Материалдар

Пресс релиз

SM14.09.162016 жылғы 09 қыркүйекте №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич НИДІҢ төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Әскербекұлы Бекенов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының, «Ақтөбе облысының «Мемлекеттік жеке әріптестік өңірлік орталығы» ЖШС директорлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ-ның 2015 жыл мен 2016 жылдың 8-айындағы жұмысы туралы» мәселе бойынша «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерлан Асылбекұлы Назаров хабарлама жасады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру идеясы және бастамасы алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемнің 50 ең бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауында айтылды.
«Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ құру мақсаттарына қол жеткізу келесі негізгі міндеттерді шешуге негізделеді:
• Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегияларының, әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарларының ережелерінің есебімен ҚР Үкіметі жанындағы ӘКК мәселелері бойынша мамандандырылған кеңестің ұсыныстарының негізінде Компанияның мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
• мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;
• аймақтарда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қағидаларын енгізу;
• мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өндірістерді құру;
• инвестицияларды тарту және инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны құру;
• концессия және кластерлік бастама негізінде бизнес-жобаларды жүзеге асыру;
• шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайларды құру;
• пайданы аймақтық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау;
• мемлекеттік активтерді және кәсіпкерлік бастамаларды нығайту жолымен аймақтардың озық дамуын қамтамасыз ету;
• ішкі және сыртқы нарықтарда аймақтың экономикалық беделін жылжыту;
• кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу жолымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін көтеру;
• бизнес-жобалардың негізін құру, оларды жүзеге асыруды қаржыландыру және жағдайлар құру.
Депутаттар бірнеше сұрақтар қойып, ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Аталған мәселені талқылаудан кейін тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.