Материалдар

Баспасөз хабарламасы

Бүгін Ақтөбе облыстық мәслихатында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Г.А.Щегельскиймен және А.С.Платоновпен кездесу өтті.
Кездесуді Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова ашты. С.М.Қалдығұлова өзінің сөзінде, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын еліміздің түпкір-түпкірінде кеңінен түсіндіру шаралары ұйымдастырылып жатырғандығына тоқталды.
Ақтөбе облысының барлық аудандары мен елді мекендерінде де Жолдауды талқылауға арналған жұмыстар жүргізілуде. Облысымызда екінші ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен кездесулер өткізіліп жатыр.


Облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірге, бүгінгі кездесуге Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, Ақтөбе қаласы және аудандық мәслихаттардың хатшылары, аудандық депутаттық фракциялардың, саяси партиялардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Төрағасы - Г.А.Щегельский және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі - А.С.Платонов Елбасы Жолдауындағы басымдықтарға жан-жақты тоқталып, депутаттардың, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, аудандық мәслихат хатшыларының Жолдауға қатысты және денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы салалары бойынша сұрақтарына жауап берді.