2013

Сейсенбі, 31 Желтоқсан 2013

Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2013

№18 кезекті сессия материалдары - 12.12.2013ж.

Шешімдер:

Read more

Сәрсенбі, 04 Желтоқсан 2013

Сәрсенбі, 06 Қараша 2013

№16 кезектен тыс сессия материалдары - 01.11.2013ж.

Шешімдер:

Read more

Жексенбі, 27 Қазан 2013

15 съезд НурОтан КАЗ

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Қалдығұлова, және облыстық мәслихаттың депутаттары, ақтөбелік нұротандықтардың делегациясының құрамында, Астана қаласында 18 қазанда өткен «Нұр Отан» партиясының 15 кезектен тыс съезінің жұмысына белсенді қатысты

Read more

Сәрсенбі, 14 Тамыз 2013

Бейсенбі, 01 Тамыз 2013

Сейсенбі, 23 Шілде 2013

№14 кезекті сессия материалдары - 22.07.2013ж.

Шешімдер:

Read more

Бейсенбі, 04 Шілде 2013

26 июня детская площадка КАЗ

26 маусым күні Ақтөбе қаласындағы 11 шағын ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында балалар спорттық-ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті.

Read more

Сейсенбі, 02 Шілде 2013

Дүйсенбі, 01 Шілде 2013

01.07.2013ж.

Read more

Сәрсенбі, 19 Маусым 2013

Бейсенбі, 13 Маусым 2013

7 июня Абдоллаев

7 июня в малом зале конференций Актюбинского Государственного педагогического института состоялось расширенное заседание, посвященное 70-летию заведующему кафедрой истории Казахстана, ветерану труда, доктору исторических наук, профессору Нуртазе Агишановичу Абдоллаеву.
В работе заседания приняли участие и выступили с поздравлениями в адрес юбиляра коллеги, представители городского акимата, областных управлений.
С поздравлениями от имени областного маслихата к юбиляру обратился депутат областного маслихата Асхат Шахаров.

Read more

Сәрсенбі, 12 Маусым 2013

Ақтөбе облысының облыстық мәслихат депутаты Ахмет Айдар Жеңісұлының Мұғалжар ауданының көлемінде ұйымдастырған демеушілік іс-шаралары

Елбасының  тапсырысы бойынша соңғы жылдары  Қазақстанның түкпір – түкпірінде «Жасыл ел» акциялары жүргізіліп отыр, бұл іс-шараның басты мақсаты  туған  жерімізді, елімізді  жасыл желекті өлкеге айналдыру, көгалдандыру, гүлдендіру.
Осы ретте,  Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында да қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және елді мекендерді жайландыру, көгалдандыру іс –шараларына орасан зор  көңіл бөлініп отыр.
Мұғалжар ауданы Ақтөбе облысының ең ірі аудандарының бірі. Аудан өңірінде  бірқатар өндірістік кәсіпорындар  орналасқан, осыған орай экологиялық мәселелер де жеткілікті.

Read more

Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық тарихи - өлкетану мұражай қорына киіз үй жәдігерін тапсыру рәсімі

Мұғалжар ауданының  Қандыағаш қаласында жыл сайын  1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі  тойланып отырады. Биылғы жылы аталмыш мерекені тойлау қарсаңында, облыстық мәслихат депутаты Айдар Жеңісұлы Ахмет мырза   аудандық тарихи - өлкетану мұражайының қорына аса құнды  киіз үй жәдігерін сыйға тартты, киіз үйдің іші толық жасақталып, ұлттық бұйымдармен безендірілген.
Тамыры тереңге тараған ежелгі  қазақ  халықының мәңгілік баға жетпес   мәдениетінің   бірі – киелі киіз үй,  сәулет өнері мен  құрылыстың,  қолөнер мен зергерліктің және тағы да басқа  қазақ халқының  шеберлік өнерлерінің   басын құрайтын ғажайып туындысы. Бұл құнды жәдігер алдағы уақытта Мұғалжар  ауданына келген қонақтардың және аудан тұрғындарының  көздерін  қуантатын, сонымен қатар  өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа қазақ халқының  салт –дәстүрі мен  мәдениетін таныстыруға қажетті баға жетпес құнды  жәдігер екені сөзсіз белгілі. Ауданның өлкетану  мұражайының  қорына  сыйға тартылған киіз үй жәдігері   № 3936 болып тіркелді.

Read more

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Ахмет Айдар Жеңісұлының 1-маусым «балаларды қорғау күніне» байланысты көрсеткен демеушілік көмегі

Бүгінгі таңда әлеуметтік жағынан толық қамтылмаған, тұрмыс - тіршілігі төмен отбастарында тәрбиеленіп отырған балаларға көмек көрсету әрбір адамның   азаматтық парызы,   борышы.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағын қалыптастыратын бүгінгі бүлдіршіндердің ең сүйікті мерекесі, 1-Маусым,    «Балаларды қорғау күніне» байланысты  Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты  Ахмет Айдар Жеңісұлы  өз тарапынан демеушілік көмек көрсетті.

Read more

Бейсенбі, 06 Маусым 2013

1 июня - День защиты Детей КАЗ

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні, балаларға сыйлықтар тапсыру және мекемелердің басшыларымен бүгінгі күнгі өзекті мәселелерді талқылау үшін Ақтобе облыстық маслихатының депутаттары Жайсан мектеп-интернатында және Ақтөбе қаласындағы «Үміт» балалар үйінде болды

Read more

Сәрсенбі, 05 Маусым 2013

№12 кезекті сессия материалдары - 05.06.2013ж.

Шешімдер:

Read more

Сейсенбі, 04 Маусым 2013

Қалдығұлова Сәния Мұсақызы – блог

blog2016ruҚалдығұлова Сәния Мұсақызы 1956 жылғы 24 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, 1982 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.


Өзінің еңбек жолын 1976 жылы аға тәлімгер, бастауыш класс мұғалімі қызметтерінен бастаған. 1980-1988 жылдар аралығында комсомол органдарында: ҚазССР-і Фрунзе аудандық ЛКЖО-ның екінші хатшысы, Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрайымы болып қызмет атқарған.


1988 жылдан бастап атқарушы билік органдарында: Ақтөбе қалалық Халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары, қала әкімшілігі басшысының орынбасары, қала әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс жасаған.


1999 жылдан 2004 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2004 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта жалпы орта білім беретін №17 мектеп-гимназия директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2012 жылы 15 қаңтарда облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған.
2012 жылғы 20 қаңтарда сессия шешімімен Ақтөбе облыстық мәлихатының хатшысы болып сайланған.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарады.

«Құрмет» Орденімен (2003), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2009), «Ақтөбе облысының жыл адамы - 2011», «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» (2011) құрметті атақтарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Read more

Жексенбі, 02 Маусым 2013

15 мамыр - Алга

15 мамыр күні Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлованың бастауымен облыстық мәслихатының бір топ депутаттары Алға ауданында болып, ондағы кәсіпкерлермен және олардың жұмыстарымен танысып, шағын және орта бизнестің мәселелері туралы талқылады

Read more

7 мая - Мега Актобе КАЗ

7 мамыр күні «Мега-Ақтөбе» сауда-ойын-сауық кешені алдында Ұлы Жеңіс күніне орай күрестің бірнеше түрінен спорттық жарыс ұйымдастырылды

Read more

Сейсенбі, 14 Мамыр 2013

6 мая концерт в доме инвалидов

6 мая в доме инвалидов города Актобе при содействии и участии творческой группы благотворительного фонда «Камкоршылык-Забота» был дан концерт для ветеранов-инвалидов

Read more

Сәрсенбі, 08 Мамыр 2013

Дүйсенбі, 06 Мамыр 2013

Дүйсенбі, 29 Сәуір 2013

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы

 

 

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы

 

 

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимні

 


 


    Сөзін жазғандар:
Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев


Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді.

Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.

Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.

Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысынбермеген,
Қазағым мықты ғой!


Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің-
Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай, Біздің ел
бақытты, Біздің ел осындай!


Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің-
Қазақстаным!

 

Read more

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Күнбаева Гүлнара Нысанқызы - төрайым
Әбдіхалықов Темірбек Әбдібекұлы - төрайымның орынбасары
Захарова Ольга Олеговна - хатшы


Комиссия мүшелері:


Жұмағалиев Нұрлан Нұрымжанұлы

Құдайбергенов Аманғали Алхатұлы

Осадчая Гульнур Джораевна

Сәрсенова Роза Сәрсенқызы

Read more

Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы

№1 Жамбыл сайлау округі


Сәтмағамбетова Гүлнар Бисетқызы - төрайым
Алмашева Гүлжанат Кенжеғалиқызы - төрайымның орынбасары
Әлиева Баян Сапарғалиқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Ақжігітова Құралай Мәжитқызы
Баланюк Елена Алексеевна
Жұмашев Асан Салықжанұлы
Шерин Андрей Николаевич


№2 Алтынсарин сайлау округі


Бекеғұлова Айгүл Сұлтанқызы - төрайым
Шаманова Элла Жардемғалиқызы - төрайымның орынбасары
Жиенбаева Аяжан Әбдіхамитқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Ким Людмила Анатольевна
Нұрсейтова Үзіл Оразбайқызы
Өмірзақов Көшербай Өмірзақұлы
Ырзабаева Сауле Әкімгерейқызы


№3 Гоголь сайлау округі


Жадрасынова Алмагүл Балтабайқызы - төрайым
Шауменов Еділхан Ерсайынұлы - төрайымның орынбасары
Құлғарашева Гүлнар Жаманбайқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Әбенов Нұрболат Түрікпеншіұлы
Базарғалиева Ғалия Еңсепқызы
Исламғалиева Майра
Тәжібаева Самал Мұсақызы


№4 Мясоедов сайлау округі


Жаналина Ақжеңіс Айтжанқызы - төрайым
Ақылбекова Жанат Елтайқызы - төрайымның орынбасары
Белая Миляуша Бариевна - хатшы

Комиссия мүшелері:
Арыстанова Камшат Қазыбайқызы
Көшекбаева Зейнет Балғалиқызы
Нұрқожаева Күляй Ермешқызы
Ілясова Самира Хамидуллақызы


№5 Берсиев сайлау округі


Істлеуова Роза Базарбайқызы - төрайым
Қылышбекова Ұлжан Айтуғанқызы - төрайымның орынбасары
Дүйсенова Венера Фаясқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Әліпова Сауле Амантайқызы
Нұрғалиева Жанат Қарабайқызы
Уманская Елена Геннадьевна
Хлюстова Ольга Борисовна


№6 Жанұзақов сайлау округі


Мұхамбетова Жәния Жарылғапқызы - төрайым
Төребаева Айгүл Аманғалиқызы - төрайымның орынбасары
Тәжібаева Ләззат Темірқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Алдабергенова Ляззат Аманжанқызы
Жұмахметова Эльвира Маратқызы
Латыпова Бибігүл Сағындыққызы
Рахманберлин Марал Бағдатұлы


№7 Зауыт сайлау округі


Қибатаева Нұрсұлу Қазанғапқызы - төрайым
Дякина Нина Александровна - төрайымның орынбасары
Байтауова Бағилаш - хатшы

Комиссия мүшелері:
Балманова Жанна Маратқызы
Боранов Тұрдыбек Абылұлы
Бұхарбаев Болат Қайроллаұлы
Қобыландина Ляззат Ғизатқызы


№8 Пацаев сайлау округі


Мұхтаров Сабыржан Сағидуллаұлы - төраға
Булыгин Александр Валентинович - төрағаның орынбасары
Ізетова Айнұр Манасқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Жұмағұлова Алмагүл Қойшыбайқызы
Кеңесов Есім Қабденұлы
Козленко Людмила Юрьевна
Тәжібаева Айнамгүл Зейноллақызы


№9 Сейфуллин сайлау округі


Күшкенова Айгүл Төлегенқызы - төрайым
Амуленко Тамара Дмитриевна - төрайымның орынбасары
Алдамжарова Айгүл Нұрмашқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Бекмағамбетова Гаухар Сейітқызы
Бисемалиева Бақтығаным Баянбайқызы
Қалжанова Алтын Садыққызы
Саримова Айнұр Төлегенқызы


№10 Абай сайлау округі


Назаренко Галина Александровна - төрайым
Қадырова Бақыт Есенгелдіқызы - төрайымның орынбасары
Қангереева Гүлсім Қайрошқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Көлшікова Санжан Есқалиқызы
Көпеева Жібек Зинадинқызы
Мрынская Вера Николаевна
Тілепова Ляззат Қияқбайқызы


№11 Сазды сайлау округі


Қожабаева Амандық Өтеғұлқызы - төрайым
Жақыпов Серікқали Сұлтанұлы - төрайымның орынбасары
Круковская Людмила Ивановна - хатшысы

Комиссия мүшелері:
Бекмұратова Баян Әбілқасқызы
Есқалиев Арслан Назарұлы
Нұрғалиева Базаргүл Жаңабайқызы
Сатыбаева Аққалам Сембайқызы


№12 Ауыл шаруашылығы сайлау округі


Төлеуова Разия Жағыпарқызы - төрайым
Омарова Гүлсім Төрениязқызы - төрайымның орынбасары
Аяпова Айман Шарапатқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Есенгелдиева Әлия Сабырқызы
Жантайлақова Бибігүл Мәжитқызы
Мүсенов Құлан Базғалбайұлы
Омарова Венера Өтегенқызы


№13 Ақтөбе сайлау округі


Мырзағалиева Жаңыл Мырзабайқызы - төрайым
Қалиева Фариза Қалелқызы - төрайымның орынбасары
Мұхамедиярова Бибісара Жұмашқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Есембайұлы Нұрсұлтан Есембайұлы
Жұбаназарова Қаламқас Асылбайқызы
Мантаева Майра Қуанқызы
Нараханова Екатерина Жұмабайқызы


№14 Шайкенов сайлау округі


Қалкеева Несіпкүл Мағжанқызы - төрайым
Тумин Құлатай Орынбайұлы - төрайымның орынбасары
Құрманғазина Сұлушаш Ақнаурызқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Қабыланова Сауле Сатыбалдықызы
Қазмағамбетова Назымгүл Қуанышбайқызы
Қараменов Ардақ Маралұлы
Махамбетова Гүлмира Таңатарқызы


№15 Заречный сайлау округі


Сатаев Есбол Қазенұлы - төраға
Қапанов Сәкен Тәжігерейұлы - төрағаның орынбасары
Өтетілеуова Жұмагүл Төлепбергенқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Ахтанова Қорлан Шорақызы
Жұмабаев Әміржан Әділханұлы
Отарбаева Ботагөз Жеткербайқызы
Төрекешова Венера Нағашыбайқызы


№16 Әйтеке би сайлау округі


Қасымқұлова Зәуреш Бақшаққызы – төрайым
Еңсепбаев Сәбит Ермағанбетұлы – төрайымның орынбасары
Қуанышева Қаламқас Ирманқызы – хатшы

Комиссия мүшелері:
Елунина Нина Николаевна
Осипов Александр Федорович
Рахметов Тұрсынбек Зейноллаұлы
Өтеуов Шмит Дәуітұлы


№17 Алға сайлау округі


Нұржан Ақжарқын Ахмедуллақызы - төрайым
Махамбетәлиұлы Жандарбек - төрайымның орынбасары
Баймұратова Бәтима Барлыққызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Ақниязов Медет Болатбекұлы
Латыпова Жаңылсын Мұхтарқызы
Савченко Ольга Николаевна
Ходжанозорова Меруерт Рүстемқызы


№18 Ключевой сайлау округі


Докин Қанат Таңбайұлы - төраға
Әлімов Қуандық Мырзабекұлы - төрағаның орынбасары
Мырзатаева Бақытжан Нұрымқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Базармағанбетов Рыскелді Сүлейменұлы
Байнахатов Бөрібай Кеңесбайұлы
Жетпісбаев Серік Әртісбайұлы
Құсайынов Рашид Кимұлы


№19 Байғанин сайлау округі


Сисен Бөрібай Төлеуішұлы - төраға
Тәжімұратова Әпуажан Құрағанқызы - төрағаның орынбасары
Мамаев Сембай Құсайынұлы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Аманжолов Асхат
Әуелбаев Дәулетияр Мадирұлы
Жұмабаев Әміржан Ғалымұлы
Төкенова Айгүл Жәмиқызы


№20 Ырғыз сайлау округі


Сарсенов Жоламан Жалелұлы – төраға
Кішкентай Жиенғали Мырзағалиұлы – төрағаның орынбасары
Жайшылықов Қобдабай Телманұлы – хатшы

Комиссия мүшелері:
Атантаев Кеңшілік Маханбетұлы
Баймурзина Айгүл Советқызы
Нұршекенов Мұрат
Сазанов Нүркен Жолдыбайұлы


№21 Қарғалы сайлау округі


Ысмағұлова Жаңылсын Ертайқызы – төрайым
Айтмағамбетов Қуатжан Нұратдинұлы – төрайымның орынбасары
Қамбақова Нұржамал Зайнуллқызы – хатшы

Комиссия мүшелері:
Аманжолов Сапарбек Аралбайұлы
Ыкыласова Лиза Қуандыққызы
Сарина Мария Ғабділуһапқызы
Сүтеев Мақсат Жанболатұлы


№22 Мәртөк сайлау округі


Жамаладинов Марат Шаңдыбайұлы - төраға
Кенжеғұлов Болатбек Құрманғалиұлы - төрағаның орынбасары
Едаменко Нина Николаевна - хатшы

Комиссия мүшелері:
Әшімова Бибігүл Елтайқызы
Глухов Виктор Викторович
Егізова Айман Мыңбайқызы
Жаңабергенов Төлеу Жұмағалиұлы


№23 Қандыағаш сайлау округі


Алдаберген Әбілхан Ермағамбетұлы - төраға
Құрманалина Камшат Бақытжанқызы - төрағаның орынбасары
Қожахметова Рабиға Сейітқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Жәнесов Серік Ұлықпанұлы
Жаханова Жамал Досқызы
Шакимов Төрехан Ермұханұлы
Шамғалиев Жайлан Сағидоллаұлы


№24 Ембі сайлау округі


Ешниязов Ізтұрған Әлімбайұлы – төраға
Нұрсейітов Жетпісбай Мамайұлы – төрағаның орынбасары
Жанасаева Күлзейнеп – хатшы

Комиссия мүшелері:
Асанов Жанат Сағымбайұлы
Мамырова Сакия Майханқызы
Нұрғалиев Тоқаш Анафияұлы
Таубаева Зейнегүл


№25 Жұрын сайлау округі


Жаңабаев Алтынбек Жалғасбайұлы - төраға
Жолмағамбет Бауыржан Кенжебайұлы - төрағаның орынбасары
Құдайбергенова Клара Зинуллақызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Айтжанова Жұлдыз Лайыққызы
Веселовский Юрий Степанович
Сарсенбаева Жанна Жаңабайқызы
Сарышева Парида Батырбекқызы


№26 Темір сайлау округі


Қожатілеу Алдабай Қожатілеуұлы - төраға
Сақышева Жаңғақ Сақышқызы - төрағаның орынбасары
Серғазина Раушан Базарбайқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Адаев Ғабит Аманғалиұлы
Әбиев Темірхан Атырауұлы
Дүйсалин Нұрболат Қалдыбайұлы
Мыңбаев Ұшқын Ануарұлы


№27 Ойыл сайлау округі


Ұлықпанов Сәуірбай Ұлықпанұлы – төраға
Жолдыбаев Ербол Ерекешұлы – төрағаның орынбасары
Сапаров Түлкібай Тыңышұлы –хатшы

Комиссия мүшелері:
Мусин Серік Ғалиұлы
Наурызова Ақмарал Бақытқызы
Оралбаева Рая Сәттібергенқызы
Төлегенова Гүлнар Қойшықызы


№28 Қобда сайлау округі


Бисембаев Ағатай Сүлейменұлы - төраға
Жиеналин Жұмағазы Зайырұлы - төрағаның орынбасары
Исатаева Бибігүл Көпжасарқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Зизина Валентина Дмитриевна
Сариева Нажия Хұсайынқызы
Қарақұлова Жанна Ізтұрғанқызы
Ұзақбай Таласбай Ыбрайұлы


№29 Хромтау сайлау округі


Бажақанова Гүлшара Жаркетқызы - төрайым
Таңатаров Ерсұлтан Тойғанұлы - төрайымның орынбасары
Ерзалина Рысты Шалқарбайқызы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Абдрахманова Айжан Қыдырбекқызы
Бижанова Әлия Киікбайқызы
Мұхамеджанова Анаргүл Болатқызы
Сарсенбаева Алипа Сәтпайқызы


№30 Шалқар қалалық сайлау округі


Майкопов Нұрлан Мысырұлы - төраға
Қалықбаев Ақниет Мұхамбеткерімұлы - төрағаның орынбасары
Сейітжан Ағзам Шеріпұлы - хатшы

Комиссия мүшелері:
Алдерзин Сұлтанғали Кемалұлы
Алмағамбетова Айна Ұзақбайқызы
Ерімбетова Жәмила Жұмағалиқызы
Құдабаева Жанар Рамазанқызы


№31 Шалқар селолық сайлау округі


Есжанов Еңсепбай Есжанұлы - төраға
Оразбаев Аққайыр Мәлкешұлы - төрағаның орынбасары
Кішкентаева Нәзира Бақтыбайқызы - хатшысы

Комиссия мүшелері:
Ахетов Ермекбай Ахетұлы
Жиренов Дауренбек Жолдасбайұлы
Сембай Айбек Қойшыбайұлы
Төлеміс Ұзақбай

Read more

11 апреля Итегулов прием КАЗ

Облыстық мәслихаттың депутаты Марат Серғазыұлы Итеғұлов 2013 жылғы 11 сәуірде «Нұр Отан» ХДП АФ қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады

Read more

11 апреля Итегулов прием

11 апреля 2013 года в общественной приемной офиса АФ НДП «НурОтан» депутат областного маслихата Марат Итегулов провел прием граждан

Read more

Жексенбі, 28 Сәуір 2013

8 апреля Калдыгулова прием КАЗ

Ақтобе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Муса қызы Қалдығулова 2013 жылғы 8 сәуірде қоғамдық қабылдау өткізді

Read more

Сәрсенбі, 17 Сәуір 2013

Сейсенбі, 16 Сәуір 2013

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Ақтөбе қаласы №8 2016 жылғы 24 наурыз

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлікжөніндегі облыстық мәслихаттың

тұрақты комиссиясының құрамы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мынадай құрамда сайлансын:

НИ

Аркадий Юрьевич

№1 Жамбыл сайлау округінен депутат, төраға

Комиссия мүшелері:

АЙТЖАНОВ

Асхат Абдрахманұлы

№10 Абай сайлау округінен депутат

ВИШНЯК

Сергей Викторович

№6 Жанұзақов сайлау округінен депутат

ТУЛЕГЕНОВА

Апуажан

№14 Шайкенов сайлау округінен депутат

ЩЕГЕЛЬСКИЙ

Всеволод Анатольевич

№5 Берсиев сайлау округінен депутат

 

Облыстық мәслихаттың                                  Облыстық      

               сессия төрағасы                                  мәслихаттың хатшысы

 

               Т. ЕСЕНҒҰЛОВ                                         С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

 

Read more

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Ақтөбе қаласы   №7  2016 жылғы 24 наурыз

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мынадай құрамда сайлансын:

 

ЕСІРКЕПОВ

Аманкелді Қабашұлы

№22 Мәртөк сайлау округінен депутат, төраға

Комиссия мүшелері:

АЙТБАЕВА

Светлана Ермекқызы

№26 Темір сайлау округінен депутат

ЕЛЕУОВ

Ғалымжан Алмасбекұлы

№9 Сейфуллин сайлау округінен депутат

КЕНЖЕБАЕВ

Кенжеғали

№2 Алтынсарин сайлау округінен депутат

МҰХАМБЕТПАИЗОВА

Жеңіскүл Сағидоллақызы

№20 Ырғыз сайлау округінен депутат

ОРАЛМАҒАНБЕТОВ

Ақылбек Тілеулесұлы

№30 Шалқар қалалық сайлау округінен депутат

 

   Облыстық мәслихаттың                                       Облыстық      

               сессия төрағасы                                      мәслихаттың хатшысы

 

                                                                                    Т. ЕСЕНҒҰЛОВ                                            С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

 

Read more

Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Ақтөбе қаласы  №10  2016 жылғы 24 наурыз

Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс

жөніндегіоблыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мынадай құрамда сайлансын:

ДОВМАТЕНКО

Дмитрий Адамович

№8 Пацаев сайлау округінен депутат, төраға

Комиссия мүшелері:

БЕКМҰХАМБЕТОВ

Ербол Жасұланұлы

№3 Гоголь сайлау округінен депутат

БОЛАТОВ

Асқар Іскендірұлы

№13 Ақтөбе сайлау округінен депутат

ЕСЕНҒҰЛОВ

Такталифум Сәдуұлы

№24 Ембі сайлау округінен депутат

САЛФИКОВ

Талғат Маратұлы

№27 Ойыл сайлау округінен депутат

ІЗІМБЕТОВ

Сәлім Әмірадинұлы

№25 Жұрын сайлау округінен депутат

 

Облыстық мәслихаттың                              Облыстық                    

 сессия төрағасы                             мәслихаттың хатшысы

 

   Т. ЕСЕНҒҰЛОВ                              С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

 

Read more

Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты туралы ереже

2015 жылғы 11 желтоқсандағы №365
облыстық мәслихаттың шешімімен
бекітілген

 

«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І

 

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат Актюбинского областного маслихата».
11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мәслихат аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Мәслихат аппаратының миссиясы: Ақтөбе облыстық мәслихатының тиімді қызметін қамтамасыз ету.
15. Міндеттері: облыстық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.
16. Функциялары:
1) облыстық мәслихаттың сессияларын және тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етуді облыстық мәслихаттың Регламентіне сәйкес жүзеге асырады;
2) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелерге байланысты шешім жобаларымен және тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді;
3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстарының негізінде облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарларының жобаларын және оның атқарған жұмыстары жөніндегі есептерін дайындайды;
4) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;
5) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында енгізген ұсыныстары мен ескертпелерін есепке алады, талдау жасайды және оларды жүзеге асыруға арналған ic-шаралардың орындалуын қадағалайды;
6) сессияларда қаралатын мәселелердің тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылануын ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер жобалары мен қорытындыларының сапалы дайындалуын қамтамасыз етуде көмек көрсетеді;
7) облыстық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдайды;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен облыстық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етеді;
9) облыстық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға жолдануын қамтамасыз етеді;
10) облыстық мәслихаттың сессиялары мен оның басқа да органдарының отырыстарының стенограммаларын, хаттамаларын жүргізеді;
11) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) облыстық мәслихаттың жоспарланған сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссияларының отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау;
2) депутаттық сауалдардың және депутаттық ұсыныстардың мерзімінде қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға және мекемелерге сұраулар жолдау;
3) облыстық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
4) облыстық мәслихатқа жолданған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
5) облыстық мәслихаттың сессияларының және тұрақты комиссияларының отырыстары хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету.

3. Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру

18. Мәслихат аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болатын, облыстық мәслихаттың хатшысы мәслихат аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
19. Облыстық мәслихаттың хатшысын сессияда депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
20. Облыстық мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
21. Облыстық мәслихат хатшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банктік шоттарды ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді;
8) мемлекеттік мекеменің қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) мемлекеттік мекеменің қызметшiлерiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) облыстық мәслихат аппараты басшысының және оның орынбасарының міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды;
11) мәслихаттың сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
12) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихаттың сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмыстарға қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
13) депутаттардың сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
14) сайлаушылардың өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
15) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
16) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен, мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
17) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
18) мәслихаттың шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
19) облыстық мәслихаттың қарауына облыстың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және облыстық мәслихатпен өзіне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихаттың депутаты уақытша жүзеге асырады.
22. Заңнамамен белгіленген тәртіпте, мәслихат хатшысы қызметке тағайындайтын және босататын, аппарат басшысы мәслихат аппаратына басшылық етеді.
23. Аппарат басшысы:
1) аппараттың қызметінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманың сақталуын, сессиялардың жалпы отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, аппараттың қызметшiлерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы мәслихат хатшысына ұсыныс енгізеді;
3) мәслихат аппаратының қызметкерлеріне басшылықты жүзеге асырады, олардың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
4) мемлекеттік қызметшілердің жалпы еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияға басшылық жасауды, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды, құжат айналымын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
5) аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмектер көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін көтеру және сыйақы беру мәселелері бойынша мәслихат хатшысымен келіседі және ұсыныстар жасайды;
6) шешімдердің, өкімдердің жобаларын, сондай-ақ мәслихат хатшысының атына түскен құжаттар мен материалдарды мәслихат хатшысына қол қоюға және қарауға ұсынады;
7) қызметтік құжаттарға, аппарат қызметкерлерінің еңбек кітапшаларына қол қояды;
8) мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
24. Заңнамамен белгіленген тәртіпте, мәслихат хатшысы лауазымға тағайындайтын және босататын, мәслихат аппараты басшысының орынбасары болуы мүмкін.
25. Мәслихат аппаратының басшысы және оның орынбасары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

4. Мәслихат аппаратының мүлкi

26. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. Мәслихат аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихаттың аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

29. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Read more

Облыстық мәслихаттың аппарат басшысы

SM U0A0683Айтқалиев Тимур Владимирұлы, 1981 жылы туған, қазақ,білімі жоғары, заңгер, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін және Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе облысының әділет департаментінің жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау бөлімінің бас маманы болып бастап, 2007 жылдан 2009 жылға дейін Ақтөбе облысының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасады. 2009 жылдан бастап Ақтөбе облыстық мәслихатының аппаратында бас маман, аппарат басшысының орынбасары. 2016 жылғы 30 маусымнан бастап облыстық мәслихат аппаратының басшысы. Отбасылы, екі бала тәрбиелеуде.

 

Read more

Ақтөбе облыстық мәслихатының регламенті

2014 жылғы 28 ақпандағы №195
облыстық мәслихаттың шешімімен
бекітілген


Ақтөбе облыстық мәслихатының
Р Е Г Л А М Е Н Т І


І бөлім

1. Жалпы ережелер
1. Ақтөбе облыстық мәслихатының осы регламентi (бұдан әрi – регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 9-бабына сәйкес әзiрлендi және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткiзу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметi туралы есептердi тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн белгiлейдi.
2. Мәслихат (жергiлiктi өкiлдi орган) – облыс халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат заңды тұлға құқығын иеленбейдi. Мәслихат 31 депутаттан тұрады.
3. Мәслихаттың қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

2. Мәслихат сессияларын өткiзу тәртiбi
2.1. Мәслихат сессиялары

4. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша оның құзыретiне жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды. Сессия жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.
Мәслихаттың шешiмi бойынша сессия жұмысында мәслихат белгiлеген мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк он бес күннен аспайтын үзiлiс жариялануы мүмкiн. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.
Мәслихаттың әрбiр отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тiркеу жүргiзiледi, оның нәтижесiн сессияның төрағасы отырыс басталардан бұрын жария етедi.
Мәслихаттың сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, жабық сессияларды өткiзуге мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiр бөлiгiнiң ұсынысы бойынша жол берiледi.
5. Жаңадан сайланған Ақтөбе облыстық мәслихатының бiрiншi сессиясын депутаттардың осы мәслихат үшiн белгiленген санының кемiнде төрттен үш бөлiгi болған кезде, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күндiк мерзiмнен кешiктiрмей тиiстi облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
6. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын сайлау комиссиясының төрағасы ашады және оны мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Сайлау комиссиясының төрағасы депутаттарға сессия төрағасының кандидатурасын енгiзудi ұсынады, ол бойынша ашық дауыс беру жүргiзiледi. Депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусын жинаған кандидат сайланған болып есептеледi.
7. Мәслихаттың кезектi сессиясы жылына төрт реттен жиi шақырылмайды және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
8. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi.
Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралады.
9. Мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен оның өткiзiлетiн орны, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемiнде үш күн бұрын хабарлайды.
Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемiнде үш күн бұрын табыс етедi.
10. Регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткiзу кезеңiнде депутат қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады, оған жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы, бiрақ көрсетiлген қызметте бiр жылға дейiнгi жұмыс өтiлi бар облыс әкiмi аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескерiлiп, мәслихаттың сессиялары, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетiн мерзiмдегi iссапар шығыстары өтеледi.
11. Сессияның күн тәртiбiн мәслихат жұмысының перспективалы жоспарының, мәслихат хатшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, тиiстi аумақтың әкiмi ұсынған мәселелердiң негiзiнде сессияның төрағасы қалыптастырады.
Сессияның күн тәртiбiне ұсыныстарды сессияның төрағасына жергiлiктi қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық ұйымдар ұсынуы мүмкiн.
Сессияның күн тәртiбiн талқылау барысында ол толықтырылуы және өзгертiлуi мүмкiн. Сессияның күн тәртiбiн бекiту туралы мәслихат шешiм қабылдайды.
Күн тәртiбi бойынша дауыс беру әрбiр мәселе бойынша жеке өткiзiледi. Егер мәселеге мәслихат депутаттарының көпшiлiгi дауыс берсе, ол күн тәртiбiне енгiзiлдi деп есептеледi.
12. Сессияға енгiзiлетiн мәселелердi сапалы дайындау үшiн, сессия төрағасы бекiтетін, сессияға дайындық жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеудi мәслихат хатшысы уақтылы ұйымдастырады.
13. Мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша, сессияларға қала мен аудандар мәслихаттарының хатшылары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, облыстың, тиiстi аумақтың қалалары мен аудандарының әкiмдерi, жұмысы туралы ақпарат сессияда қаралатын ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары шақырылады. Сессияларға сессия төрағасының шақыруымен бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуына жол берiледi.
14. Мәслихаттың отырысына шақырылған адамдар үшiн мәжiлiс залында арнайы орындар бөлiнедi. Шақырылған адамдардың мәслихат сессиясының жұмысына араласуына, мәслихат сессиясының шешiмдерiн қолдайтынын немесе қолдамайтынын бiлдiруiне жол берiлмейдi.
Шақырылған адам тәртiптi өрескел бұзған жағдайда, сессия төрағасының шешiмi немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшiлiгiнiң талабы бойынша мәжiлiс залынан шығарылуы мүмкiн.
15. Мәслихаттың отырыстары мәслихат айқындаған уақытта өткiзiледi.
Сессия төрағасы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелдi ұсыныстары бойынша үзiлiстер жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында депутаттарға қысқа мәлiмдемелер немесе хабарламалар жасау үшiн уақыт берiледi, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.
16. Мәслихат отырыстарында баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшiн және отырыстарды өткiзу тәртiбi бойынша, кандидатураларды талқылау, дауыс беру, анықтамалар мен сұрақтар үшiн сөз сөйлеу регламентiн мәслихат айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшiн уақыт бөлiнедi. Егер сөз сөйлеушi бөлiнген уақыттан асып кетсе, сессия төрағасы оның сөзiн тоқтатады немесе отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшiлiгiнiң келiсiмiмен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Мәслихат депутаты бiр мәселе бойынша екi реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегi депутаттық сауалдар, түсiндiрме және сұрақтарға жауап беру үшiн сөйлеу сөз сөйлеу деп есептелмейдi. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берiлмейдi.
Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшiлiгiнiң ашық дауыс беруiмен тоқтатылады. Жарыссөздi тоқтату туралы мәселе қойылған кезде, сессия төрағасы сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кiмнiң сөз алуды талап ететiндiгiн анықтайды.
17. Отырысты өткiзу тәртiбi бойынша сөз депутатқа сөз сөйлеп тұрған адамның сөзi аяқталған соң кезектен тыс берiледi. Сессия төрағасы анықтама, депутаттық сауал, сұраққа жауап және талқыланып отырған мәселе бойынша түсiндiрме беру үшiн кезектен тыс сөз бере алады.
Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде берiледi. Жазбаша сұрақтар сессия төрағасына берiледi және мәслихат отырысында жария етiледi.

2.2. Мәслихат актiлерiн қабылдау тәртiбi

18. Егер заңда өзгеше белгiленбесе, мәслихат өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк дауысымен шешiмдер қабылдайды.
19. Шешiмдердiң жобалары сессия төрағасына немесе мәслихат хатшысына берiледi.
Сессияның төрағасы немесе мәслихаттың хатшысы қарауға қабылданған шешiмдердiң жобаларын барлық қажеттi материалдарымен бiрге тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар дайындау үшiн жолдайды. Бiр мезгiлде тұрақты комиссиялардың бiрiне мәслихат актiсiнiң жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау, қосымша ақпарат жинау және талдау жүргiзу жүктелуi мүмкiн.
Шешiмдердiң жобаларымен жұмыс iстеу және басқа да мәселелердi дайындау үшiн тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардың депутаттары тартылуы мүмкiн. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тиiстi атқарушы органның ұсынымы бойынша мәслихат онымен бiрлескен шешiм қабылдайды.
20. Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешiмдерi Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс.
21. Шешiмдердiң баламалы жобаларын мәслихат және оның органдары негiзгi жобамен бiрге қарайды. Сессияға мәселе дайындауға қатысушы тұрақты комиссиялар арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, комиссиялардың төрағалары және сессия төрағасы оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, қалған келiспеушiлiктер мәслихаттың назарына жеткiзiледi.
22. Сессияда мәселенi қараған кезде баяндама, қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтары мен уақытша комиссиялардың қосымша баяндамалары тыңдалады.
Комиссияның баяндамасында жобаға енгiзiлген және қайтарылған ұсыныстар көрсетiледi, түзетулердi қабылдаудың немесе қайтарудың себептерi дәлелденедi.
Қосымша баяндаманың ережелерiмен немесе шешiмнiң жобасы бойынша қорытындылармен келiспейтiн тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелерi өз пiкiрлерiн қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейiн баяндай алады.
23. Шешiмнiң жобасын талқылау тармақтар бойынша жүргiзiледi. Жобаларға түзетулер ұсынылып отырған өзгерiстер немесе толықтырулар нақты тұжырымдалып, олардың шешiм жобасының мәтiнiндегi орны көрсетiлiп, жазбаша түрде берiледi. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.
24. Мәслихат сессиясы күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша шешiм қабылдайды. Бiр мәселе бойынша шешiмдердiң бiрнеше нұсқасы енгiзiлген жағдайда, олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға берiледi.
Мәслихаттың уақытша комиссиясы болып табылатын редакциялық комиссия шешiмдердiң ұсынылған нұсқаларын қабылдау немесе керi қайтару туралы өзiнiң пiкiрiн жеткiзедi және дәлелдейдi.
Шешiмдердiң енгiзiлген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың бiрi негiзге алынғаннан кейiн депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсiмiне кiрiседi.
25. Мәслихат шешiмiнiң жобасына түзетулер болған жағдайда, дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асыралады:
1) мәслихат шешiмiнiң ұсынылған (пысықталған) жобасы негiзге алынады, ол керi қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрi дауыс беру тоқтатылады;
2) негiзге алынған жобаға кiрмеген барлық түзетулер кезек бойынша дауысқа салынады;
3) сессия шешiмi қабылданған түзетулердi ескере отырып, тұтастай дауысқа салынады. Шешiмдердiң қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берiлмейдi.
26. Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудiң ретiн төрағалық етушi айқындайды. Өзара қарама-қайшы келетiн түзетулер бойынша дауыс беру алдында соңғысын төрағалық етушi оқиды. Түзету авторларының олардың мәнi бойынша түсiнiк берiп немесе оларды талқылаудан алып тастау туралы ұсыныспен сөз сөйлеуiне жол берiледi.
Мәслихат шешiмдерiне өзгерiстер оларды қабылдау үшiн белгiленген тәртiппен енгiзiледi.
Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейiн бiр айдан кешiктiрiлмей басылып, заңнамада белгiленген тәртiппен сақталады.
27. Жоспарлардың, аумақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламаларының, олардың орындалуы туралы есептердiң, аумақты басқару схемаларының жобалары және мәслихат сессиясының қарауына шығарылатын басқа да мәселелер, сондай-ақ олар бойынша шешiмдердiң тиiстiлiгiне қарай келiсу бұрыштамалары қойылған, барлық қажеттi материалдары қоса берiлген қазақ және орыс тiлдерiндегi жобалары мәслихатқа кезектi сессияға дейiн үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгiзiледi.
28. Тиiстi облыс бюджетiнiң жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихаттың хатшысы бюджеттiң жобасын қарау жөнiндегi депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлерi, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi қосылуы мүмкiн.
Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пiкiрiн ескере отырып, тиiстi негiздемелермен және есептермен тиiстi аумақ бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оларды ұсыныстарды жинау мен тиiстi аумақ бюджетiнiң жобасы бойынша қорытынды әзiрлеудi жүзеге асыратын бейiндi тұрақты комиссияға жiбередi.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган сессия басталуынан кемiнде екi апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажеттi материалдармен бiрге бюджет туралы шешiм жобасының түпкiлiктi нұсқасын ұсынады.
Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Президентi Республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей тиiстi мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
29. Мәслихаттың кезектi сессиясына тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджеттi нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелер енгiзiлген жағдайда, материалдарды ұсыну бюджеттiк заңнамада көзделген мерзiмдерде жүзеге асырылады.
30. Тиiстi аумақтың бюджетi нақтыланған кезде, мәслихаттың кезектен тыс сессиясында оны шақыру туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi күн iшiнде тұрақты (уақытша) комиссияларда бюджет жобасын қарау бойынша жұмыстар жүргiзiледi.

3. Есептердi тыңдау тәртiбi

31. Мәслихат тиiстi аумақ әкiмiнiң есептерiн тыңдау жолымен тиiстi жергiлiктi бюджеттiң, аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
32. Мәслихат «Әкiмдердiң мәслихаттар алдында есеп беруiн өткiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес сессияда тиiстi аумақ әкiмiнiң есебiн тыңдайды.
Әкiмнiң (оның мiндетiн атқарушы адамның) өзiне жүктелген функциялар мен мiндеттердi орындауы туралы есебi және ол бойынша шешiмнiң жобасы тиiстi сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгiзiледi.
Әкiм ұсынған аумақтарды дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының орындалуы, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi мәслихаттың екi рет бекiтпеуi Заңның 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәслихаттың мәселе қарауы үшiн негiз болып табылады.
33. Мәслихат сессия төрағасының және мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының және мәслихаттың өзге органдарының есебiн тыңдайды.
Мәслихат хатшысы жылына кемiнде бiр рет мәслихаттың кезектi сессияларында мәслихаттың қызметiн ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтiнiштердiң қаралу барысы, сайлаушылардың өтiнiштерi және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергiлiктi өзiн өзi басқарудың өзге де органдарымен өзара iс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметi туралы есеп бередi.
Мәслихат сессиясының, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының төрағалары жылына кемiнде бiр рет мәслихаттың кезектi сессияларында жүктелген функциялар мен өкiлеттiктердiң орындалуы туралы есеп бередi.
34. Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттiң атқарылуы туралы есебiн мәслихат жыл сайын қарайды.
35. Мәслихат жылына кемiнде бiр рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметi туралы есеп бередi.

4. Депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi

36. Мәслихат депутаты мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ресми жазбаша сауалмен әкiмге, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесiне, прокурорға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүгiнедi.
Прокурорға жолданған сауал қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысты бола алмайды.
37. Депутаттық сауал жазбаша түрде енгiзiледі және мәслихаттың жалпы отырысында күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер қаралып болғаннан кейiн жария етуге жатады.
Сауалды жария ету үшiн бес минут шегiнде уақыт берiледi. Белгiленген уақыттан асып кеткен жағдайда сессия төрағасы сөйлеушінің микрофонын сөндіреді.
38. Депутат сауалында өзi сауал жолдаған нақты лауазымды адамды және күтетiн жауабының нысанын (ауызша немесе жазбаша) көрсетуге мiндеттi.
Депутаттық сауалды депутат сессия басталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады және сессия төрағасына, мәслихат хатшысына беріледі және сессияның күн тәртібіне енгізілген жағдайда сессияның жалпы отырысында қаралады. Сауалдар сессияның хаттамасына тіркеледі.
Мәслихаттың аппараты сауал жария етiлген кезден бастап үш күн мерзiм iшiнде оны тиiстi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiбередi және сауалдың көшiрмесiн оған қол қойған депутатқа немесе депутаттарға ұсынады.
39. Сауалдарды енгiзген депутаттар сессияның күн тәртiбi бекiтiлгенге дейiн оларды керi қайтарып ала алады. Күн тәртiбi бекiтiлгеннен кейiн сауалды қараудан алып тастау мәслихаттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
40. Депутаттық сауалға жауап бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жазбаша нысанда берiлуi тиiс.
Депутат сауалға берiлген жауап бойынша өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы.
Депутаттық сауал және жауап, егер ол маслихат шешімімен белгіленсе, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.

5. Мәслихаттың лауазымды адамдары, тұрақты комиссиялары және өзге де органдары, мәслихаттың депутаттық бiрлестiктерi
5.1. Мәслихат сессиясының төрағасы

41. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында оның депутаттарының арасынан ашық дауыспен сайланады.
Кандидатураларды енгiзгеннен кейiн мәслихат депутаттары ашық дауыс берудi жүргiзедi.
Егер кандидатқа депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, ол сайланды деп есептеледi.
Мәслихат депутаты күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде мәслихат сессиясының төрағасы болып екi реттен артық сайлана алмайды.
Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
42. Мәслихат сессиясының төрағасы:
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
2) мәслихат сессиясын дайындауға басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихат шешiмдерiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Мәслихат сессиясының төрағасы өз функцияларын басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
43. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

5.2. Мәслихат хатшысы
44. Бiрiншi сессияда мәслихат депутаттар арасынан мәслихаттың хатшысын сайлайды, ол тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн және мәслихатқа есеп беретiн лауазымды адам болып табылады. Мәслихат хатшысы мәслихат өкiлеттiгiнiң мерзiмiне сайланады.
Мәслихат хатшысы өкiлеттiктерiн Заңға және осы регламентке сәйкес жүзеге асырады.
45. Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураларды мәслихаттың депутаттары мәслихаттың сессиясында ұсынады. Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерiнiң алдағы қызметiнiң үлгi бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесiнде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусын алса, кандидат мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледi.
Егер мәслихат хатшысының лауазымына екiден көп кандидат ұсынылған болса және олардың бiрде-бiрi сайлану үшiн талап етiлетiн дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екi кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргiзiледi.
Егер қайтадан дауыс беру кезiнде осы кандидаттардың бiрде-бiрi депутаттардың жалпы санының жартысынан астам даусын ала алмаса, қайтадан сайлау өткiзiледi.
46. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына кiруге құқығы жоқ. Мәслихат хатшысының өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа хатшыны сайлау Заңда және осы регламентте белгiленген тәртiппен өткiзiледi.

5.3. Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары

47. Мәслихат өз өкiлеттiгiнiң мерзiмiне бiрiншi сессияда депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын мәселелердi алдын ала қарау және дайындау, оның шешiмдерiн жүзеге асыруға ықпал ету, өз құзыретi шегiнде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы мәслихат сайлайды.
Әрбiр тұрақты комиссияның тiзбесi, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа салынады. Олардың сандық және дербес құрамы сессия төрағасының, мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша айқындалады.
Тұрақты комиссиялардың саны жетiден аспауға тиiс.
Мәслихаттардың тұрақты комиссиялары төрағаларының кандидатуралары тұрақты комиссиялардың отырыстарына шығарылады. Кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Мәслихат отырысында төрағалардың кандидатураларын талқылау әр комиссия бойынша жеке-жеке өткiзiледi.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.
48. Тұрақты комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру, функциялары мен өкiлеттiктерi Заңмен айқындалады.
49. Мәслихаттың қарауына жатқызылған жекелеген мәселелердi сессияларда қарауға дайындау мақсатында мәслихат не мәслихаттың хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерi мен құқықтарын оны құрған кезде мәслихат не мәслихаттың хатшысы айқындайды.
50. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiк тыңдаулар өткiзе алады.
Көпшiлiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары нысанында тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
Көпшiлiк тыңдаулар өткiзу үшiн депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшiн өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мамандары жұмылдырылуы мүмкiн.
Тұрақты комиссия алда болатын көпшiлiк тыңдаулардың тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың назарына жеткiзедi.
Көпшiлiк тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделi мемлекеттiк органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн шақырады. Көпшiлiк тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының депутаттары қатыса алады.
51. Қаралатын мәселелер «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк немесе қызметтiк құпияға жатқызылған жағдайларды қоспағанда, тұрақты комиссиялардың отырыстары, әдетте, ашық болады.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.
Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.

5.4. Мәслихаттың редакциялық және есеп комиссиялары

52. Мәслихат ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан құрамы тақ санды құрайтын есеп және редакциялық комиссияларын сайлайды. Есеп және редакциялық комиссияларының құрамына мәслихат аппаратының және басқа мемлекеттiк ұйымдардың қызметкерлерi енгiзiлуi мүмкiн.
53. Редакциялық комиссияның құрамы қаралатын мәселенiң ерекшелiгi, комиссия мүшелерiнiң мамандықтары, бiлiктiлiктерi мен жұмыс тәжiрибелерi ескерiле отырып қалыптастырылады.
Редакциялық комиссия кезектi сессияға да сайлануы мүмкiн.
54. Ашық дауыс беру өткiзiлгенде есеп комиссиясы дауыс беру және оның қорытындысын шығару процесiн ұйымдастырады.
Есеп комиссиясы өз құрамынан төраға мен комиссия хатшысын сайлайды, оның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен қабылданады.
Ашық дауыс беру басталмас бұрын сессия төрағасы дауысқа түскен ұсыныстардың санын көрсетедi, олардың мазмұнын оқиды.
Жасырын дауыс берудiң уақыты мен орнын, оны өткiзудiң тәртiбiн есеп комиссиясы мәслихат регламентiнiң негiзiнде белгiлейдi және есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды. Бюллетеньдер беру тiкелей дауыс беру алдында жүргiзiледi, олар есеп комиссиясы белгiлеген нысанда оның бақылауымен, отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең мөлшерде жасалады және есеп комиссиясының төрағасы қол қояды. Белгiленген нысанға сәйкес келмейтiн бюллетеньдер санақта есепке алынбайды.

5.5. Мәслихаттардағы депутаттық бiрлестiктер

55. Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де қоғамдық бiрлестiктер, депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құра алады. Мәслихат хатшысы депутаттық бiрлестiктерге кiрмейдi. Депутаттың тек бiр ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
56. Депутаттық фракциялар мен топтарды тiркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келiп тiркелу тәртiбiмен жүргiзiледi және тек ақпараттық сипатта болады.
57. Депутаттық бiрлестiктердiң мүшелерi:
1) мәслихаттың күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қарау тәртiбi және олардың мәнi бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгiзуi;
2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша пiкiрлерiн айтуы;
3) мәслихат шешiмдерiнiң жобаларына түзетулер ұсынуы;
4) депутаттық бiрлестiктiң қызметi үшiн қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуы мүмкiн.
58. Саяси партияның фракциясы өз қызметiнде саяси партияның басшы органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, сондай-ақ саяси партияның қоғамдық қабылдау бөлмесiнiң жұмысына қатысады. Фракция мәслихаттың кемiнде бес депутатын бiрiктiруге тиiс. Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемiнде бес депутаты болуға тиiс.

6. Сайлау комиссияларын құру және сайлау тәртібі

59. Сайлау комиссияларын құру және сайлау тәртібін саяси партиялардың ұсыныстары бойынша, егер олар болмаған жағдайда басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғарғы сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша облыстық мәслихат жүзеге асырады. Облыстық мәслихат облыстық аумақтық және облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлайды.
Сайлау комиссияларын құру үшін мәслихат хатшысы депутаттардан және аппарат қызметкерлерінің арасынан, саяси партиялардан және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен құрылатын сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатуралар туралы келіп түскен ұсыныстарды жинаумен айналысатын Жұмыс тобын (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрады.
Әрбір саяси партия (қоғамдық бірлестік) тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына, мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы.
Тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан (жетіден көбірек) асатын ұсыныстар түскен жағдайда, аталған сайлау комиссиясын сайлау бойынша дауыс беру өткізіледі.
Жұмыс тобы әрбір депутат үшін, саяси партия (қоғамдық бірлестік) көрсетіле отыра ұсынылған кандидатура енгізілген дауыс беру бюллетенің дайындайды. Кандидатуралар бюллетеньге түскен ұсыныстардың кезегі тәртібімен енгізіледі.
Көп дауыс санын алған кандидатура сайланған болып саналады.
Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясы барысында депутаттардың арасынан құрылған, Есеп комиссиясының төрағасы жариялайды. Есеп комиссиясы құрамының саны және төрағасы сессияның өзімен анықталады.
Дауыс беруден кейін 10 күн өткесін сайлау бюллетендері жойылады.
Облыстық аумақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары олар құрылған күннен жеті күндік мерзімнен кешіктірілмей өткізілетін отырыстарда сайланады.
Сайлау комиссияларының құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

7. Депутаттық этика

60. Мәслихат депутаттары:
1) бiр-бiрiне және мәслихат сессияларының, мәслихат комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық басқа да тұлғаларға құрметпен қарауға тиiс;
2) өздерi сөз сөйлегенде дәлелсiз айыптауларды, мәслихат депутаттарының және басқа тұлғалардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтiретiн дөрекi, жәбiрлейтiн сөздердi қолданбауға тиiс;
3) заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырмауға тиiс;
4) мәслихаттың, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қалыпты жұмыс iстеуiне кедергi келтiрмеуге тиiс;
5) сөйлеушiлердiң сөзiн бөлмеуге тиiс.
61. Көпшiлiк iс-шараларды өткiзген кезде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлегенде, мемлекеттiк органдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметiне пiкiр бiлдiргенде депутат дәлелденген, тексерiлген фактiлердi ғана пайдалануы тиiс.
62. Депутат мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынастарда өзiнiң депутаттық мәртебесiнiң артықшылығын жеке мүддесi үшiн пайдаланбауға тиiс.
63. Мәслихат депутаты өзiне депутаттық өкiлеттiгiн жүзеге асыру барысында белгiлi болған мәлiметтердi, егер бұл мәлiметтер сессиялардың, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен оның өзге де органдарының жабық отырыстарында қаралған мәселелерге қатысты болса, жария ете алмайды.
64. Мәслихат атынан өкiлдiк етуге арнайы өкiлеттiгi жоқ мәслихат депутаты мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен тек қана өз атынан байланысқа түсе алады.
65. Мәслихат депутатына өз мiндеттерiн орындамағаны және (немесе) тиiсiнше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентiнде белгiленген депутаттық этика қағидаларын бұзғаны үшiн Заңның 21-бабына сәйкес жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн.

8. Мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыру

66. Мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсету үшiн мәслихат аппараты құрылады.
Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
Мәслихат аппараты туралы ереженi мәслихат бекiтедi.
67. Мәслихат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген штат саны мен бөлiнген қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi, оны қамтуға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды.
68. Мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.

Read more

Жұма, 12 Сәуір 2013

Дүйсенбі, 18 Наурыз 2013

№9 кезекті сессия материалдары - 15.03.2013ж.

Шешімдер:

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Маусым 2013 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30