Азаматтық бюджеті

Баспасөз хабарламасы

2209Депутаттар экология, жер қойнауын пайдаланушылардың қызметі мәселелерін талқылап, облыс аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті тыңдады.
Бұл мәселелер облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ануарбек Бермағамбетов отырыс қатысушыларына өңірдегі атмосфералық ауаны жақсарту үшін Ақтөбе тазарту құрылыстары кешенінің тұнба тұнбаларын кәдеге жарату және басқа да жұмыстар басталғанын хабарлады. Қатты қоқыс қалдықтарын бөлек жинауды және сұрыптауды енгізу бойынша шаралар қабылдануда. Биыл облыста 2,1 млн.ағаш отырғызу жоспарлануда.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

2009Облыстық мәслихат депутаттары жасыл желектер, жергілікті автожолдардың жағдайы мен қоқыс полигондарының мәселелерін талқылады.
Бұл мәселелер құрылыс, көлік, сауда, ТКШ және цифрландыру мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысының қарауына енгізілді.
Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың депутаттарға айтуынша, үй маңындағы жасыл желектерді түгендеу барысында жасыл желектердің 55-тен астам түрі анықталды.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

1009-2Облыстық мәслихат депутаттары квазимемлекеттік сектордың тиімділігі, инвестициялық жобалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Бұл мәселелер облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының күн тәртібіне шығарылды.
Қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Унербаев Ақтөбе облысының коммуналдық меншігінде квазимемлекеттік сектордың 373 субъектісі бар екенін еске сала отырып, жыл сайынғы талдау квазимемлекеттік сектордың функционалын, міндеттері мен критерийлерін ажырату, қаржы тәртібін жақсарту, мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, мониторинг пен бағалау тиімділігін арттыру, сондай-ақ корпоративтік басқаруды күшейту қажеттігін көрсетіп отырғанын атап өтті.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

1009-1Депутаттар қалалық автобус маршруттарын субсидиялау мәселесін талқылап, шешім қабылдады.
Бұл мәселе облыстық мәслихаттың депутаттары 2021 жылғы 26 тамызда бейсенбі күні "Ашық НҚА" порталында жария талқылау рәсімін аяқтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын алу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің міндетті келісімін алу қажеттілігіне байланысты 2021 жылғы 11 тамызда жасалған облыстық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының жұмысындағы үзілістен кейін қаралды.
Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың ақпаратын тыңдап, депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстары мен ескертулерін айтып, осы жобаны мақұлдау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, субсидиялауға жататын шығынды маршруттарды анықтаудың дұрыстығы үшін жауапкершілік толығымен Ақтөбе қаласы әкімдігінің тиісті қызметтеріне жүктелетіні атап өтілді.

Ақтөбе облыстық мәслихатының Баспасөз қызметі

Баспасөз хабарламасы

180821kazДепутаттар Ақтөбелік телекөрермендерге облыс әкімінің есебі қаралған облыстық мәслихат сессиясының қорытындысы туралы айтып, өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Ақтөбеліктермен "РИКА" және "Aqtobe" арналарында өткен Тікелей эфир барысында облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, депутаттар Қайрат Сабыр, Әсел Шункеева диалог түрінде тікелей эфир барысында сөйлесті.
Облыста жыл басынан бері экономикалық өсу қарқынының кезең-кезеңмен қалпына келуі байқалатынын айта келе, Амангелді Нугманов екінші жартыжылдықта атқарушы органдар мен депутаттық корпустың назары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталатынын айтты.

Толығырақ...