Материалдар

Пресс релиз

20.05.16smОблыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі, аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өткізілді


2016 жылғы 19 мамырда №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары А.С.Биахметов, облыстық басқармалардың және қалалық бөлімдердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі «2015 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы обйынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасы туралы» мәселесі бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Енсегенұлы хабарлама жасады.
Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2015 жылы 35 бақылау іс-шаралары жүргізілді. Аталған бақылау іс-шараларымен 172 объект қамтылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 2015 жылы анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 1 885,4 млн.теңге, оның ішінде бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар 1 015,4 млн.теңге, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар – 244,2 млн.тенге, мемлекеттік сатып алу бойынша – 537,3 млн.теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша – 86,3 млн.теңге және өзгеде бұзушылықтар – 2,2 млн.теңгені құрады.
2015 жыл бойынша жалпы сомасы 18,2 млн.теңгеге 131 әкімшілік айыппұлы салынды.
2015 жылы 157 лауазымды тұлға әр түрлі жазаға тартылды, оның ішінде 7- қылмыстық, 65-әкімшілік және 85- тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Негізгі бұзушылықтар бюджеттік және салықтық заңнамаларының, мемлекеттік сатып алу туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамаларының және басқа да салалық нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарының бұзылуы болып табылады.
Мәселені қарау барысында депутаттар бюджеттік қаражаттарды тиімді және дер кезінде игеруге, өңірлік бағдарламаларды іске асыруға, бюджетке есептелуге тиіс қаражаттарды қайтару бойынша бақылауға, бюджеттік шығыстарды оңтайландыруға, сондай-ақ, қаржылық бұзушылықтарға жол бермеуге, қаржы қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуға қатысты және басқа да сұрақтар қойды. Депутаттар комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылдады. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылады.
Сонымен қатар, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркеповтің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі №18 шешімінің іске асырылу барысы туралы» мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.А.Әмірғалиев хабарлама жасады.
Қазіргі таңда 2016 жыл 1 мамырда облыс бойынша 24236 мүгедек тіркелген, олардың ішінде еңбекке жарамдысы 6627 адам (олардың 48 жұмыспен қамтылған), 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 2746 бала.
Әлеуметтік көмек бөлімдерінде 1632 жалғыз басты еңбекке қабілетсіз азаматтарға үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсетіледі, олардың ішінде 179 мүгедектер. Сонымен қатар, 479 мүгедек балаларға үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Мемлекет қарауындағы екі интернат – үйінде 668 жалғыз басты қарт азаматтар және мүгедектер тұрады. Тұрғылықты тұрағы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталығында 2016 жыл 1 мамырда 71 адам бейімдеуден өтті.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 5405 мүгедекке, барлық құралғыларға бөлінген сома 481,9 млн.теңгені құрайды.
2016 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдері бойынша 27213 азаматқа 559,1 млн. теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді (айсайынғы коммуналдық қызметтерге және табыстарын есепке алмай берілетін әлеуметтік төлемдер, атаулы күндер мен мерекелік күндерге, өмірлік қиын жағдай туындағанда берілетін біржолғы әлеуметтік көмектер).
А.А.Әмірғалиев әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша депутаттардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалығымен өтті.
«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Б.Аққұл хабарлама жасады.
Депутаттардың сұрақтарына жауап берілді.