Үйдегі тәртіп

60-тан астам депутат, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері және "Қазхром ТҰК" АҚ жас жұмыскерлері Тұңғыш Президент саябағына сенбілікке шықты. Облыстық мәслихат депутаты Асқар Садықов хабарлағандай, халық қалаулылары өңірдегі ірі кәсіпорынның жас қызметкерлерімен бірлесіп, бастама көтеріп, сенбілікке қатысты, ал депутаттар мен қазхромдықтар күні бойы тәртіп орнатқан орын – Тұңғыш Президент саябағы болды.