Азаматтық бюджеті

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                         №27                     2021 жылғы 24ақпан

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облыстық мәслихатының                   2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

            2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихаттың                                        Облыстық

       сессия төрағасы                                              мәслихаттың хатшысы

 

 

 

                     С. ШЫНТАСОВА                                                     А. НУГМАНОВ

Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы №27 шешімімен

                                                                                    бекітілген

                                                                                      

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары

Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отырып, Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:

- облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді инновациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға;

            - Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге;

- облыстық мәслихаттың депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаттарды сақтауға;

- облыстық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;

            - тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға;

            - облыста заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;

            - қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.

            2021 жылға белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:

І. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер

 

І тоқсан

1. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасы туралы.

 

ІІ тоқсан

            1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2020 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

            1.1. 2020 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.

           

           

ІІІ тоқсан

                       

1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі О.С.Оразалиннің есебі туралы.

                                                                                                           

ІV тоқсан

1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

3. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

5. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

6. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

Ескерту: Сессияларда айтылған ескертулер мен ұсыныстарды, бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттарды сессияның қарауына үнемі енгізу.

ІІ. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қаралатын мәселелер

1. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі

тұрақты комиссия:

I тоқсан

 

           1. Шағын және орта бизнесті, сауда және туристік қызметті дамыту және қолдау саласындағы жұмыстардың барысы туралы.

            2. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

II тоқсан

 

1. Облыс әкімдігінің 2020 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.

2. Салық саясатын іске асыру, түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету және облыс бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша қосымша резервтерді іздестіру жөніндегі мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысы туралы.

3. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

III тоқсан

 

           1. Ақтөбе облысының квазимемлекеттік секторы жұмысының тиімділігі туралы.

           2. Ақтөбе облысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру туралы.

3.«Ақтөбе» ӘКК» ҰК АҚ 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы.

            4. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

 

IV тоқсан

 

1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы.  

2. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

           3. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның 2021 жылғы есебі.

2. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия:

І тоқсан

 

1. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының облыс деңгейінде орындалу барысы және қолдану аясы туралы.

2. Пандемия кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы.

3. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Ақтөбе облысындағы орта және кәсіптік білім беру саласының жағдайы туралы.

 

ІІ тоқсан

           

1. Денсаулық сақтау басқармасының Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасындағы «Өлім-жітімнің стандартталған коэффициенті» нысаналы индикаторына қол жеткізуі туралы.

2. Халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстардың барысы туралы.

3. Ақтөбе облысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі мен даму перспективалары туралы.

ІІІ тоқсан

 

1. Ақтөбе облысының аумағында жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы.

2. Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмысты ұйымдастыру және оның қазіргі жағдайы.

3. Ақтөбе облысында жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалу барысы туралы.

ІV тоқсан

 

1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде қарау туралы.

2. Облыс деңгейінде мәдени орталықтардың қызметі мен өзекті мәселелері.

3. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның                2021 жылғы есебін және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

 

 

3. Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмысжөніндегі тұрақты комиссия:

I тоқсан

 

1. Пандемия кезіндегі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысы туралы.

2. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріну жағдайларын азайту жөніндегі мақсатты индикаторларына қол жеткізу жөніндегі Ақтөбе облысының полиция департаментінің жоспарлары туралы.

 

II тоқсан

 

1. Ақтөбе облысының полиция департаментінің ұрлық пен тонаудың жолын кесу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы.

2. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жоспарлары мен жүргізетін жұмысы туралы.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі мен даму перспективалары туралы.

III тоқсан

 

1. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріну жағдайларын азайту жөніндегі нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментінің қабылдаған шаралары мен жұмыс нәтижелері туралы.

2. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

3. Ақтөбе облысындағы квазимемлекеттік секторды оңтайландырудың өзекті мәселелері туралы.

IV тоқсан

 

1.  2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегікомиссияның 2021 жылғы есебі.

 

4. Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану

жөніндегі тұрақты комиссия

I тоқсан

 

1. Мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері және оларды шешуді қамтамасыз ету туралы.

2. Көктемгі дала іс-шараларының негізгі кезеңдерін уақтылы өткізуге дайындық туралы.

            3. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

4. Облыс аумағында су тасқынына қарсы қажетті жұмыстарды орындау үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы.

 

II тоқсан

 

1. Азық-түлік қауіпсіздігі және азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қатысатын кәсіпорындардың қызметі туралы.

            2. Ақтөбе облысында эпизоотиялық қызметті жүзеге асыру, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы.

            3. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру Қағидалары туралы» шешімін жүзеге асырылу барысы туралы.

4. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

III тоқсан

 

1. Облыстағы экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлы іс-шаралардың орындалуы туралы.

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптары мен қабылданған міндеттемелерді орындауына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру туралы.

3. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

IV тоқсан

 

1. Жер заңнамасының сақталуын, жерді қорғау және пайдалану талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет туралы.

     2. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

3. Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның 2021 жылғы есебі.

5. Құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

I тоқсан

1. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басқармаға жүктелген функцияларды орындау және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі.

2. Ақтөбе облысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі мен даму перспективалары туралы.

 

II тоқсан

 

1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешімімен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру Қағидаларының орындалу барысы туралы.

2. Ақтөбе қаласындағы автомобиль жолдары, суағарлар мен нөсерлік кәріздердің жағдайы және жөндеу мен күтіп-ұстау бойынша шаралар туралы.

3. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасындағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу және құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы.

3. Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы.

III тоқсан

 

1. Ақтөбе облысының елді мекендерінде жасыл екпелерді түгендеу туралы.

2. Ақтөбе облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жұмысы туралы.

3. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасындағы жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы.

 

IV тоқсан

           1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде қарау туралы.

           2. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылғы есебін және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.                                                                                               

 

III. Көпшіліктік тыңдаулар

Өте қажетті және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде көпшіліктік тыңдаулар өткізу:

            Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективалары, көппәтерлі үйлерді күтіп-ұстау мәселелері туралы.

IV. Ұйымдастыру шаралары

           

Депутаттар сайлаушылармен тұрақты байланыста болады, оларды облыстық мәслихаттың жұмыстары туралы ұдайы хабардар етеді, қоғамдық пікірді зерделеп және атқарушы органдарға мәселелер мен ұсыныстарды енгізеді. Бекітілген кесте бойынша сайлау округтерінде азаматтарды қабылдайды.

Мәслихат аппараты бұқаралық ақпарат құралдарында және веб-сайтта облыстық мәслихаттың, депутаттардың қызметтері, өткізілген шаралар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ақпараттарды үнемі жариялайды.

            Бұл мақсатта депутаттардың жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншіліктерін белсенді пайдалану қажет.

Ақтөбе облыстық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабар

2021 жылы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 562 351 азамат енгізілді, оның ішінде 330 403 адам немесе 58,75 пайызы бюллетень алды.
Дауыс беруге 324 125 адам қатысты, оның ішінде 538 сайлаушы есептен шығару куәліктері бойынша, 3 818 сайлаушы үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:
«Nur Otan» партиясы - 256 655 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан дауыстарының 80,72%;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 25 893 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,14%;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 27 460 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,64%;
«АДАЛ» саяси партиясы - 7 962 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,50%.
Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді:
«Nur Otan» партиясы - 27 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 3 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 3 мандат.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы - 2021 жылғы 10 қаңтар

Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі

Құрметті отандастар!

Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады.
Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды.
Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады.
Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды.
Бірінші. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды.
Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.
Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады.
Бұдан бөлек, саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқық беріледі.
Екінші. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.
Үшінші. Алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады.
Бұл жаңа бастамалар партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
***
Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған күрделі экономикалық дағдарыс көптеген елді қамтыды, сондай-ақ, бүкіл әлемдік экономикаға кері әсер етті.
Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның алдында дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау, орнықты экономикалық дамуды және азаматтарымыздың әлеуметтік игілігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр.
Осы басымдықтар жөнінде менің Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда айтылды.
Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың жаңартылған құрамы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әрі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән береді.
Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады.
Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық.
Мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.