Материалдар

Хабарландыру

 Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі

Жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсты өткізу туралы
хабарлама

Ақтөбе облыстық мәслихаты, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелігіне конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.


   Конкурсқа қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар, Жұмыс тобының мүшелігіне конкурстық іріктеуді өткізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды, 2016 жылғы 19 қаңтардан бастап 29 қаңтарға дейін, облыстық мәслихатқа жолдайды (ұсыныста мынадай мәліметтер болуы қажет: кандидаттың Аты-жөні, дүниеге келген жылы, айы, күні, туған жері, тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары).
   Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 202 бөлме, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.00 дейін, анықтама үшін телефондар: 93-21-68 және 56-44-75.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 15-тармағына сәйкес, өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
   Азаматтық қоғамнан Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатқа, Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес қойылатын талаптарға сай, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы кандидат бола алады.
Кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.
   Жазбаша ұсыныстары түскен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар, Жұмыс тобына кандидаттар шақырылатын отырыс, Жұмыс тобының құрамына ұсыныстар беру мерзімі аяқталғаннан кейін, екі жетілік мерзім ішінде өтеді.

 

Ақпаратт:

Жарияланған күн:18.01.2016