Материалдар

Баспасөз парағы

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есміовтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары

 

    «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
    2015 жылдың 2 желтоқсанында Ақтөбеде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен батыс аймағының төрт облысының арасында Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның мердігер компаниялары жергілікті тауар өндірушілермен жалпы құны 10 млрд. теңге шамасындағы 8 тауар жеткізу туралы келісімшартқа және 3 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жұмыстар 2016 жылы жүзеге асырылады. Батыс аймағының кәсіпорындары еліміздің бас құрылысына сапалы материалдармен өз өнімдерін жеткізбек. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін шынайы қаржылық буферқызметін атқарады.


    «Мемлекет басшысы отандық өндірушілердің өнімдерін барынша пайдалануды тапсырды. Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін біз ЭКСПО нысандары құрылысында қазақстандық құрамды көтеру үшін меморандумдарға қол қоямыз. Осындай жұмыстардың нәтижесінде кәсіпорындар тапсырыстармен қамтамасыз етіледі, жұмыс орындары сақталады, отандық өндіріс дамиды», - деді Ахметжан Есімов бизнес өкілдері алдында сөйлеген сөзінде.
    Ұлттық компания басқармасының төрағасы ЭКСПО-ны өткізуден тиімділік мысалы ретінде Миланда өткен көрмені атап өтті, онда оған дайындық және өткізу кезеңінде 295 мың жұмыс орны құрылды, ал тауарлар мен қызметтер экспорты 10 млрд евроға ұлғайды.
    Бердібек Сапарбаев баяндамасында облыста «ЭКСПО-2017» үшін дайындық жұмыстарының белсенді түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мысалы, Ақтөбе облысы энергетика министрлігіне ұлттық павильонға қою үшін 12 инновациялық жоба ұсынады.


    ЭКСПО-ның бас мердігерлері Ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар мен нақты келісімшарттарға қол қоя отырып, әлеуетті өнім жеткізуші фирмалармен болашақта жүргізетін іскерлік әріптестіктерін бекітті.
Еліміздің батысында көптеген мәдени және экологиялық туризмнің нысандары орналасқан. Шетелдік меймандарға ұсынылатын турпакеттерге Шопан ата кесенесін, Бекет атаның жерасты мешітін және т.б. тарихи орындарды зиярат етуді қосуға болады. Ақтөбелік туристік фирмалар түрлі бағыттар бойынша 60-тан аса туристік маршрут дайындады.

   Іске қосылған «Recommended by EXPO» бағдарламасы бойынша,«Dastan Hotels», «Holiday Inn Актау», «Шагала», «Renaissance hotel Актау» қонақ үйлері эксклюзивті сапа белгілеріне лайық деп танылды.
    Сонымен қатар, Ақтөбе облысынан 100 адам ЭКСПО-2017-нің еріктілер қозғалысына тартылмақшы. Қазірдің өзінде көрмелер үшін қажет 30 ерікті келесі жылы тағы 70 адамның дайындалуы жоспарланып отыр. Көрме кезінде жұмыс жасайтын 3000 адамның тең жартысы Астанадан болса, қалған жартысы Қазақстанның басқа аймақтарынан келеді. Айта кетерлігі, Халықаралық көрмеге Ақтөбе облысынан 100 мыңнан астам тұрғын қатысады деп жоспарланып отыр.

 

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ
Жұртшылықпен байланыс
жөніндегі департаменті

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің
баспасөз қызметі

 

Анықтама: ЭКСПО-ның бас мердігер ұйымдары аймақтардың бірқатар кәсіпорындарымен келісімшарт және меморандумдарға қол қойды.
«САЭС СРЕДАЭНЕРГОСТРОЙ» ЖШС «Фирма Бекарыс» ЖШС-мен(Ақтөбе облысы) келісімшарт жасады.
«Mabcoconstructionss.a.» компаниясы «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС (меморандум) және «Шеврон Мунайгаз Инк.» (Атырау облысы) (келісімшар) компаниясымен.
«СемболИншаат» АҚ «Улан компаниясы» ЖШС (Ақтөбе облысы) (келісімшарт), «Стекло-Сервис» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы) (меморандум) және «ПКФ Континент Ко Лтд» ЖШС-мен (Атырау облысы) (меморандум).
«СК «Базис» ЖШС «Атырауский завод полиэтиленовых труб Шеврон Мунайгаз Инк» ЖШС-мен (Атырау облысы) (меморандум).
«BIGroupCorporation» ЖШС «Южпромснаб» ЖШС, «Баумастер интернешнл» ЖШС және «ВнешстройПласт» ЖШС-мен (Ақтөбе облысы)(келісімшарттар).
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚішкі және елге әкелу туризмін дамыту мақсатында «ЭПОХА» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Экспедиция+362» ҚБ (Маңғыстау облысы), «Планета.kz-Atyrau» ЖШС, «Ассоциация туризма Ақ Жайық ЗҚО» ҚБ туристік операторларымен меморандумдарға қол қойды.
Ақтөбе облысының құрылыс индустриясында 190-ға жуық кәсіпорын жұмыс жасайды. 10 айдың ішінде 32 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді. Олар:пластмасса құбырлар, керамикалық кірпіштер, қасбет материалдары т.б.Аймақта құрылыс индустриясының өнімдерінен басқа «ЭКСПО-2017» көрмесі нысандарын өңдеу, абаттандыру және пайдалану кезінде қолдануға болатын өнімдер де шығарылады.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» компаниясы бүгінге дейін 10 аймақтың әкімдіктерімен жалпы сомасы 30 млрд. теңгеге жуық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Меморандум аясында бүгінгі күні ЭКСПО нысандарының құрылыс жұмыстарына 221 отандық өнім өндіруші тартылды.