Материалдар

Облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 30 мамырда өткен облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының жалпы отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
Сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Күн тәртібіндегі «2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі» және «2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы» мәселелер бойынша қаржы басқармасының басшысы Гүлкасима Рамазанқызы Сүйінтаева және Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлы хабарлама жасады.
2016-2018 жылдарға бекітілген және 2016 жылдың бюджеті атқарылуы барысында нақтыланған облыстық бюджет, қолдағы тиісті нақтыланған көрсеткіштерден кірістер бойынша 106,3 пайызға, алынған ресми трансферттер бойынша 99,4 пайызға орындалды.

2016 жылғы облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 пайызға игерілді, түзетумен жоспарланған 158 401 930,5 мың теңгеден 157 846 027,4 мың теңге игерілді.
Есепті жылда бюджетті орындау барысында басты міндет әлеуметтік-маңызды шығыстарды уақытылы орындау бойынша қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету болғандығын атап өтті.
2016 жылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақылары бойынша шығыстарды уақытылы және толық қаржыландыру қамтамасыз етілді.
Функционалдық топтар бөлінісіндегі орындалу: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен денсаулық сақтау бойынша - 18%, білім беру - 12%, ауыл шаруашылығы - 7%, қоғамдық тәртіп және көлік, коммуникация - 4%, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету - 3% құрады.
Осыдан басқа, республикалық бюджеттен жалпы сомасы 76 581 422,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, соның ішінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында инфрақұрылым мен тұрғын-ұй коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту іс-шараларын іске асыруға, елді мекендердің автомобиль жолдарын және көшелерді күрделі жөндеуге, индустиралды инфрақұрылымды дамытуға, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға, газ тасымалдау жүйесін дамытуға, жылу энергетика жүйесін дамытуға, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және сатып алуға бөлінді.
Республикалық бюджеттен тұрғын үй салуға және сатып алуға, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру және кәсіпкерлікті дамытуды қолдау үшін кредиттер бөлінді.
Аталған мәселе бойынша шешім қабылданып, облыс әкімдігіне, бюджетке салықтық және басқа міндетті төлемдердің түсуін толық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру, бюджет қаражатының, оның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражаттардың, тікелей және түпкілікті нәтижелерге жете отыра уақтылы және толық игерілуін қатаң бақылауда ұстау, нысаналы трансферттерді іске асыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту жөнінде шаралар қабылдау, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізумен, бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану бойынша бақылауды күшейту ұсынылды.
«Ақтөбе облысында 2018-2021 жылдарға арналған бал ара шаруашылығы саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сарсембай хабарлама жасады.
Өткен жылдары облыста бал арасын өсіріп, бал өндірумен айналысатын 11 жеке кәсіпкер болса, бүгінгі күні бал өндірісімен айналысатын «Ақтөбе омарташылыры» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, оның қатарына 34 кәсіпкерлер бірікті. Бұдан басқа 7 жеке кәсіпкер бар. Алдағы уақытта кооператив құрамына кіретін кәсіпкерлер саны бұдан да артады деп күтілуде.
Осы кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында «Таңшолпан» шаруа қожалығы балды қайта өңдеу цехін іске қосты, әрі қарай кооперативтен ара балын сатып алып, қораптап әрі қарай өткізу жұмыстарын қолға алуды жоспарлауда. Егер осы ойлаған мақсатымыз жүзеге асса кооператив мүшелері дайын өнімдерін өткізу мәселесін толықтай шешеді деген үміттеміз.
Дәстүрлі емес саланың осы түрін қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу жоспарлануда. Биылғы жылға бал арасының селекциялық асыл тұқымды жұмыстарын жүргізуге 7,0 млн.теңге қаржы қарастырылды.

Сонымен қатар, «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы», «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы», «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы», «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы», «Ақтөбе облысын басқару сызбасы туралы» облыстық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібінде «Ақтөбе қаласындағы 14 атаусыз көшелерге атау беру және 9 көшені қайта атау туралы» мәселелер қаралды.
Сессияда екі депутаттық сауалдар жарияланды: Ақтөбе қаласының әкімі І.С.Испановқа жолданған, №10 Абай сайлау округінен депутат А.А.Айтжановтың депутаттық сауалы және облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Ә.Қалиевке жолданған, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Д.А.Довматенконың депутаттық сауалы.
Күн тәртібіндегі барлық қаралған мәселелер бойынша сессия шешімдер қабылдады.