Материалдар

Хабарлама

2015 жылғы 11 желтоқсанда сағат 09.00 облыстық мәслихаттың мәжіліс залында (екінші қабат, 201 бөлме) облыстық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясы өтеді.

 

К ү н   т ә р т і б і:

    1. 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.
    2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы.
    3. Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралы.
    4. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
    5. Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы.
    6. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
    7. Облыстық мәслихаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі және аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияларының есептері.    
    8. Басқа да мәселелер.