All articles

Дүйсенбі, 05 Тамыз 2019

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVІІ сессиясының баспасөз-хабарламасы

37session2019 жылғы 2 тамызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының жалпы отырысы №13 Ақтөбе сайлау округінен депутат Асқар Іскендірұлы Болатовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Облыстық мәслихаттың депутаттарының қарауына Ақтөбе облыстық әкімдігімен «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» мәселесі енгізілді. Аталған мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Серікұлы Аманов хабарлама жасады.

Read more

Жұма, 26 Шілде 2019

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы

2607192019 жылғы 25 шілдеде облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асырылу барысы туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Қ.Бисенғалиева, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Е.А.Назаров және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.І.Сәрсембай хабарлама жасады.

Read more

Жұма, 19 Шілде 2019

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы

1907192019 жылғы 19 шілдеде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. «Мәдени мұра» ұлттық жоба шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» кіші бағдарламасын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» мәселесі бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Н.К.Қадырбаев хабарлама жасады.
Н.К.Қадырбаев облыс көлемінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша қазіргі таңда облыс әкімдігінің қолдауымен, республикаға белгілі ғалым-зерттеушілерді тарта отырып арнайы жобаны жүзеге асыру бойынша 2019-2021 жылдарға арналған жұмыс Жоспары жасалғаның айтты.

Read more

Сәрсенбі, 17 Шілде 2019

С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

1707192019 жылғы 17 шілдеде облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.
Қабылдау айына 2 рет әр сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-ден - 17.00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекен-жайында (облыстық әкімдік ғимараты), №208 бөлмеде жүргізіледі. Келесі қабылдау 2019 жылдың 31 шілдесінде өтеді.

Read more

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы

36sessionСәрсенбі, 17 шілде күні облыстық мәслихаттың сессиясының кеңейтілген отырысы өтті. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин есеп берді.
Сессия отырысына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Д.Шарипов қатысты.
Аймақ басшысы өз есебінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған мақсат-міндеттеріне тоқталып, алдағы уақытта облысымызда атқарылатын нақты жұмыстар туралы кеңінен айтып өтті.

Read more

Жұма, 12 Шілде 2019

Баспасөз хабарламасы

1207192019 жылғы 12 шілдеде, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Бейсенбі, 04 Шілде 2019

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV сессиясының баспасөз-хабарламасы

35session2019 жылғы 4 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының жалпы отырысы №13 Ақтөбе сайлау округінен депутат Асқар Іскендірұлы Болатовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессияға Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10- желтоқсандағы №347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева хабарлама жасады. Ол Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын орындау шеңберінде, келесі мақсаттарға қаржы қаралғаның айтты:

Read more

Жұма, 28 Маусым 2019

Баспасөз хабарламасы

2806192019 жылғы 28 маусымда, №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Жеңіскүл Сағидоллақызы Мұхамбетпаизованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Read more

Бейсенбі, 27 Маусым 2019

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

pressКәсіптік мерекелеріңіз - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда.

Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға аманшылық, жаңа жеңістер, есте қаларлық журналистік материалдар және ең бастысы - таусылмас шығармашылық шабыт тілеймін!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова

Read more

Баспасөз хабарламасы

2706192019 жылғы 26 маусымда, №28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Жадитұлы Ілиясовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31