Материалдар

Пресс-релиз

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

11 желтоқсанда облыстық мәслихатта №19 Байғанин сайлау округінің депутаты Л.Қ. Жазықованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясы өтті.


    Сессия жұмысына облыс әкімі Б.М.Сапарбаев, облыс әкмінің орынбасарлары, Сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


    Депутаттар сессияда жалпы 38 сұрақ қарап талқылады.
    Сессия барысында талқыланған өзекті мәселелерінің бірі - «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» тақырыбына экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә. Айдашева баяндама жасады.  
    Аталған мәселе бойынша облыстық мәслихаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, 2016-2018  жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық Жұмыс тобының басшысы Е.Ж.Бекмұхамбетов қорытынды жасады.


    Депутаттар өткен облыстық мәслихаттың отырыстарының барысында бюджет жобасын бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерімен, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылық  және құқық қорғау органдарының әлеуметтік блогімен, облыстық басқармалар басшыларының берілген ақпараттарын тыңдалынуымен  жан – жақты талқылады.
    Е.Ж. Бекмұхамбетов бюджеттік жоспарлау бағдарламаларының басшыларына облыстық бюджетті жауапкершілікпен болжауына және тиімді пайдалануына назар аударды.
    Келесі мәселе - Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы мәселесі бойынша қорытынды жасау үшін заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ. Да. Елубаевқа сөз берілді.
    Аталған мәселе облыстық құқық қорғау органдарының, басқармалар мен департаменттердің басшыларының қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы хабарлама жасады.
Мәселе жан-жақты талқыланып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Келесі мәселе - Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралалы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.А. Боранбаев хабарлама жасаап, осы мәселе бойынша №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Тулегенова қорытынды жасады.
Сессия барысында «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» мәселесі бекітілді. Хабарлама жасау үшін жер қатынастары басқармасының басшысы Қ.Қ. Сарсенғалиев сөз берілді.
   Сонымен қатар сессияда Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы сұрағы талқыланып табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н. Б. Аққұл хабарлама жасады. Бұл мәселе де тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысында қаралып, мақұлданып №22 Мәртөк сайлау округінен депутат С.Т. Садуановқа қорытынды жасау үшін сөз берілді.
    Сонымен қатар, сессияда Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерін тарату туралы мәселесі бекітіліп, облысымыздың Әйтеке би, Алға және Ырғыз аудандарындағы, тұрақты халқының саны елу адамға жетпейтін 5 елді мекен таратылады.
 Сонымен қатар Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы мәселесі қаралынды.   

    Сонымен қатар, депутаттар Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын, облыстық мәслихаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясымен, аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комисының есебін бекітті.
Депутаттар тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысында ұсынылған кандидатуралары- Байдербес Ғалымжан Ермағанбетұлы, Байменова Құралай Базарбайқызы және Мир-Хайдаров Рауль Мирсаидович секілді облысымызға танымал адамдарға «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беруін шешті.
Сессияның қорытындысы бойынша, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерді «Құрметті Ардагер-Почетный Ветеран» төсбелгісімен марапаттау рәсімімен аяқталды.