Материалдар

27 қазанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өткізілді

27 қазанда облыстық мәслихатта №19 Байғанин сайлау округінің депутаты Л. Қ. Жазықованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өткізілді


    Сессия жұмысына облыс әкімі Б. М. Сапарбаев, мәслихат хатшысы С.М. Қалдығұлова  әкімнің орынбасарлары, сонымен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


    Сессияның қарауына: «Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №250 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселелсі енгізілді. Хабарламашы  – экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы  Р. Ә. Айдашева.
    Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын азайту бойынша нақтылау жалпы сомасы 1млрд.66,8млн. теңгегені құрап отыр.  Оның ішінде мемлекеттік сатып алулар нәтижесі және басқа да себептер бойынша 853,4 млн. теңге сомасындағы нақты үнемдеу, оның ішінде үнемдеу көп басқармалар: білім беру – 177,5 млн.теңге, экономика және бюджеттік жоспарлау – 66,0 млн.теңге, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 53,9 млн.теңге, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар – 41,8 млн.теңге, құрылыс – 37,8 млн.теңге, сондай-ақ облыс әкімінің резерві бойынша – 411,0 млн.теңгені құрайды.  
    Сонымен қатар, бүгінгі күні үстіміздегі жылы қаржыландыруды қажет ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бар. Олар орындалған жұмыстар бойынша ақы төлеу, жобалық-сметалық құжаттамаларды аяқтау, құрылысты жалғастыру, жобаларды бірігіп қаржыландыру және т.б. 462,6млн. теңге сомасындағы қаражаттарды аталған мақсаттарға бағыттау ұсынылып оның ішінде: облыстық құрылыс басқармасына, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына, облыстық денсаулық сақтау басқармасына,  облыстық білім басқармасына,  облыс әкімі аппаратына,  облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының іссапар шығыстарына, облыстың индустриалдық - инновациялық даму басқармасының  байланыс қызметтерін төлеуге.


    Сонымен қатар сессияда «Ақтөбе облысын басқару сызбасы туралы»  мәселесі қаралып,  Ақтөбе облысын басқару сызбасына: «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы», «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы», «Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемелері енгізілді.