Материалдар

Пресс-релиз

sm1

18 ақпанда облыстық мәслихатта, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат С.Т.Садуановтың төрағалығымен кезекті отыз тоғызыншы сессия өтті.

 

 

 

 

Сессия жұмысына облыс әкімі Б.М.Сапарбаев және облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қалалық және аудандардың мәслихат хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә.Айдашева хабарлама жасады.
Жылыдң басында бюджетте бос қалған 2 млрд.886 млн теңгені қайта бөліу жоспарланып отыр.
Шығындардың тізбесіне сәйкес облыстық бюджеттен коммуналдық қызметтерге, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға, кредит беру және тұрғын үй саласына, оның ішінде аудандарға да қаражат бөліу жоспарланып отыр.
Бөлуге жоспарланған жалпы сомма: құрылыс және сәулет басқармасына 1 мрд..127 мың. тг. астам, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына 569 млн.тг.-ден астам, білім бері басқармасына 370 млн.тг.-ден астам, денсаулық сақтау басқармасына 200 млн.тг.-ден астам, дене шынықтыру және спорт басқармасына 80 млн.тг.-ден астам, сонымен қатар коммуналдық қызметтің төлемдерінің өсуіне байланысты аймақтық ұйымдардың коммуналдық қызметіне 386 млн.тг.-ден астам қаржы бөлу көзделініп отыр.
Келесі мәселе - «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысындағы білім жүйесінің жағдайы мен даму болашағы туралы» облыстық мәслихаттың шешімінің іске асырылу барысы туралы тақырыбында білім басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Р.Ғ.Бегімбетов хабарлама жасады.
2015 жылы білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемі 53,3 млрд. теңге құрды.
Аталған бағдарламаның аясында 2013 жылдан республикалық бюджеттен:
- облыстың білім беру мекемелерін жаңа модификациялы кабинеттермен және оқу жабдығымен жарақтандыруға 243,9 млн теңге;
- техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға 425,0 млн.теңге бөлінді.
Ұстаз мәртебесін арттыру мақсатында үш деңгейлі санатқа қосымша ақы қарастырылды. Соңғы үш жылда 2554 мұғалім Кембридж универститеті бағдарламасының 3 деңгейлі жаңа курсынан өтті, 2013 жылдан бастап мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге республикалық бюджеттен 1201,8 млн.теңге бөлінді.
Мемлекеттік бағдарлама нәтижесінде осы уақыт аралығында мектепке дейінгі тәрбие беруде 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 7,6%-ға өсіп, қазір 87, 9% құрайды (ҚР бойынша 2015 ж. – 81,6 %) 2014 ж.облыста - 87%).
Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған уақыттан бері 93 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 15 балабақша жалпы құны 4 млрд 500 мың теңгеге жаңа құрылыс есебінен.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизімі дамып келеді. Нәтижесінде жеке балабақшалар желісі бес есеге дейін артты (7-ден 35 бірлікке).
2015 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту мақсатында 2931 орынға арналған 22 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудың 1,6 % өсуіне мүмкіндік берді.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда шағын жинақты мектеп мәселесін шешу бөлігінде 24 шағын жинақты мектептер бойынша оңтайландыру жұмыстары жүргізілді.
Соңғы 3 жылда ШЖМ саны 70 бірлікке азайды (2012 ж. - 307, 2013 ж. - 295, 2014 ж. – 243, 2015ж. - 237).
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі – ресурстық орталықтар құру. 2012 жылмен салыстырғанда ресурстық орталықтар 3 есеге көбейді (4-тен 12-ге), қазіргі таңда барлық 12 ауданда тірек мектептері (ресурстық орталықтар) ашылды.
Апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін, сонымен қатар жаңа білім беру ұйымдарын салу мақсатында 2015 жылы 2,6 млрд.теңге сомасына 9 мектеп құрылысы жүргізілді, оның ішінде: 2 – республикалық бюджет, 4 – жергілікті бюджет, 3 – Ұлттық қор есебінен (РБ – 687,9 млн.теңге, ҰҚ - 1250,0 млн.теңге, ЖБ – 647,6 млн.теңге). 9 нысаннан 1550 орынға 5 мектеп 2015 жылы пайдалануға берілді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен 4 мектептің құрылысы жоспарланды (3 мектеп ауыспалы, 2015 жылдан құрылысты аяқтауға және 1 мектеп жаңа құрылыс үшін). Бұл мектептерді іске қосу Ақтөбе қаласындағы 3 мектептегі үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді:
Облыста Интернет желісіне мектептер 100 % қосылған. Кең жолақты интернетке облыс мектептерінің 84,5%-ы қосылған, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 10,5%-ға жоғары. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының 10% (48) «E-learning» электронды оқыту жүйесіне енгізілген.
Жаңа модификациялы пәндік кабинеттермен мектептердің материалдық базасы жақсарып келеді. Бүгінгі күні облыс бойынша физика кабинетімен 81,7%, химия - 59,4%, биология - 41,9% жабдықталған, мектептердің 45,5% лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған.
Жалпы пәндік кабинеттермен жабдықтау 57,6% (2014 жылы – 57,1%%) құрайды. Мектептерді спорттық және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы мақсатта облыс 3 жыл ішінде мектептер үшін жергілікті бюджет есебінен 104 млн.теңге қаржы жұмсалды.
Балалар үшін жасалған жағдайлар білім сапасына тікелей әсер етеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 2015 жылы облыс бойынша мектеп түлектерінің орта балы – 82,68 балды құрады (2014 ж. – 84,0 балл).
Білім беруді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы үздік халықаралық стандарттар бойынша мұғалімдерді сапалы даярлаудың мүмкіндіктерін кеңейтті.
Деңгейлі оқыту курстарынан 2012-2015 жылдар аралығында барлығы 3041 педагог өтті. (2012-479, 2013-899, 2014 -923, 2015-740). Нәтижесінде, үстеме ақы төленетін педагогтар саны 30 %-2090, 70%- 485, 100%-466. 2016 жы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы, мәдени-эстетикалық және салауаттылықты қалыптастыру мен дамытуға облыста үлкен көңіл бөлінген. лға деңгейлі оқыту курстарынан 406-ға жуық педагог өтуі жоспарланды.
Жергілікті атқару органдары жұмысының басым бағыттарының бірі мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру болып табылады, осыған орай, ең маңызды көңіл бөліп отырған мәселелердің бірі облыс экономикасының қажеттілігін ескеру болып табылады. Оқу орындарының мамандар даярлау бейіні, көлемі, облыс экономикасының қажеттілігі және жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес анықталады.
Ағымдағы жылда мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасы (3560 адам, оның ішінде 1688 біз дайындай алатын адам), өңірлік кәсіпкерлер Палатасы (3338 адам, оның ішінде 1751 біз дайындай алатын адам), облыстың әлеуметтік серіктестері (924 адам) барлығы 4363 адамға берген қажеттілік негізінде жасалды. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі кадрлар даярлау бағыттары бойынша құрайды: техникалық-28,7%, технологиялық-14,1%, ауылшаруашылық-4,9%, медициналық мамандықтар-5,6%, білім-22,9%, экономика және сервис-4,8%, құрылыс және коммуналдық шаруашылық- 6,5%, гуманитарлық- 4,4%, мәдениет-3,4%.
Сонымен қатар сессияда өзгеде сұрақтар қаралып, сессия қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының бірінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев және облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, т.б. қатысты.
Алтыншы шақырылымдағы 31 депутаттың 13-і облыстық мәслихатқа бірінші рет сайланып отыр.
Сессия барысында, ашық дауыс беру нәтижесінде,бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұловаоблыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.
Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың бес тұрақты комиссиялары құрылды. Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Марат Итеғұлов сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссияға Амангелді Есеркепов жетекшілік ететін болды. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі комиссияны депутат Аркадий Ни басқарады. Аграрлық мәселелер, экология және табиғат қорғау жөніндегі комиссия төрайымы болып Гүлжанат Ерғазина сайланды. Депутат Дмитрий Довматенко депутаттық құзырет пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссияға жетекшілік етеді.
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаев өткен шақырылымның депутаттарына жемісті жұмыстары үшін алғысын білдіріп, жаңа шақырылымдағы депутаттарға сәттілік тіледі.


30 наурызда облыстық мәслихатта, №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Ж.С.Мұхамбетпаизованың төрағалығымен кезектен тыс
екінші сессия өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімі Б.М.Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияда «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №346 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә. Айдашева хабарлама жасады.
Экномика басқармасыұсынған шығындардың тізімі бойынша ағымдағы жылда 25 млрд. 639 млн. тенге бөлу көзделініп отыр. Оның ішінде 437 млн. тг-ден астамы жеке кәсіпкерлікті қолдауға, 1 млрд. 385 млн. тг-ден астамы агроөнеркәсіптік кешенсубъектілерінің өтемақысына, 1 млрд. 292 млн. тг-ден астамы - «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламаласы шеңберінде көзделген әлеуметтік - мәдени нысандарды жөндеуге және тағы да басқа салаларға қаржы бөлінуі жоспарланып отыр.
Ағымдағы нысаналы трансферттермен көзделген құрылыс-монтаж жұмыстары 16 инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды жобаларға, 3 өндірістік инфрақұрылымды жобаларға, Мұғалжар және басқа да аудандардың мектеп құрылысымен өзге де салаларға қаржы көзінің бөлінуі жоспарланып отыр.
Сонымен қатар сессияда «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» және №26 Темір сайлау округінен депутат С.Е.Айтбаеваның депутаттық сауалы туралы сұрақтар қаралды. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.