Материалдар

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама

Шығып қалғандардың орнына Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына жаңа мүшелерді қосу жөніндегі Жұмыс тобы, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі;


Пошталық мекен-жайы: 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 208 бөлме,
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Анықтамалар үшін телефондар: 56-44-75.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2017 жылғы «12» - «22» маусым аралығында.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ақтөбе облысының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 204 бөлме, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.00 дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде, жазбаша және электронды түрде.
Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.