Материалдар

Пресс релиз

SM27.08.16«Мектепке жол» акциясы

Елімізде Білім күніне және өмірлік қиын жағдайларда қалған балаларға қолдау көрсетуге арналған «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы тоғыз жылдан бері өткізіліп келеді.
Акцияны өткізу кезеңінде облыстық мәслихаттың депутаттары аз қамтылған және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмектесті.
Бүгін облыстық мәслихат депутаттары С.М.Қалдығұлова, С.В.Вишняк, Г.Қ.Ерғазина өз сайлау округтерінің мектеп оқушыларына мектеп формасын, кеңсе бұйымдарын, спорттық киім, аяқ-киім және тәтті сыйлықтар табыс етті.
Акция шеңберінде депутаттар тарапынан жалпы соммасы 14 млн. 133 мың 500 теңгеге 1137 мектеп оқушыларына материалдық көмектер берілді.