Материалдар

Пресс - релиз

 

29.12.15sm29 желтоқсанда облыстық мәслихатта №22 Мәртөк сайлау округінің депутаты С.Т. Садуановтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің бастығы Махсутхан Нұғманұлы Аблазимов, сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысыты.


Сессияның күн тәртібінде - «Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатураны келісу туралы» мәселесі қаралынып, заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ.Д.Елюбаев сөз сөйледі.
Облыстық мәслихаттың сессиясы, облыс әкімі ұсынған ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына Әлиев Қайрат Советұлының кандидатурасына келісті.
Жергілікті полиция қызметі құрамына барлық құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді. Құқық қорғаушылар, жол қауіпсіздігін қадағалаушылар, қоршаған ортаны қорғау органдарының қызметкерлерінің арасынан таңдалған 1000 тәртіп сақшысы ел тыныштығын бақылауды күшейтеді. Елбасының тапсырмасымен құрылып отырған жергілікті полиция қызметтің мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіпті сақтау.
Сессияның шешімі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.