Материалдар

Пресс релиз

sm25.10.16

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнін Төтенше жағдайлар Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында салтанатты түрде атап өтті.

Тұрғындарды хабардар ету мақсатында театр алаңында құтқару құрал-жабдықтары, техника және байланыс жүйелерінің жаңа үлгілеріне көрме ұйымдастырылды.
Кәсіби мерекеге орай Төтенше жағдайлар Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бірқатар қызметкерлері І және II дәрежелі «Құтқарушы» төс белгісімен және облыс, қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

SSM25.10.16

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шараға Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.