Материалдар

Пресс-релиз

23 желтоқсанда облыстық мәслихатта депутаттарды құқықтық оқыту және «Депутаттық күн» бойынша облыстық мәслихаттың отырысы өтті

 

    Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын реттеудегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілеттіктері туралы» мәселесі қаралып Қ.Р. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Т.Ш. Мамаев хабарлама жасады.


    Облыстың, ауданның экономикалық және қаржылық негізін жергілікті бюджет құрайды.Облыстық, аудандық, қалалық маслихаттың негізгі өкілеттігіне әкімшілік-территориялық бірлікті бюждетті, енгізілетін өзгерістермен қосымшалар және оның орындалуының есебін бекіту кіреді.Бюджеттік проектті қалыптастыру және орындау жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.Жергілікті бюджет түсімінң көзі,оның қалыптасуы, бекітілуі мен орындалуы Қазақстан Республикасының "Бюджетті жүйе туралы" Заңымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі.
    Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басқа да салықтық міндетті төлемдерді бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдемдесуге міндетті өндіру Салық Кодексінің ерекше тармағымен айқындалады.
    Бюджет айқындылығы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауымен бірге, ҚР әлеуметтік-экономикалық даму индикативтік жоспары параметрлерінің орындалуымен қол жеткізіледі.
POS-терминал туралы Ұлттық эконмика Министрлігімен қазіргі таңда кіші-орта бизнеске мемлекеттік бағдарлама аясында терминалдарды жеткізіп беруді субсидиялау мәселесі қаралуда.  Бұнымен қоса, Ұлттық банкпен POS-терминалдарды енгізуге кедергілердің бір себебі банктік комиссия мөлшерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
    Қосымша құн салығы Қараша айында ҚР парламенті салық кодексіне енгізілген болатын, солардың бірі ҚҚС есебіне тұруға ең төменгі айналым айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен 3234  айлық есептік көрсеткішке төментету туралы өзгерістерді қабылдады.
    ҚҚС салығын жылдық айналымдары ағымдағы АЕК сәйкес (1982 тенге 2015 жылы)  6,4 миллион тенге құрайтын, бұрынғы алғашқы қадам мөлшері 59,4 миллион құраған болатын заңды тұлғалар төлеуге міндетті.
Сонымен қатар жиналыс барысында  «Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыстары туралы» мәселесі бойынша С.Б.Нұғманова – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары хабарлама жасады.