Материалдар

Баспасөз хабарламасы

Облыстық мәслихатта «Туған жерге – тағзым» республикалық акциясы аясындағы «Ақтөбе – құтты мекен» Ақтөбе облыстық форумыныңұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Л.А.Уразбаева «Ақтөбе жерлестерін шақырады» интернет сайтын дайындау және ашу мәселесі бойынша хабарлады.
«Шамшырақ-Ақтөбе»ЖШС директоры Р.С.Отыншин редакциялық кеңестердіқұру және «Ақтөбе облысына 85 жыл», «Ақтөбе – құтты мекен» энциклопедияларын шығарубойынша хабарлама жасады.


Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Н.Қорғанбаева«Ақтөбе – құтты мекен» театрландырылған көріністі дайындау және өткізумәселесі бойынша хабардар етті.