Материалдар

Пресс релиз

sm20.10.16

2016 жылғы 12 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы ЕСІРКЕПОВТІҢ төрағалық етуімен өтті.

Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақтағанұлы Биахметов, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары, аудандық мәслихаттардың хатшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі «Мұғалжар, Темір аудандарында денсаулық сақтауды дамытудың жағдайы мен келешегі туралы» мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Ә.Қалиев хабарлама жасап, облысымыздағы медициналық ұйымдардың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағыты бойынша ағымдағы жылдың 9 айының атқарған қызметтерін қорытындылады.
Басқару технологиясын жетілдіру және медициналық көмекті тыңғылықты ұйымдастыру арқасында облыста оңтайлы демографиялық ахуал қалыптасты, тұрғындардың туылуы өсіп, халықтың табиғи өсімі көтерілді.
Облыстық статистика басқармасының 2016 жылғы бірінші қазандағы мәліметі бойынша халық саны 836 960 (РПН-812 177) тұрғынды құрады.
Оның ішінде: ересек халық саны – 588372– 70,2%, жасөспірімдері – 30860 – 3,7%, балалары – 217728 – 26,01%.
Қала тұрғындарының саны - 523210 (62,5%), ауыл тұрғындарының саны – 313 750 адам (37,5%).
2016 жылға облысымыздың денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджеттен 36,7 млрд. теңге бөлінді.
Оның ішінде 27,7 млрд. тенге «Тегін медициналық көмектік кепілденген көлемі» көрсетуге қарастырылған. 9 ай ішінде барлығы 23,7 млрд. теңге игерілген.
ҚРҮ және ДСМ 2015 жылғы 28 сәуірдегі №284 бұйрығына сәйкес, елді- мекендердің барлығы медициналық көмекпен қамтылған.
Облыс аумағында тұрғындарға медициналық көмекті 505 медициналық ұйым көрсетеді. Барлығы 47 аурухана (31 мемлекеттік, 2 ведомствалық, 14 жеке) және 458 амбулаториялық –емханалық мекемелер (94 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік – акушерлік пункт, 214 медпункт).
Темір ауданында 3 аурухана (аудандық орталық аурухана,Темір туберкулезге қарсы ауруханасы, Кеңкияқ ауылдық ауруханасы),5 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 16 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді.
Мұғалжар ауданында 3 аурухана (аудандық орталық аурухана, Ембі аудандық ауруханасы, Мұғалжар туберкулезге қарсы ауруханасы және Шапағат жекеше ауруханасы), 9 дәрігерлік амбулатория, 1фельдшерлік-акушерлік пункт,23 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді.
Облыстың медицина мекемелерінде 2692 дәрігер және 5750 мейірбикелер жұмыс жасайды, ол 10 мың халыққа есептегенде 32,2 және 67,6 көрсеткіштерін құрайды. ҚР-29,2.
Облыс бойынша 82 маман тапшылығы бар: Темір ауданында 6 дәрігер (2 жалпы тәжірибелі дәрігер, 2 акушер-гинеколог,педиатр, неонатолог), Мұғалжар ауданында 12 дәрігер ( 3 ВОП,кардиолог,маммолог,невролог, акушер-гинеколог және т.б)
Демографиялық ахуал:
Облыста тұрғындардың орташа өмір сүру уақыты ұзарып, 72 жас 3 айға жетті.
- Туу көрсеткіші 1000 адамға есептегенде, 23,99-ы құрады (2015жылы-23,08) , 3,94%-ға жоғарлаған; ҚР-22,42.
- Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға есептегенде,6,59-ы құрады, ол республикалық көрсеткіштен 13,0% -ға төмен; ҚР-7,59.
- Табиғи өсім көрсеткіші 1000 адамға есептегенде, 17,40 -ы құрады (2015жылы-16,47) , 5,64%-ға өскен; ҚР-14,83.
- Нәресте өлімі 1000 тірі туғандарға есептегенде, 9,09-ы құрады (2015жылы-10,87) , 16,37%-ға төмендеген; ҚР-9,75.
Алғашқы аурушаңдық:
- Онкологиялық науқастармен ауыршаңдық 100 мың тұрғынға есептегенде, 170,5-і құрады (2015жылы-186,4) ,8,53%-ға төмендеді;
Осы көрсеткіштер Темір ауданында -106,2, өткен жылмен салыстырғанда 12,1% азайған, Мұғалжар ауданында -4,8%-ға азайған (154,4).
- Жарақаттану мен улану науқастармен ауыршаңдық 100 мың тұрғынға есептегенде, 2067,2 -і құрады (2015жылы-2060,8),0,31%-ға жоғарлады;
Осы көрсеткіштер Темір ауданында -1465,6, өткен жылмен салыстырғанда 6,5% өскен, Мұғалжар ауданында -9,2%-ға өскен (1469,1).
- Туберкулезбен ауыршаңдық 100 мың тұрғынға есептегенде, 47,3-і құрады (2015жылы-49,3) ,4,05%-ға төмендеді;
Осы көрсеткіштер Темір ауданында -53,1, өткен жылмен салыстырғанда 0,3% азайған, Мұғалжар ауданында -25,2%-ға азайған (61,4).
- Қан айналым жүйесінің ауыршаңдығы 100 мың тұрғынға есептегенде, 1817,2-і құрады (2015жылы-1776,8) 2,27%-ға жоғарлады;
Осы көрсеткіштер Темір ауданында -1571,8, өткен жылмен салыстырғанда 10,5% азайған, Мұғалжар ауданында -20,3%-ға азайған (2219,4).
Құрылыс
Облыста соңғы 5 жылда 54 нысан салынған.
Соңғы 5 жылда Темір ауданында 5 нысан салынды; Бабатай,Копа,Кұмсай медициналық бекеттері, 250 қаралуға арналған аудандық емқана және Шұбарқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория.
Алдымызда Темір қаласында және Шұбаршы ауылында дәрігерлік амбулатория салу мақсаты тұр.
Соңғы 5 жылда Мұғалжар ауданында 4 нысан салынды; Еңбек,Елек медициналық бекеттері, Жағабұлақ және Сағашиелі ауылдарында дәрігерлік амбулатория.
Алдымызда Қаракөл, Мұғалжар ауылында дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігі тұр.Сонымен қатар Ақкемер ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның тарлығынан, кеңейту жапсырма құрылыс салу қажеттілігі туындап отыр.
Аталған мәселе бойынша Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Қ.С.Әбішев хабарлама жасады.
Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы көппрофильді 98 кереуеттік стационардан және тәулігіне 600 адам қабылдауға арналған емханадан тұрады. Емхананың ДА (дәрігерлік амбулатория) қосканда қуаттық кабылдау мөлшері - 777 және де 50 керуеттік күндізгі стационар аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді, оның 20 керуеті ауылдық ДА-да, 30 кереуеті аудандық ауруханада орналасқан.
Мұғалжар аудандық аурухана құрамында ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету саласында 5 - дәрігерлік амбулатория (оптимизация қортындысы бойынша) және 16 - медициналық пункт, қызмет етеді. Барлық 5 селолық ДА медициналық құрал-жабдықтармен, дәрігермен және орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілген.
Қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін емхана құрамында 4 педиатрлық, 1 терапевтік және 9 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақтар қызмет көрсетуде. Емханада 20 түрлі профилдік сала бойынша мамандар медициналық көмек көрсетіуде.
Мұғалжар аудандық орталық аурухана қызмет көрсететін аймағындағы тұрғындар саны-34168.
Дәрігермен ауыл тұрғындарының қамтылуы-100 пайыз, 10 000 тұрғынға қарасты ауыл тұрғындарының дәрігермен қамтылуы-4,8.
Орта буын медициналық қызметкерлер саны-48.
Медицина қызметкерлері жүйелі түрде инстуттар мен мед.колледждерде білімдерін жетілдіруде.
2015 жылы жоғарғы оқу орнын бітірген 5 жас маман жұмысқа қабылданды,оның ішінде 2 дәрігер әлеуметтік денсаулық сақтау мамандары және 3 дәрігер жалпы тәжірибелі дәрігерлер. 2016 жылы 7 жас маман, оның ішінде 2 әлеуметтік денсаулық сақтау маманы, 2 профилдік дәрігерлер және 3 жалпы тәжірибелі мамандар қабылданды. Қазіргі таңда жетіспес мамандардың орнын толықтырып, аудандық медицина саласында қарқынды қызмет етуде.
Профилактикалық екпемен қамту 9 ай 2016ж.
жалпы орындалуы - 91,7 %
егуден бас тартқандар 2014ж -226 бала, кейін алғаны -2 бала
2015ж – 263 бала, кейін алғаны – 4 бала
09. 2016 ж – 309 бала , кейін алғаны – 7 бала
Есепте тұрған жүкті айелдер саны – 361, оның ішінде салафиттік жолға түскендер – 17(4,7%)
Туберкулезге қарсы жұмыс.
Барлығы аудан бойынша науқастар саны -78. Туберкулезге тексерілген адамдар саны-37808. Рентгенфлюорографиялық тексеруден өткердер-26135, оның ішінде жылжымалы флюроқондырғымен - 9053,
Оқшауланған балалар барлығы -100.
Бала бақшаның санаторлық тобына оқшауланғандар -23, «Шағала» санатриясында – 49 бала, «Курайлы» мектеп интернатында – 4, Бурабайға – 5 барып ем алып келді.
Әкімдік арқылы әлеуметтік қолдау: үй бөлінген жоқ, қаржылай әлеуметтік көмек бөліу- 7111630 тенге құрап отыр, әлеуметтік көмек алып отырған науқастар саны-90
Ауылдық медициналық мекемелерінде қысқа даярлық бойынша барлық елді мекендерде қатты және сұйық отынмен қамтамасыз етілген.
Скринингтік тексеріс 2016 жылдың 9 айында 89,42 пайызға орындалды. Анықталған наукастар саны 525 жағадай ол 4,5 пайыз құрайды.
Аталған мәселе бойынша Темір аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Е.Е.Демегенов хабарлама жасады.
2016 жылдың 1- ші мамырында ауданның халық саны 37663 құрады, оның ішінде: 24774 – ересек адамдар, – 1702 жасөспірімдер, 11187 – балалар.
Желі. Тұрғындарды Орталық аудандық аурухана, аудандық туберкулездік аурухана және Кеңқиақ ауылдық ауруханасы, 5 дәрігерлік амбулатория, 2-фельдшерлік-акушерлік бекеті және 16 медициналық бекеттер медициналық көмекпен қамтамасыз етеді (әрі қарай ОАА, ДА, МБ).
Кадрлар. Аудандық ауруханада -454 қызметкер жұмыс жасайды , атап айтқанда дәрігерлер саны -61 олардың ішінде біліктілік санаты бар –16- 26,2 % , орта буын мейірбике саны – 223 , олардың ішінде біліктілік санатына ие – 32-14,3% Аудандық аурухананың дәрігерлермен қамтылуы -92 % , ал орта буын медицина қызметкерлерімен толық қамтылған. Қазіргі таңда дәрігер акушер – гинеколог маманы қажет.
Демографиялық көрсеткіштер (5ай): (2016 жылдың 5 айындағы мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда).
-туылу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда –26,70, 2015 жылға қарағанда 3,5 %-ға артты. Обл бойынша -23,99%, ҚР -22.46;
-жалпы өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда –5,80, 2015 жылға қарағанда 7,4 %-ға (5,40-15ж) артты. Обл бойынша -6,59%, ҚР -7,60%;
-нәресте өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 14,32, 2015 жылға қарағанда 3 есеге (4,99-15ж) көбейді. Обл бойынша – 9,09%, ҚР -9,75%;
-табиғи өсім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда – 20,90, 2015 жылға қарағанда 0,5 пайызға (15ж-20,38) өскен. Обл бойынша -17,40%, ҚР -14,86%;
- ана өлімі аудан бойынша тіркелмеген.
Аурушаңдық: Алғашқы аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда – 36960,3 : 2015 жылға (36730,8) қарағанда 0,6 %-ға кеміген. Әлеуметтік маңызды аурулар бойынша: қанайналу жүйесінің аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда – 1357,4, 2015 жылға (1832,8) қарағанда 25,9%-ға төмендеген.
Онкологиялық қызмет.
Жыл басына онкологиялық науқастармен 139 науқас есепте болды, диспансерлік есепке 22/116,8 ( 2015 жылы -22/ 116,7) науқас алынды. Визуалды – 3/15,9 ,( Асқынған түрі – 2) . Есептен шығарылғаны -18 ( қайтыс болғандар) 141 науқастың 5 жылдан ұзақ өмір сүргендер – 46 науқас (33%).
Туберкулезге қарсы қызмет
Жыл басына туберкулездік науқастармен 44 науқас есепте болса , биылғы жылы диспансерлік есепке 7/ 37,2 ( 2015жылы-9/48,0) науқас алынды. Асқынған түрі жоқ . Есептен шығарылғаны -22. Флюорографиялық әдіспен тексеру жоспары – 8141, орындалуы – 8918 ( 109,5%). Бактериоскопиялық зерттеу арқылы анықталған көрсеткіш бойынша 2,5
Кереуеттер. Ауданның медициналық мекемелерінің кереуеттік қоры -79 (2015 жылы –79), 10 мың тұрғынға шаққанда кереуетпен қамтылу көрсеткіші 86,1 құрады .
Күн тәртібіндегі «Ақтөбе облысында жұмыссыздықты төмендету бойынша атқарушы органдардың жұмыстары туралы» мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.О.Отаров хабарлама жасады.
Жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында, Ақтөбе облысының 2016 жылға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспары жасақталды.
Кешенді жоспарға сәйкес, 19262 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралармен қамту жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 қазанына Кешенді жоспардың жалпы орындалуы жоспардың 113,0%-ын құрады немесе 21672 адам. Соның ішінде жұмысқа орналастырылды:
I. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылатын 231 жобаларға 1767 жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, аз қамтылғандарды жұмысқа орналастырылуы жоспарланды. Ағымдағы жылдың есепті кезеніне 1373 адам 185 жобаға (Нұрлы-жол 386 адам 34 жобаға, МҮИИДБ -89 адам 6 жобаға, Агробизнес 2020 -43 адам 15 жобаға, «ҚР көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» - 61 адам 4 жобаға, БЖК 2020 -69 адам 13 жобаға, Өңірлерді дамыту- 126 адам 5 жобаға, Аумақтарды дамыту-535 адам 108 жобаға және басқа бағдаламаларға - 64 адам орналастырылды.
II. Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбастан жұмысқа орналастыру (бос жұмыс орындарына) - 9140 адам жоспарланды.
Бос жұмыс орындарына нақты 7124 адам жұмысқа орналастырылды.
III. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға 9366,0 млн.теңге бөлініп, а.ж. 1 қазанына 4530,6 млн.теңге игерілді.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 350 жобаны іске асырылуына 5890,6 млн.теңге бөлініп, 1639,6 млн.теңге игерілді.
49 инфрақұрылым нысандарын (I-транш бойынша-17 жоба, II-транш -32) іске асыруға 1940,3 млн.теңге бөлінді. Құрылатын жұмыс орындарының саны 1082 бірлікті құрайды (Бағдарлама қатысушылары үшін 549 бірлік).
Жоспарланған 49 жобаның ішінен 42 жоба бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды, 7 жоба бойынша аяқталу сатысыңда. Нақты құрылған жұмыс орындарына 1169 адам орналастырылды, Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 618 адам орналастырылды немесе 52,9%;
Осыдан басқа, ҚР Үкіметінің арнайы қорынан 1 106,2 млн.тенгеге қосымша 162 жоба жоспарланған. Онда барлығы 616 жұмыс орны құрылады, соның ішінде Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы 336 адам жұмысқа орналастырылады.
Жоспарланған 162 жобаның ішінде:
- 57 жоба бойынша байқау жеңімпаздары анықталып, жөндеу жұмыстары басталды;
- 105 жоба бойынша мердігер ұйымдармен келісім-шартқа қол қою рәсімдері жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, 3-транш аясында бөлінетін қаражатқа 65 жобаны іске асыру үшін 2 413,9 млн.тенге және 74 жобаны іске асыру үшін 430,2 млн.тенге қарастырылған. Бұл жобаларда барлығы 1387 жұмыс орындары құрылады, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 725 жұмыс орны.
Жоспарланған 139 жобаның ішінде:
- 39 жоба бойынша байқаулар жарияланды;
- 100 жоба бойынша бір көзден келісім-шартқа отыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты бойынша шағын несиелеуге 660 қатысушыға 2510,0 млн.теңге бөлінді. Есепті кезеңде сомасы 2036,5 млн. теңгеге 862 ауыл тұрғындарына шағын несие берілді (қайтарылған қаражат есебінен – 76 адамға сомасы 155,0 млн. теңге). Шағын несие алған Бағдарлама қатысушыларымен қосымша 770 жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағдарлама аясында 145 адам жолдаңды, жоспар бойынша 210 адам. Қалған 65 адам кестеге сәйкес а.ж. 14 қазанына дейін оқуды аяқтайды. Ағымдағы жылы осы максатқа 9,0 млн.теңге бөлініп, 6,4 млн.теңге игерілді немесе 71,1%-ы.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының үшінші бағыты іске асыруға 929,4 млн.теңге бөлінді, 412,1 млн.теңге игерілді немесе 44,3 %.
Қазіргі уақытта:
- Кәсіптік оқытуға 321 адам (кәсіптік даярлауға-113 адам, кайта даярлауға -208 адам) жіберілді. Қайта даярлауды аяқтаған 165 адамның ішінен 141 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 85,4% (24 адам –жылыту маусымы басталу мерзімінен а.ж.15 қазанынан орналастырылады);
- әлеуметтік жұмыс орындарына 288 адам орналастырылды, жоспар бойынша 214 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыстарын аяқтаған 412 адамның ішінен 288 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, немесе 70,0% құрайды;
- жастар практикасынан - 540 адам өтуде. Жастар практикасын аяқтаған 556 адамның ішінен 344 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, немесе 60,1% құрайды;
Соңымен қатар, экономикалық әлеуеті төмен Байғанин ауданы Қазақстан ауылынан Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылына құрамында 8 отбасын (46 адамды) қоныстандыру үшін 4 үйдің (8 пәтер) құрылыс жұмыстары аяқталуда. 61,7 млн.теңге бөлініп, 61,1 млн.теңге игерілді, немесе 99,0%.
Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласында (565,1 млн.теңгеге) еңбекші жастар үшін жалпы көлемі 5500 ш.м 105 пәтерлік (85 бір бөлмелі пәтер, 20 екі бөлмелі пәтер) жатақхана құрылысы жүргізілуде. 565,1 млн.теңге бөлініп, 187,1 млн.теңге игерілді, немесе 33,1%. Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясымен бірлесіп қоныстануға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
IV. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге барлығы 5673 адамға 667,4 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына:
•1376 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды;
• 1374 адам жастар практикасына орналастырылды;
• 7604 адам уақытша қоғамдық жұмыстарға ұйымдастырылды;
• қайта даярлауға - 93 адам жіберілді.
Халықты жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және жедел жұмысқа орналастыру мақсатында облыста есепті кезеңде 68 бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтті. Өткізілген жәрмеңкерлердің нәтижесінде 1215 адам – жұмысқа орналасты, 1274 адам – қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 312 адам Жастар тәжірибесіне, 358 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, қайта даярлауға 46 адам бағытталды.
Жұмыспен қамту жол картасы 2020» Бағдарламасы, Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар өңірдің еңбек нарығындағы жағдайға оң әсерін тигізді.
Статистика Департаментінің мәліметтері бойынша 2016 жылдың 2 тоқсанның қорытындысы:
- жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 % - ды құрады (ҚР – 5,0 %);
-15 – 28 жас аралығындағы жастар жұмыссыздық деңгейі - 4,0 %
(ҚР – 4,2 %);
- әйелдер жұмыссыздық деңгейі – 5,5 % (ҚР – 5,7 %).
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Депутаттарды толғандырған бірқатар мәселелерге хабарламашылар жауап берді және олардың қызметтерін жақсарту бойынша ескертулер мен ұсыныстар айтылды.
Күн тәртібіндегі мәселерді талқылап, пікір алмасқаннан кейін тұрақты комиссия тиісті қаулылар қабылдады.