
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, әрбір шаңыраққа құт-береке тілеймін!

Игі тілекпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова

Read more

Дүйсенбі, 27 Тамыз 2018

Ақтөбе облысы бойынша білім беру саласы қызметкерлеріне арналған тамыз кеңесіне пресс ақпарат

270818-22018 жылдың 25 тамызы күні сағат 10.00-де «Өнер» орталығында Ақтөбе облысының педагогикалық қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Read more

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

270818-1«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында облыстық мәслихатының хатшысы Тәттігүл Жақсыбайқызы Талаева А. Қазтуғанованың отбасысына материалдық көмек көрсетті. Балаларға 50 000 теңге қаражатына мектеп формасы, спорттық костюм, оқу құралдары сатып алынды. Сонымен қатар, азық-түлік ретінде көмек берілді.

Read more

Жұма, 24 Тамыз 2018

Облыстық мәслихаттың хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2408182018 жылғы 22 тамызында облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018

Хромтау ауданындағы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және Қоғамдық Кеңестің бірлескен көшпелі отырысы

2208182018 жылғы 22 тамызда облыстық мәслихаттың депутаттары және Қоғамдық Кеңесінің мүшелері Хромтау ауданына барып, аудандық ішкі істер бөлімі мен жергілікті полиция қызметінің жұмысымен танысу барысында №2 полиция участкелік пунктіне, Жедел басқару орталығына, Хромтау АІІБ, Тау-кен техникалық колледжіне және спорт мектебіне барды.
Бірлескен комиссия отырысында «Хромтау ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі және одан әрі күшейту бойынша шаралар туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары және Қоғамдық Кеңесінің мүшелері сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Read more

Дүйсенбі, 20 Тамыз 2018

Құрылысшылар күні

20081817 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта Құрылысшылар күнін аталып өтті. Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова ақтөбелік құрылысшыларды, сәулетшілерді, жобалаушыларды және құрылыс саласының ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен қаражат сертификаттарын табыс етті.

Read more

Жұма, 17 Тамыз 2018

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

170818Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Сергей Викторович Вишняк «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді. Чернобыль апат салдарын жоюға қатысқандардың және Семей ядролық сынақ полигонының әскери қызметшілерінің 5 баласына мектеп кеңсе құралдарының жинақтары, ортопедиялық рюкзактар, азық-түлік және қаражат есебінде қолдау көрсетілді.

Read more

Бейсенбі, 16 Тамыз 2018

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

160818Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары Дмитрий Адамович Довматенко және Марат Серғазыұлы Итеғұлов «Нұр Отан» партиясы және «Қамқоршылық-Забота» Қайырымдылық Қорымен бірлесіп «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді. Аз қамтылған отбасының 88 баласына 1 760 000 теңге қаражат көлеміне мектепке қажетті заттар, форма, портфельдер және тәтті сыйлықтар табысталды.

Read more

Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясының баспасөз-хабарламасы

22session2018 жылғы 15 тамызда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясының жалпы отырысы №17 Алға сайлау округінен депутат Ғалымжан Мұхтарұлы Латыповтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Б.М.Сапарбаев, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, облыс мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияда өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың есебі тыңдалды.

Read more

Құрметті Марат Серғазыұлы!

Сізді пайғамбар жасына келуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы қуанышты күні Сізге деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Әрқашан да еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан-табысқа жете беріңіз.

Әріптестеріңіз бен дос-жарандарыңыздың алдында сыйлы болыңыз.

Әрбір туған күніңіз шаңырағыңызға нұрлы болсын!

Игі тілекпен,
Облыстық
мәслихаттың хатшысы С. Қалдығұлова

Read more

22 кезектi сессия материалдар

Read more

Сейсенбі, 14 Тамыз 2018

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

140818«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының Фракция мүшесі Аркадий Юрьевич Ни өзінің сайлау округіндегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетті. Ата-аналармен бірлесе 200 000 теңге қаражатына балаларға қажетті заттар, соның ішінде мектеп формасы, спорттық костюмдер, аяқ киім және оқу құралдары алынды. Депутат балаларға оқуда жетістіктер тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Read more

Дүйсенбі, 13 Тамыз 2018

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясы 2018 жылғы 15 тамызда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді атқаруы жөніндегі облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың есебі туралы.

2. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 08 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Ә.Х.Қайрмеков - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы
3. Басқа да мәселелер.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2018 жылғы 15 тамызда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық

мәслихаттың хатшысы
С.Қалдығұлова

 

Read more

Баспасөз хабарламасы

1308182018 жылғы 13 тамызда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Жұма, 10 Тамыз 2018

Алға ауданының күндері

100818-2Бүгін «Туған жерім – нұрлы елім!» облыстық акциясы аясында Ақтөбе қаласында «Атыңнан айналайын Алға деген» атпен Алға ауданының күндері бастау алды. Бұл жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан орны ерекше дәстүрге айналған, облысымыздың тарихынан алар орны ерекше мерекелі күндердің бірі.
Облыстық мәслихатының депутаттары КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры В.И.Пацаевтың Ақтөбе қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, батыр рухына тағзым етті.

Read more

«Анаға тағзым» аналар Форумы

100818-1Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында «Анаға тағзым» аналар Форумына дайындық және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес дөңгелек үстелдер, акциялар, кездесулер, «Жұмыс жасайтын аналарға арналған үздік кәсіпорын» конкурстары, балалар арасында сурет, шығарма байқаулары және т.б. өткізіледі.
Отырыс нәтижесінде аналар Форумына дайындық және өткізу жөніндегі жауапты тұлғаларға міндеттемелер жүктелді.

Read more

Бейсенбі, 09 Тамыз 2018

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекеңіз – Құрылысшы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылысшы қай уақытта да құрметті және абыройлы мамандық.
Сіздердің өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың, ұдайы өзгеріп отыратын нарыққа бейімделе білу қабілеттеріңіздің нәтижесінде Республикамызда құрылыс жанданып, халық жаңа стандарттар мен заманауи дизайнға бой үйретуде. Еліміздің ажарын ашатын, айбарын асқақтататын келісті келбетінің көркеюіне қосқан үлестеріңіз көз сүйсінерлік. Алдағы уақытта да Қазақстанның өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін.
Бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге жетістік, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова

Read more

Сәрсенбі, 08 Тамыз 2018

Азаматтарды әлеуметтік және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылдау

0808182018 жылғы 8 тамызда облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды әлеуметтік және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Сейсенбі, 07 Тамыз 2018

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

070818Облысымызда «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.
Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Жадитұлы Ілиясов акция аясында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, өз сайлау округіндегі балаларға қаржылай көмек көрсетіп, жылы лебізін білдірді.

Read more

Жұма, 03 Тамыз 2018

Баспасөз хабарламасы

0308182018 жылғы 3 тамызда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Сәрсенбі, 01 Тамыз 2018

Жағажайлардың жай-күйі бақылауға алынды

010818Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен аймақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі бойынша комиссиялық топ құрылып, Ақтөбе қаласындағы 12 жекеменшік жағажайларға рейд жүргізілді.
Рейдке облыстық мәслихат хатшысы С.Қалдығұлова, Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы, "Нұр Отан" партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары Д.Исмағамбетова, Ақтөбе қаласының әкімінің орынбасары және мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Read more

Дүйсенбі, 30 Шілде 2018

2018 жылғы 26 маусымда облыстық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген мәжілісі өткізілді

Күн тәртібінде Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы саласын дамыту және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Отырысқа кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелер, БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес мүшелері отырыста қаралған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолдады.

Read more

«Жасырын сатып алушы» әдісімен өткізілген «Қоғамдық бақылау» іс-шараларының қорытындысы

3007182018 жылдың 25 шілдесінде Ақтөбе медициналық орталығының конференц – залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің және облыстық мәслихаттың медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері және қызметкерлерімен бірлескен жиналысы өтті. Жиналыста денсаулық сақтау саласындағы «жасырын сатып алушы» әдісімен өткізілген «Қоғамдық бақылау» іс-шаралары бейне және фотоматериалдардың көрсетілуі арқылы талқыланды.
Жұмыс барысында медициналық мкемелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жоқ екендігі анықталып, сонымен бірге аурухана қызметкерлері медициналық ұйымдарға тіркелу мәселелері бойынша біліктілігінің жоқтығы және де №086 нысандағы медициналық анықтамалар мен уақытша еңбекке жарамсыз парақтарын заңсыз сату фактілері анықталды.

Read more

Бейсенбі, 26 Шілде 2018

Баспасөз хабарламасы

2607182018 жылғы 19 шілдеде, №28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Жадитұлы Ілиясовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Сейсенбі, 10 Шілде 2018

Бейсенбі, 05 Шілде 2018

Бақытты бала - Мәңгілік ел кепілі!

050718«Бақытты бала - Мәңгілік ел кепілі!» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының Фракция мүшесі Ни Аркадий Юрьевич қайырымдылық акциясын өткізді. Көпбалалы және азқамтылған отбасыларға қолдау көрсетіліп, азық-түлік жинақтары үйлестірілді.

Read more

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жұмыспен қамту, зейнетақы және басқа да мәселелері бойынша қабылдады

0407182018 жылғы 4 шілдеде облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жұмыспен қамту, зейнетақы және басқа да мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Сәрсенбі, 04 Шілде 2018

Құрметті ақтөбеліктер!

astanaСіздерді Астана қаласының 20 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – халқымыз үшін тәуел¬сіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры.
Бір кездері қатардағы қалалардың бірі болған елордамыз аз ғана уақыт ішінде миллион тұрғыны бар, экономикалық, саяси және рухани орталыққа, өркениеттің сындарлы пікірталас алаңына, ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын айқындайтын орынға айналды.
Уақыттан оза шапқан бүгінгі бас қала – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі. Арманы мен тілегінің кепілі.
Қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Бас қаламыз-Астана өркендей берсін!

Игі тілекпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова

 

Read more

Жұма, 29 Маусым 2018

Баспасөз хабарламасы

2906182018 жылғы 29 маусымда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Бейсенбі, 28 Маусым 2018

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Кәсіптік мерекелеріңіз - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда.

Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға аманшылық, жаңа жеңістер, есте қаларлық журналистік материалдар және ең бастысы - таусылмас шығармашылық шабыт тілеймін!

Изгі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова

Read more

Сәрсенбі, 27 Маусым 2018

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясының баспасөз хабарламасы

2706182018 жылғы 27 маусымда облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының жалпы отырысы №17 Алға сайлау округінен депутат Ғалымжан Мұхтарұлы Латыповтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекенов қатысты.
Күн тәртібіндегі Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын тағайындау туралы мәселе бойынша облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова хабарлама жасады. Сағат Енсегенұлының, Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы ретіндегі бесжылдық өкілеттік мерзімі 2018 жылғы 1 шілдеде аяқталады.

 

Read more

Дүйсенбі, 25 Маусым 2018

«20 игі іс» қайырымдылық акциясы

250618-2Мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен облысымызда «20 игі іс» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.
Ақтөбе облыстық мәслихаты аппартының қызметкерлері екі мүгедек баласы бар отбасыға қолдау көрсетті.

Read more

Ақтөбеде мемлекеттік жəне полиция қызметкерлерінің кəсіби мерекесі аталып өтті

250618-1Облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова тəртіп сақшылары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін атаулы күндерімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.
Және де осы мерекелік күні облыстық мәслихаттың аппарат басшысының орынбасары Жұмағазина Сәлима Ғалиматқызы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Read more

Жұма, 22 Маусым 2018

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

gerb rk

Сіздерді кәсіптік мереке - Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен қүттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет атқару - қогам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі.

Халқымыздың өмір сүру деңгейі, ұлттық жобалар мен багдарламалардың іске асырылуы сіздердің жоғары адамгершілік денгейіңізге, өз қызметтіңізге деғен адалдығыңыз,
патриоттық сезімңіз бен заңдылықты бұлжытпай сақтауыңызға байланысты.
Сіздерге ізгілік пен бейбітшілік, даналық пен шыдамдылық, Қазақстан халқына қызмет етудегі ізгі еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Мемлекеттік және қоғамның дамуына сіздердің қосар үлестеріңіз зор.

Мемлекеттік қызметтегі адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын!

 

Игі тілекпен,
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова

Read more

Бейсенбі, 21 Маусым 2018

Баспасөз хабарламасы

220618-22018 жылғы 19 маусымда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттерінің басшылары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
«Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» мәселе бойынша облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы Қалмағанбетов хабарлама жасады.

Read more

Облыстық мәслихаттың хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

220618-12018 жылғы 21 маусымда облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Сәрсенбі, 20 Маусым 2018

Баспасөз хабарламасы

2006182018 жылғы 19 маусымда, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more

Дүйсенбі, 04 Маусым 2018

1 маусым - Балаларды қорғау күні

Облыстық мәслихаттың депутаты Ни Аркадий Юрьевич 1-маусым Балаларды қорғау күніне арнап өзінің сайлау округіндегі оқушыларға мерекелік шара ұйымдастырды. Балалар батут орталығында бой жазып,көңіл көтерді. Және де Перчини мейрамханасында оларға арнап мерекелік ас дайындап, сыйлықтар табыс етті.

Read more

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Облыстық мәслихатың депутаттары қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты. Депутаттар Түйетөбеде жазықсыз жазаланғандар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Read more

Жұма, 01 Маусым 2018

Жұма, 25 Мамыр 2018

Соңғы қоңырау

№17 мектеп-гимназиясының 110 түлегі үшін бүгін соңғы қоңырау соғылды. №17 мектеп-гимназиясының оқушылары әдеттегідей жоғары көрсеткіштер көрсетіп, олимпиада, форум және көптеген жобалардың жеңімпаздары болып келеді. Салтанатты шараға оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар қатысты. Сонымен қатар, соңғы қоңырау шарасына облыстық мәслихаттың хатшысы, мектеп - гимназиясының қамқоршылар Кеңесінің төрағасы - Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысып, өзінің тілегін білдірді.

Read more

Сейсенбі, 22 Мамыр 2018

20 кезектi сессия материалдар

Read more

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХ сессиясының баспасөз-хабарламасы

2018 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясының жалпы отырысы №13 Ақтөбе сайлау округінен Асқар Іскендірұлы Болатовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, қала және аудан мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессия жұмысына облыс әкімі Б.М. Сапарбаев қатысты.

Read more

2018 жылғы депутаттық сауалдар

Read more

Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 21 мамырда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова.

Read more

Бейсенбі, 17 Мамыр 2018

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 17 мамырда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова.

Read more

Жұма, 11 Мамыр 2018

Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша семинар

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқытудан өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша семинар өткізді. Семинар барысында ХҚКО-да және мемлекеттік органдарында кезекте тұрмай, қажетті мемлекеттік қызметтер алуға болатыны туралы түсініктемелер берілді.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 11 мамырда, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақтағанұлы Биахметов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Бейсенбі, 10 Мамыр 2018

«Менің әкем» байқауы

Облыстық мәслихаттың депутаттары «Менің әкем» атты байқауының қатысушыларын «Қамқор әке» номинациясында құттықтап, оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Read more

Бір мемлекеттік қызметші - бір ағаш

Облыстық мәслиxатының депутаты Әсел Серікқызы Сарманова «Бір мемлекеттік қызметші - бір ағаш» акциясына қатысып, Байғанин ауданының орталық саябығында мемлекеттік қызметшілермен бірігіп жас ағаш көшеттерін отырғызды.

Read more

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс Күнімен құттықтады

Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаты Аркадий Юрьевич Ни Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс Күнімен құттықтады. Барлығына береке, қуаныш пен жақсылық тілеп, мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Read more

Сенбі, 28 Сәуір 2018

Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутат Аркадий Юрьевич Ни жас ағаш көшеттерін алып келіп, орта мектептердің ұжымымен және оқушыларымен бірге оқу орындарының аумағында отырғызды

Көктемнің келуімен барлық жерлерде көгалдандыру маусымы басталады. Биыл Ақтөбе облыстық мәслихаттың №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Ни жас ағаш көшеттерін алып келіп, № 14, 18, 31 орта мектептердің ұжымымен және оқушыларымен бірге оқу орындарының аумағында отырғызды. Отырғызуға пирамидалы теректер таңдалды. Өйткені ағаштың бұл түрі тез өсіп, экологиялық тұрғыдан тұрақты және эстетикалық жағынан әдемі болып келеді.

Read more

«Бір мемлекеттік қызметші - бір ағаш» акциясы

Ақтөбе облыстық маслихат аппаратының қызметшілері «Бір мемлекеттік қызметші - бір ағаш» акциясына қатысып, Қарғалы тұрғын үй алабындағы Энергия тиімділігі орталығының жаңында ағаш көшеттерін отырғызды. Акция қатысу арқылы мемлекеттік қызметшілер «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасына жеке үлесін қосады.

Read more

Жұма, 27 Сәуір 2018

Баспасөз хабарламасы

26 сәуір 2018 жылы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, Қоғамдық кеңестің, Ақтөбе қаласы әкімдігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Дүйсенбі, 23 Сәуір 2018

9 – мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік шараны өткізу және оған дайындық бойынша жиналыс

Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында 9 – мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік шараны өткізу және оған дайындық бойынша жиналыс өткізілді.

Read more

Жұма, 20 Сәуір 2018

Облыстық мәслихаттың депутаттары Қобдада өткен инвестициялық форумға қатысты

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары Г.Қ.Ерғазина және Х.Ж.Ілиясов Қобда өңірінде өткен инвестициялық форумға қатысты. Депутаттар тұрғындармен кездесіп, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндерме жұмыстарын өткізді, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылған жаңа бизнес нысандарына барды және «Бақытты бала» саябағында ағаш отырғызды.

Read more

"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қадағалау кеңесінің отырысы

2018 жылдың 19 сәуірінде Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қадағалау кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері ретінде облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова және облыстық мәслихатының депутаттары А.С. Ибраев пен Ғ.А. Елеуов қатысты.

Read more

Облыстық мәслихаттың мәжіліс залында 1 мамыр мерекелік шараны өткізу және оған дайындық бойынша жиналыс өткізілді

Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шараны өткізу және оған дайындық бойынша жиналыс өткізілді.

Read more

Облыстық мәслиxаттың депутаты №4 жалпы білім беретін орта мектебінің 60 оқушысына арнап мерекелік шара өткізді

"Бақытты бала, мәңгілік ел" жобасы аясында облыстық мәслиxаттың депутаты Асқар Іскендірұлы Болатов №4 жалпы білім беретін орта мектебінің 60 оқушысына арнап мерекелік шара өткізді.

Read more

Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы азаматтарды әлеуметтік көмек көрсету, кәсіпкерлік жөнінде, денсаулық жағдайына қатысты және басқа да мәселелер бойынша қабылдады

2018 жылғы 18 сәуірде облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды әлеуметтік көмек көрсету, кәсіпкерлік жөнінде, денсаулық жағдайына қатысты және басқа да мәселелер бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Жұма, 13 Сәуір 2018

Дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасының өсуін ұстап тұру жөніндегі Меморандумның сақталуына сәйкес рейдтік іс-шаралар

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары денсаулық сақтау ардагерлері және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің қызметкерлерімен бірге дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасының өсуін ұстап тұру жөніндегі Меморандумның сақталуына сәйкес рейдтік іс-шаралар өткізді. Олар Ақтөбе қаласында орналасқан дәріханаларға барып, Меморандумға сәйкес дәрі-дәрмектердің барына және олардың бағаларына мониторинг жүргізді.

Read more

Мемлекеттік - жеке меншік серіктестік жобаларына мониторинг жасайтын Кеңестің алғашқы отырысы

2018 жылдың 11 сәуірінде облыстық мәслихаттың депутаттары мемлекеттік - жеке меншік серіктестік жобаларына мониторинг жасайтын Кеңестің алғашқы отырысына қатысты. Отырыс «Атамекен» кәсіпкерлер өңірлік палатасының кеңсесінде бейнеконференция режимінде өтті.
Кеңес отырысында МЖС-ның Қазақстандағы қазіргі жағдайы, МЖС жобаларына мониторинг жасайтын Кеңестің негізгі бағыттары және Астана қаласындағы МЖС-ның ағымдағы жобалары туралы мәселелер қаралды.

Read more

Сәрсенбі, 11 Сәуір 2018

19 кезектi сессия материалдар

Read more

Сейсенбі, 10 Сәуір 2018

Облыстық мәслихаттың кезекті он тоғызыншы сессиясының баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 11 сәуірде облыстық мәслихаттың кезекті он тоғызыншы сессиясының жалпы отырысы №30 Шалқар қалалық сайлау округінен депутат Ақылбек Тілеулесұлы Оралмағанбетовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Б.М. Сапарбаев, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, қала және аудан мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
№31 Шалқар селолық сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутатын сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Насанқызы Күнбаева хабарлады. Үш үміркердің арасынан Шәкірбекұлы Бердібек сайланды. Оған депутаттық куәлік пен төс белгі тапсырылды.

Read more

Жұма, 06 Сәуір 2018

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы Қобда ауданында өтті

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы 2018 жылдың 6 сәуірінде Қобда ауданында өтті.
Депутаттар Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, «Ерасыл-Н» мүгедектерді қолдау орталығында, әлеуметтік бағдарламалар аясында шағын несие алған мекемелерде, Қобда гимназиясында болып, Қобыланды батыр мен Исатай Таймановтың ескерткіштеріне барды. «Мәңгілік ел» және «Отан ана» саябақтарына көшеттер отырғызды. Мамандарды қайта даярлау курстарына жолданған өз-өзін қамтитын азаматтармен Қобда көпсалалы колледжінде кездесу өткізді.

Read more

Бейсенбі, 05 Сәуір 2018

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қыз

Бүгін, яғни 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.
Кездесу барысында А.Бердалин мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы жайында, мемлекеттік қызметшілер үшін сынамалы тәртіпте еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды үлесін арттыру және қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау мәселелері жайында сөз қозғады.

Read more

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілерді оқыту жұмыстары

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының тыңдаушылары алдында облыстық мәслихаттың хатшысы, әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Сәния Мұсақызы Қалдығұлова баяндама жасады. Лекция тақырыбы: «Басшылардың қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерімен қарым-қатынасы туралы». С.М. Қалдығұлова мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызметшінің этикалық нормалары, ұжымдағы мінез-құлық этикасы, басшылар мен қарамағындағы қызметшілер арасындағы қарым-қатынасы туралы айтты. Қатысушыларға алғыс білдіріп, қызметтерінде зор жетістіктер тіледі.

Read more

Бақытты бала

"Бақытты бала" жобасы аясында облыстық мәслиxатының депутаты Әсел Серікқызы Сарманованың демеушілігімен Байғанин ауданында 80 балаға мерекелік дастарxан жайылып, сыйлықтар берілді.

Read more

Сәрсенбі, 04 Сәуір 2018

2018 жылғы 4 сәуірде облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

«Ақтөбе қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және жаңғыртудың өзекті мәселелері, ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді жою туралы» Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қ.Ж. Қасымов баяндады. Ол ескі және апаттық үйлердің бүгінгі күнгі жағдайы туралы айтты.
Сонымен қатар комиссияда «Облыстық маслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.И.Сейітов хабарлады.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады

Read more

Дүйсенбі, 02 Сәуір 2018

Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты қызметкерлерінің тізімі

№ каб.

Тегі, аты-жөні

Лауазымы

Телефондары

204

АЙТҚАЛИЕВ

Тимур Владимирович

аппарат басшысы

56-44-75

206

ЖҰМАҒАЗИНА

Сәлима Ғалиматқызы

аппарат басшысының орынбасары

56-37-13

209

ҚАСЫМОВА

Лия Күлмаханқызы

бас маман

54-64-03

202

ШАНГЕРЕЕВ

Есет

Тайұстарұлы

бас маман

54-92-37

202

  ҮМБЕТОВА

Кенжегүл Керейқызы

бас маман

54-92-37

203

ЕСРКЕГЕНОВА

Венера Жанабылқызы

бас маман,

есепші

54-44-06

205

КҮНБАЕВА

Гүлнар Насанқызы

инспектор

54-27-16

202

ТЛЕПОВА

Анара Бауыржанқызы

қабылдау бөлмесінің меңгерушісі

54-92-37

208

СЫДЫҚОВА

Венера Нұрымбекқызы

басшының хатшысы

93-21-68

Read more

Бейсенбі, 29 Наурыз 2018

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды мүгедектік, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, денсаулық жағдайына қатысты мәселелер бойынша қабылдады

2018 жылғы 29 наурызда кестеге сәйкес облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды мүгедектік, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, денсаулық жағдайына қатысты мәселелер бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді және құзырлы органдарға хаттар жолданды.

Read more

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кездесуі

Бүгін облыстық мәслихатта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кездесуі өтті:
Кездесуге ПІШЕМБАЕВ Мейрам Кұдайбергенұлы - экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі;
ӨТЕМІСОВ Шавхат Әнесұлы - экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі;
КОЗЛОВ Евгений Александрович - заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
КЛИМЕНКО Иван Иванович - әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі қатысты.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 28 наурызында, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасын іске асыру туралы» облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысының орынбасары А.А. Көкеев баяндады.

 

Read more

Дүйсенбі, 26 Наурыз 2018

Депутаттар Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығына барып, жұмысымен танысты

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресмилендіру бойынша шаралар туралы» мәселе бойынша депутаттар Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығына барып, жұмысымен танысты.
Аталаған мәселе облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралады.

Read more

Баспасөз хабарламасы

26 наурыз 2018 жылы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, Қоғамдық кеңестің, Ақтөбе қаласы әкімдігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Наурыз мейрамына арналған мерекелік дастархан

«Энергия» сауда үйі жетекшілері В.А.Хмыров пен облыстық мәслиxатының депутаты С.В.Вишняктың бастамасымен Наурыз мейрамына арнап барлық қонақтары үшін мерекелік дастарxан дайындады. Ән мен биге ұласқан керемет мереке өтті.

Read more

Сейсенбі, 20 Наурыз 2018

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясының баспасөз-хабарламасы

2018 жылғы 20 наурызында облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясының жалпы отырысы №30 Шалқар қалалық сайлау округінен депутат Ақылбек Тілеулесұлы Оралмағанбетовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласыны әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақтөбе қаласы әкімі І.С. Испанов хабарлады.

Read more

Дүйсенбі, 19 Наурыз 2018

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен аппаратының қызметкерлері қаламыздағы ардагерлер мен зейнеткерлерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен аппаратының қызметкерлері қаламыздағы ардагерлер мен зейнеткерлерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды Тәуелсіз Қазақстанымыздың Ұлттық мерекесі, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады! Барлығына береке, қуаныш пен жақсылық тілеп, мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 19 наурызда, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдығұлова, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы К.Д.Елубаев, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Сенбі, 17 Наурыз 2018

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясы 2018 жылғы 20 наурызда сағат 12.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.

Хабарламашы: І.С.Испанов – Ақтөбе қаласының әкімі

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2018 жылғы 20 наурызда сағат 12.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық
мәслихаттың хатшысы
С.Қалдығұлова

Read more

Жұма, 16 Наурыз 2018

Балаларға мереке ұйымдастырылды

Облыс басшысы Б.М. Сапарбаевтың бастамасымен «Бақытты бала» жобасы қарқынды жүзеге іске асырылып келеді.
Наурыз мейрамы қарсаңында халық қалаулылары кішкентай Ақтөбеліктерге мереке сыйлады. Өздерінің сайлау округтерінің оқушыларымен мультфильмдер мен кинофильмдерді көріп, батутта секіріп, Бургер Кинг пен аспаздық студиясында дәмді тамақтанды.
№6 Жанұзақ сайлау округінен депутат Сергей Вишняк және № 28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Ілиясов Мәртөк ауданы Құрмансай, Байнасай ауылдық округтерінің, Ақтөбе қалалық №26, №40 орта мектептерінің балаларымен бірге «Керуен-Сити» ойын-сауық кешенінде болды.

 

Read more

Бейсенбі, 15 Наурыз 2018

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады

2018 жылғы 15 наурызда кестеге сәйкес облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді және құзырлы органдарға хаттар жолданды.

Read more

Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018

Қарғалы аудандық соты «Соттан тыс татуласу кабинетін» ашты

2018 жылғы 12 наурызда облыстық мәслихаттың депутаты Асқар Аманбайұлы Садықов Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында Қарғалы аудандық сотымен өткізілген «Соттан тыс татуласу» кабинетінің ашылу рәсіміне қатысты.
Соттан тыс татуласу кабинетінің құрылуы қоғамдағы дау-дамайды азайтып, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеріп және дауды бітімгершілікпен шешіп, материалдық және моральдық шығындарды азайтып, құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бірден-бір септігін тигізеді.

Read more

Сейсенбі, 13 Наурыз 2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәслелері бойынша кәсіпкерлердің өңірлік Форумы

2018 жылдың 12 наурызында Қ.Жұбанов атындағы университеттің конферец залында Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәслелері бойынша кәсіпкерлердің өңірлік Форумы өткізілді. Форумға облыстық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Read more

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018

Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтау

Ақтөбе облыстық мәслихаты Халықаралық әйелдер күні мерекесімен ардагер және зейнеткер әйелдерді, мүмкіндігі шектеулі азаматшаларды құттықтады.
Аруларды шұғыла көктем мерекесімен құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл-күй мен береке тіледік.

Read more

Сейсенбі, 06 Наурыз 2018

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

2018 жылдың 5 наурызында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» облыстық актив өтті. Активке облыс әкімі, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, кәсіпорындардың, құқық қорғау органдарының, оқу орындарының басшылары, қоғамдық кеңестердің мүшелері және т.б. қатысты. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өмірін жақсарту үшін бес әлеуметтік бастама жария етті. Олардың ішінде жалақысы төмен қазақстандықтар үшін салық ауыртпалығын төмендету, «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламаны енгізу, техникалық мамандықтар бойынша гранттар бөлу. Және де шағын, орта бизнестің дамуына және өңірлерді газдандыруға назар аударылды», - деді Бердібек Сапарбаев.

Read more

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 5 наурызда, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы ЕРҒАЗИНАНЫҢ төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Жұма, 02 Наурыз 2018

17 кезектi сессия материалдар

Read more

Бейсенбі, 01 Наурыз 2018

Баспасөз хабарламасы

1 наурыз 2018 жылы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, Қоғамдық кеңестің, Ақтөбе қаласы әкімдігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Сәрсенбі, 28 Ақпан 2018

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары Ақтөбе қаласындағы спорт нысандарының жұмыстарын қарады

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметімен танысып, Ақтөбе қаласындағы спорт нысандарының жұмыстарын қарады, олар:
1. Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
2. Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;
3. №4 облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі.
«Тұрғындарды дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша жұмыстардың барысы туралы» мәселе облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралады.

Read more

Сейсенбі, 27 Ақпан 2018

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 27 ақпанда, №10 Абая сайлау округінен депутат Асхат Абдрахманұлы Айтжановтың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Дүйсенбі, 26 Ақпан 2018

Облыстық мәслихаттың депутаттары «Ақтөбе» Индустриалдық аймағына барды

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары «Ақтөбе» Индустриалдық аймағына барып, «Зерде-Керамика»ЖШС, «FIBC Kazakhstan»ЖШС, «Поливест»ЖШС, «Жедель-Плюс»ЖШС және басқа да 13 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын қарады.
«Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ 2017 жылғы қызметінің қорытындысы және 2018 жылға жоспарлары туралы 2018 жылдың 27 ақпанында комиссияның кеңейтілген отырысында қаралады.

Read more

Бейсенбі, 22 Ақпан 2018

Облыстық мәслихаттың кезекті 17-ші сессиясы

2018 жылғы 22 ақпанда №26 Темір сайлау округінен депутат Светлана Ермекқызы Айтбаеваның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті.
Сессияда келесідей сұрақтар қаралды: «Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылға есебі және оның қызметін бағалау», «Ақтөбе облысы аумағының қала құрылысын жоспарлаудың Кешендi схемасын бекiту туралы», «Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 08 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және т.б. Қ.С. Жақсығалиев, С.Т. Төленбергенов, О.М. Смағұлов және басқа да басқарма басшылары баяндама жасады.

Read more

Сәрсенбі, 21 Ақпан 2018

Ақтөбе облысы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі

Бүгін «Өнер орталығында» Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың өңірдің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына және ағымдағы жылға арналған тапсырмалар туралы тұрғындармен есептік кездесуі өтті.
Есептік кездесуге облыстық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Read more

Сейсенбі, 20 Ақпан 2018

Облыстық мәслихат депутаттарының, облыстық басқармалар және департамент басшыларының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясы 2018 жылғы 22 ақпанда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

К ү н   т ә р т і б і:

1. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылға есебі және оның қызметін бағалау.

Хабарламашы: Қ.С.Жақсығалиев - Ақтөбе облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы

2. 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы.

3. Ақтөбе облысы аумағының қала құрылысын жоспарлаудың Кешендi схемасын бекiту туралы.

Хабарламашы: С.Т.Төленбергенов – облыс әкімінің орынбасары

4. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 08 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: О.М.Смағұлов - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

5. Басқа да мәселелер.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2018 жылғы 22 ақпанда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық мәслихаттың
С.Қалдығұлова

 

Read more

Дүйсенбі, 19 Ақпан 2018

19 ақпан 2018 жылы облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

190218soc19 ақпан 2018 жылы №22 Мәртөк  сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
 «Ақтөбе облысы Қобда ауданының білім беру ұйымдарына атаулар беру бойынша ұсыныс енгізу туралы» және «Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру туралы»  тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Тельманқызы Төлебаева баяндады.
Төлебаева Г.Т. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда гимназиясына - Исатай Таймановтың есімін, Қобда орта мектебіне - Қобыланды батырдың  есімін беру туралы ұсыныс жасады. Депутаттар аталған ұсынысты қолдады. Сұрақ областық мәслихаттың кезекті сессиясында қарастырылған соң материалдар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.
Басқарма басшысы екінші сұрақ бойынша Ақтөбе қаласының 70 атаусыз көшесіне атау беруді ұсынды.

Read more

2018 жылғы 19 ақпанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті

2018 жылғы 19 ақпанда, №14 Шайкенов сайлау
округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы О.М. Смағұлов - облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы хабарлады.

Read more

Жұма, 16 Ақпан 2018

2018 жылғы 16 ақпанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты коми

2018 жылғы 16 ақпанда, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Read more

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары МЖӘ бойынша төменде көрсетілген объектілерге барды

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары МЖӘ бойынша төменде көрсетілген объектілерге барды:
1. Жалпы ауданы 5 286,8 ш.м. құрайтын, орналасқан жері аббаттандырылған, Ақтөбе қ., Маресьев к-сі 2/1 уч.,мекен-жайы бойынша орналасқан шағын-отбасылық жатақхана;
2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы бала-бақшаны орналастыру үшін, Ақтөбе қаласының Батыс-2 тұрғын үй алабындағы 9/2 үйдегі мектепке дейінгі білім беру мекемесі;
3. Жалпы ауданы 10500 шаршы метрден кем емес 5 алаңнан тұратын спорттық кешен ( Сәнкібай батыр даңғылы, 1).

Read more

Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018

2017 жылғы 14 ақпанда облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

2017 жылғы 14 ақпанда, №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қазақстанның қалалық құрылысшылар одағының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Жұма, 09 Ақпан 2018

2017 жылғы 09 ақпанда, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

2017 жылғы 09 ақпанда, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Қуаныш Далабайұлы Елубаев, Ақтөбе облысының ІІД бастының бірінші орынбасары Айдар Көштібайұлы Токеев, облыс прокурорының аға көмекшісі Жұмағали Сағындықұлы Рысалдинов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Бейсенбі, 08 Ақпан 2018

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2018 жылғы 7 ақпанда кестеге сәйкес облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдау барысындаға мәселелер денсаулық саласына және ономастикаға қатысты болды.

Read more

Сәрсенбі, 07 Ақпан 2018

Ақтөбе облысының дизайнерлері мен тігіншілерінің қауымдастығы ұйымдастырған «Aktobe Fashion Days 2018» атты сәнді көрсетілім өтті

6 ақпан 2018 жылы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Ақтөбе облысының дизайнерлері мен тігіншілерінің қауымдастығы ұйымдастырған «Aktobe Fashion Days 2018» атты сәнді көрсетілім өтті.
Көрсетілімде алғашқы рет біздің өңіріміздің және Қазақстанның басқа да қалаларынан келген жетекші дизайнерлердің коллециясы көрсетілді.

Read more

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңетілген жиналысы өтті

6 ақпан 2018 жылы «Халықтық кеңсе» ғимаратында облыс әкімінің Б.М. Сапарбаев төрағалық етуімен Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңетілген жиналысы өтті.
Жұмыс барысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - С.М.Қалдығұлова, аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, қалалық және аудандық жұмыспен қамтуды үйлестріру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының директорлары,үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Read more

Бейсенбі, 01 Ақпан 2018

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2018 жылғы 31 қаңтарда Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - Сәния Мұсақызы Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді және құзырлы органдарға хаттар жолданды.

 

Read more

Сәрсенбі, 31 Қаңтар 2018

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру бойынша ұйымдастыру комитетінің төрайымы С.М.Қалдығұлованың «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілік кешені жобасын іске асыру мәселесі бойынша кездесуі өтті

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру бойынша ұйымдастыру комитетінің төрайымы С.М.Қалдығұлованың шағын және орта бизнес, банк саласы, коммуналдық кәсіпорындар басшыларымен, мәдениет және спорт саласы өкілдерімен кездесуі, аналардың ерлік істеріне, өңірдің дамуына зор үлес қосқан әйелдерге, отбасы мен тәрбиедегі ананың роліне бағытталған «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілік кешені жобасын іске асыру мәселесі бойынша 2018 жылғы 31 қаңтарда өтті.
Кездесуге қатысушылар алғаш рет қолға алынып отырған «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілік кешені жобасын іске асыруға қолдау көрсетіп, өздерінің ұсыныстарын енгізді.

Read more

Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы С.М.Қалдығұлованың төрағалық етуімен облыстық мәслихатта 2018 жылғы 29 қаңтарда өтті. Күн тәртібінде «Аналарға тағзым» жобасын іске асыру туралы мәселе қаралды. «Аналарға тағзым» кешенінің қызметі аналардың ерлік істеріне, өңірдің дамуына зор үлес қосқан әйелдерге, отбасы мен тәрбиедегі ананың роліне бағытталған. Read more

Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018

Мәслихаттың 2018 жылға жұмыс жоспары

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                             №232       2017 жылғы 08 желтоқсан

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                     23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облыстық мәслихатының                   2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

            2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихаттың                                 Облыстық                      

         сессия төрағасы                           мәслихаттың хатшысы

 

 

 

                     Г. ЕРҒАЗИНА                             С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

2017 жылғы 08 желтоқсандағы №232

облыстық мәслихаттың шешімімен

бекітілген

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған

Ж Ұ М Ы С   Ж О С П А Р Ы

Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отыра, Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:

- облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді иннофациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға;  

            - Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге;

- облыстық мәслихаттың депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаттарды сақтауға;

- облыстық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;

            - тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға;

            - облыста заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;

            - қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.

            2018 жылға белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:

І. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер

 

І тоқсан

1. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2017 жылға оның қызметін бағалау.

2. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нысандандыру бойынша шаралар туралы.

3. Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы.

 

ІІ тоқсан

            1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

            1.1. 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.

            2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

ІІІ тоқсан

                       

1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың есебі туралы.

            2. Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі және одан әрі күшейту бойынша шаралар туралы.

           

ІV тоқсан

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылу және Ақтөбе облысына инвестициялар тарту стратегиясының қалыптастырылу барысы туралы.

3. Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

5. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

6. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

7. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

Сессияларда айтылған ескертулер мен ұсыныстарды, бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттарды сессияның қарауына үнемі енгізу.

Тұрақты комиссиялардың есептерін, депутаттық сауалдарды және жергілікті өкілді органдардың құзыретіне жататын басқа да мәселелерді сессияларда қарау.

ІІ. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қаралатын мәселелер

1. Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  

құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмысжөніндегі

тұрақты комиссия:

I тоқсан

 

1. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2017 жылға оның қызметін бағалау.

II тоқсан

1. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша шараларды іске асыру туралы.

2. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара                                іс-қимылдардың негізгі бағыттары туралы.

III тоқсан

            1. Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі және одан әрі күшейту бойынша шаралар туралы.

            2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдармен орындалу барысы туралы.

IV тоқсан

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жұмысы туралы (көшпелі отырыс).

3. Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

2. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі

тұрақты комиссия:

I тоқсан

 

1. «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ-ның 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы.

2. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

II тоқсан

 

           1. Облыс әкімдігінің 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.

           2. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы есебі.

            3. Облысты дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының есептері туралы.

            4. Ақтөбе қаласының бекітілген Бас жоспарына сәйкес облыс орталығының және Ақтөбе агломерациясының даму келешегі туралы.

 

III тоқсан

 

1. Ақтөбе облысында жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы жергілікті атқарушы органдардың есебі (көшпелі отырыс).

2. Облыстың аудандарында жаппай кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті жақсарту бойынша шаралар туралы.

 

IV тоқсан

 

  1.    2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

            2. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылу және Ақтөбе облысына инвестициялар тарту стратегиясының қалыптастырылу барысы туралы.

            3. Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

 

Облыс бюджетің нақтылау, оның орындалуы мәселелерін қажеттілігі бойынша қарау.

Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы облыс бойынша тексеру комиссиясының есептерін отырыстарда тоқсан сайын тыңдау.

3. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия:

І тоқсан

 

1. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нысандандыру бойынша шаралар туралы.

2. Тұрғындарды дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша жұмыстардың барысы туралы.

ІІ тоқсан

           

            1. Кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша жергілікті атқарушы органдармен атқарылған жұмыстар туралы (көшпелі отырыс).

2. Ақтөбе облысында жастар саясатын іске асыру бойынша шаралар туралы.

3. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.

ІІІ тоқсан

 

1. Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып отырған шаралар туралы.

2. «Мәдени мұра» ұлттық жоба шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» кіші бағдарламасын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы.

3. Ақтөбе облысындағы паллиативтік көмектің жағдайы және оның даму келешегі.

ІV тоқсан

 

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік еңбек саласындағы цифрландыру туралы.

3. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану

жөніндегі тұрақты комиссия

I тоқсан

 

1. Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша шаралар туралы.

2. Ақтөбе облысында ветеринариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы.

II тоқсан

1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

           

III тоқсан

            1. Облыс орталығындағы қоршаған ортаның жай-күйі және қауіпсіздігінің сақтау бойынша шаралар туралы.

            2. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділігін және сапасын арттыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстары туралы.

IV тоқсан

 

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

            2. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

5. Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

I тоқсан

1. Ақтөбе қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және жаңғыртудың өзекті мәселелері, ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді жою туралы.

2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғызылған газ тарату желілерін пайдалану туралы.

 

II тоқсан

 

1. Ақтөбе қаласындағы автомобиль жолдары, суағарлар мен нөсерлік кәріздердің жағдайы және жөндеу мен күтіп-ұстау бойынша шаралар туралы (көшпелі отырыс).

2. «Ақылды қала» - Smart City» жобасының облыс орталығында іске асырылу барысы туралы.

III тоқсан

 

1. Ақтөбе облысында көлік инфрақұрылымының даму жағдай туралы.

2. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешімімен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру Қағидаларының орындалу барысы туралы (көшпелі отырыс).

3. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы (көшпелі отырыс).

 

IV тоқсан

           1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

            2. Табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) реттеу бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің қызметі туралы.

            3. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

III. Көпшіліктік тыңдаулар

Өте қажетті және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде көпшіліктік тыңдаулар өткізу:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын және тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру туралы.

IV. Депутаттарды құқықтық оқыту

Депутаттардың құқықтық білім деңгейлерін көтеру мақсатында жүйелі түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін зерделеу бойынша құқықтық оқулар, білікті мамандардың қатысуымен семинар-жиналыстар өткізу:

1 жартыжылдықта

            1. Салық заңнамасының мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын түсіндіру.

2 жартыжылдықта

            2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы.

V. «Депутаттық күндер»

            Облыстың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының, жоспарлардың іске асырылу барысы туралы басқарма басшыларының есептерімен «Депутаттық күндер» өткізу:

1 жартыжылдықта

1. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы.

2 жартыжылдықта

2. Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның іске асырылу барысы туралы.

VI. Ұйымдастыру шаралары

           

Депутаттар сайлаушылармен тұрақты байланыста болады, оларды облыстық мәслихаттың жұмыстары туралы ұдайы хабардар етеді, қоғамдық пікірді зерделеп және атқарушы органдарға мәселелер мен ұсыныстарды енгізеді. Бекітілген кесте бойынша азаматтарды қабылдайды.

Мәслихат аппараты бұқаралық ақпарат құралдарында және веб-сайтта облыстық мәслихаттың, депутаттардың қызметтері, өткізілген шаралар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ақпараттарды ұдайы жариялайды.

            Бұл мақсатта депутаттардың жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншіліктерін белсенді пайдалану қажет. «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакцияларымен бірге «Депутаттық парақ» айдарының шығарылымы ұдайы ұйымдастырылады.                                                  

Read more

2018 жылға Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлованың азаматтарды қабылдау кестесі

 

 

Ай атауы

қабылдау

күні

қабылдау

күні

1

қаңтар

17

31

2

ақпан

7

21

3

наурыз

14

28

4

сәуір

4

18

5

мамыр

16

23

6

маусым

6

20

7

шілде

4

18

8

тамыз

8

22

9

қыркүйек

5

26

10

қазан

10

24

11

қараша

7

28

12

желтоқсан

5

26

 

ЕСКЕРТУ:
Қабылдау айына 2 рет әр сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-ден - 17.00-ге дейін Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекен-жайында (облыстық әкімдік ғимараты), №208 бөлмеде жүргізіледі.

Байланыс телефоны: 8/7132/56-37-13

 

Read more

Сәрсенбі, 17 Қаңтар 2018

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады

2018 жылғы 17 қаңтарда Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - Сәния Мұсақызы Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді және құзырлы органдарға хаттар жолданды.

Read more

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар

 

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

  

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.

Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.

Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.  

Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.

Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.

Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.

Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.

Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Құрметті отандастар!

Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіпбрендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық.

2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.

2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз.

Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық.

Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты.

2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті.

Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты.

Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті.

Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді.

Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.

Дегенмен, Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.

«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет.

Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революцияэлементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.

Мұның өзіндік сын-қатерлері демүмкіндіктері де бар.

Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.

Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек.

БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Оның нәтижелері мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағдарыста негізгі тұрақтандырушы факторлардың бірі болды.

Сол себепті жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз өзгерген жоқ.

Сонымен қатар индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс.

Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.

Бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін ынталандыруға тиіс.

Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату керек.

Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге айналып келеді.

Ол біздің Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуға тиіс.

«Алатау» инновациялық технологиялар паркінің қызметін ұйымдастыруды түбегейлі қайта қарау қажет.

Нақты сектордың жаңа технологияларға деген сұранысты ынталандыруы және венчурлық қаржыландырудың жеке нарығының қызметі инновациялық экожүйе жетістіктерінің негізгі факторлары болып саналады.

Бұл үшін тиісті заңнама қажет.

Бұдан бөлек, IT және инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр.

Экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс күшінің көптеп босап қалу қаупін де тудырады.

Босайтын жұмыс күшін еңбекпен қамту үшін келісілген саясатты алдын ала тиянақтау керек.

Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады.

2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады.

Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек.

Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу қажет.

Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.

Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті.

Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі.

Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді.

Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндетін қойдық.  

Қазір бізде жалпы қуаттылығы 336 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс істейді. Соларда 2017 жылы 1,1 миллиард киловатт-сағат «жасыл» энергия өндірілді.

«Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды.

Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қаттықалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек.

Осы және басқа да шаралар заңнамаға, соның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуді талап етеді.

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.

Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік.

Оны мақтан тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз.

Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет.

Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды.

Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс.

Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет.  

Осыған орай аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек.

Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс.

Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық біліммен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі.

Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады.

Жүргізушісі жоқ техника адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді.

Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетукерек.

Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс.

Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.

Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек.

Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет.

5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығыөнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын.

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.

Бұл туралы көп айтылды.

Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады.

Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр.

Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді.

Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет.

Заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Үлкен деректерді» (Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге, өсімнің резервінанықтауға және артық шығынды азайтуға жағдай туғызады.

Осы мақсаттар үшін Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет.

Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады.

Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек.

Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет.

Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.

Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде.

Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады.

Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек.

Осы міндетті орындау барысында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды,сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдердіқолдану керек.

Ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажет.

Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек.

Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартып, табиғи монополистерді тиімді жұмысқа ынталандырады.

Заңнамаға, соның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

Әкімдер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуі керек.

Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыруы қажет.

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.

Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс.

Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс.

Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек.

Әйтпесе, мұндай мемлекеттік органның не керегі бар?

Ұлттық Банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау қатаң, уақтылы әрі нәтижеліболуға тиіс.

Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік береді.

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет.

Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді тапсырамын.

Сол күннен бастап аталған валюталық займдарды жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынған болатын.

Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс.

Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының дамуы маңызды болып саналады.

Бұл – жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі міндеттерінің бірі.

Ол халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданатын өңірлік хабқа айналуға тиіс.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компанияларының акцияларын IPO-ға табысты түрде шығару қор нарығын дамытуға септігін тигізеді.

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Білім берудің жаңа сапасы.

Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.

Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.

Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады.

Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет.

Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек.

Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.

Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.

Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек.

Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек.

Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.

Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.

Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде.

Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.

Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған.

Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді.

Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр.

Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек.

Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.

Орыс тілін білу маңызды болып қала береді.

2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді.

2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.

Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады.

Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануғада мүмкіндігі болады.

Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады.

Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс.

Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет.

Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек.

«Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді.

Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс.

Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек.

Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады.

Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек.

Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологияларсалаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек.

Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі.

Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет.

Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиіс.

Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек.

Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді.

Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек.

Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет.

Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.

«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.

Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланыстымедициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.

Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.

Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек.

Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек.

Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет.

Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар.

Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек.

Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет.

Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс.

Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек.

Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.

Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды.

Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу талап етіледі.

Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет.

Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады.

Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.

Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек.

Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады.

Бүгінде бізде Назарбаев Университетінің бірегей Медицина мектебі бар. Онда біріктірілген университет клиникасы жұмыс істейді.

Бұл тәжірибе барлық медициналық жоғары оқу орындарына таратылуға тиіс.

Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет.

Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі.

Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор.

Барлық негізгі мамандық бойынша  заманауи стандарттар әзірлеу қажет.

Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер еңбеккерлердің білімі, қабілеті мен құзыретінің қандай болуы қажеттігін нақты белгілейді.

Кәсіби стандарттардың талаптарын ескеріп, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет немесе қазіргі бағдарламаларды жаңарту керек.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады.

Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды.

Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет.

Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.

Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс.

Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын болады.

Еңбек кітапшаларын да электрондық форматқа көшірген жөн.

Электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау қажет.

Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қазір зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған.

Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады.

Осыған орай, барша қазақстандықтар өздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруға зор мән беруі керек.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады.

Біз 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмеккөрсетудің жаңа тәртібіне көштік.

Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 процентінен 50 процентіне дейін көтерілді.

Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек оларжұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады.

Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары күшейтіледі.

            Қымбатты қазақстандықтар!

Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды.

2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салғым келеді.

Базалық зейнетақы, жалпы алғанда, 29 процентке, ынтымақты зейнетақы 32 процентке, бала тууға байланысты жәрдемақы 37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 процентке өсті.

Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы 28 процентке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 процентке дейін, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерініңжалақысы 40 процентке дейін, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30 процентке, стипендиялар 25 процентке өсті.

Дағдарыс заманы. Әйтсе де, әлемнің санаулы ғана елдері әлеуметтік салаға жұмсайтын шығындарын осылай арттыра алды.

Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты.

Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табыстарын көбейтеді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты.

Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсті.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын.

Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады.

2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады.

Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.

Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын.

Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек.

Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады.

Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.

Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.

Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.

Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек.

«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландырудықамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.

Олар үшін және энергия өндірушілер үшін инвестициялық бағдарламаларын ескеріп, негізделген тарифтерді белгілеу маңызды.

Бизнес-климатты жақсарту үшін батыл іс-қимыл талап етіледі, әсіресе өңірлік деңгейде.

Үкімет бизнесті көлеңкеден шығарып, оны қолдауға бағытталған жүйелі шаралардың жаңа пакетіндайындауға тиіс.

Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету қажет.

Әкімшілік шығындарды азайту үшін  ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігіншебіріктіру керек.

Босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет.

Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады, сондай-ақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады.

Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, 2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асыруды тапсырамын

Өңірлердегі мемлекеттік қызметтің тиімділік әлеуетін олардың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру арқылы мейлінше толық ашу керек.

Жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңестіруден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиіс.

Атап айтқанда, бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.

Үкімет виза мәселелерін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды және туризм саласындағы кедергілерді алып тастауды қамтитын кешенді шаралар қабылдауы керек.

Фискальды орталықсыздандыру аясында шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлік бюджеттерге беру мәселесін шешу керек.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленген.

2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде күшіне енеді.

Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді.

Бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықты тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс.

Мемлекет пен компаниялар жаңа технологияларды енгізе отырып, өз ақпараттық жүйелері мен құрылғыларының берік қорғалуын қамтамасыз етуі керек.  

Бүгінде киберқауіпсіздік ұғымы тек ақпаратты ғана емес, сонымен қатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды басқару тетігін қорғау дегенді де білдіреді.

Осы және өзге де шаралар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс.

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.

Көп жұмыс істеліп жатыр.

Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.

Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді.

Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.

Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.

Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.

Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.  

Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.

Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.   

Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.  

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек. 

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.

Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.

Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады.

«Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.

Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты.

Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды.

Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек. 

«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.

Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.

Қымбатты қазақстандықтар!

Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік.

Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді.

Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты  нақтылай түсті.

Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық.

Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады.

Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.

 

Read more

Сейсенбі, 16 Қаңтар 2018

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыру жөнінде облыстық мәслихаттың депутаттарымен кеңес С.М.Қалдығұлованың төрағалық етуімен2018 жылғы 15 қаңтардаөтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.О.Елеусіноваоблыстық мәслихатдепутаттарының алдында қысқаша хабарлама жасап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында облыста ақпараттық-үгіт топтарының құрылғандығын хабардар етті.

Read more

Сәрсенбі, 10 Қаңтар 2018

Облыстық мәслихаттың депутаттарымен және бизнес өкілдерімен кездесу облыстық мәслихатта өтті

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлованың және облыс әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекеновтің төрағалық етуімен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және әлеуметтік нысандардың құрылысы, сонымен қатар «Туған жер» акциясы шеңберінде Батыс-2 шағын ауданында «Аналарға тағзым» 3 қатарлы ғимараттың құрылысы мәселелері бойынша, облыстық мәслихаттың депутаттарымен және бизнес өкілдерімен кездесу облыстық мәслихатта 2018 жылғы 10 қаңтарда өтті.

Read more

Сәрсенбі, 03 Қаңтар 2018

Баспасөз хабарламасы

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Төрағасы Глеб Анатольевич Щегельский, осы Комитеттің мүшесі Құралай Әнуарқызы Қаракен, Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері - Сергей Анатольевич Симонов және Дания Мәдиқызы Еспаеваоблыстық мәслихаттың депутаттарымен кездесті.

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30