Материалдар

Пресс релиз

 

Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізілді

2016 жылғы 24 маусымда өткен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысына №12 Ауыл шаруашылық сайлау округінен депутат Асқар Аманбайұлы Садықов төрағалық етті.
Тұрақты комиссиясының отырысына комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
«Ақтөбе қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жетілдіру, тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде қолдану және сауда қызметін реттеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары туралы» мәселе бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары Нағымжан Смағұлұлы Алдияров және Қуантқан Мырзабекұлы Әлімов хабарлама жасады.
Аталған мәселе бойынша хабарламаларды талқылау барысында қойылған көптеген сұрақтар және енгізілген ескертулер мен ұсыныстар бойынша бірқатар басшылар жауаптарын берді.
Талқылау барысы бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.