Материалдар

Пресс-релиз

21 қазанда облыстық мәслихатта №16 Әйтекеби сайлау округінің депутаты А.Ф. Чемодановтың төрағалығымен аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының және «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті


    Отырыс жұмысына мәслихат хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиев, облыстық департаменттерінің, басқармаларының басшылары, бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.


    Күн тәртібіндегі Ақтөбе облысында ветеринарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы тақырыбына Қ.Ыбырайымұлы- ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Т.С.Нұртазин – ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы баяндама жасады.  
    Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің құзыретінде ветеринария және тамақ өнімдерінің  қауіпсіздігі саласында атқаратын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жұргізу,  ветеринариялық дәрі-дәрмектерді орталықты сатып алу, ведомствалық зертханаларды басқару, эпизоотияға қарсы іс-шараларды жұргізу сақталған.
         Мемлекет тарапынан мал ауруларының алдын-алу және диагностика жасау мақсатында жасалған ветеринариялық іс-шаралар жоспарын орындау үшін жыл сайын республикалық бюджеттен  бөлінеді.
          Ағымдағы жылы эпизотияға қарсы іс-шараларды қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша облыстық бюджетке 586,0 млн теңге қаражат бөлінді.
           Ауыл шаруашылық Министрлігңнің орталықтандырылған қоймасынан келіп түскен ветеринаринариялық  дәрі-дәрмектерді уақытша сақтау үшін Ақтөбе қаласында Франко-склад орналасқан.
           Аталмыш қоймадан Ауыл шаруашылық Министрлігінің разнорядкісі бойынша ветеринариялық  дәрі-дәрмектер төрт  облысқа таратылады, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстарына.
           Сонымен қатар Ақтөбе қаласында ветеринариялық  препараттардың республикалық қорын сақтауға  арналған  қоймасы бар. Осы қоймадан Ауыл шаруашылығы  Министрлігінің разнорядкісімен өткір жұқпалы  аурулардың өршуі болған жағдайда ветеринариялық  дәрі-дәрмектер  жіберіледі.
           Ветеринариялық алдын-алу және  диагностикалық  зерттеу жұмыстарының 9 айға толығымен  100%  орындалды.

211015bg3
Сонымен  қатар  ауыл шаруашылық  және  үй жануарларының құтыру,  листериоз, лептоспироз,  пастереллез,  сібір жарасы,  оспа,  қарасан,  шешек, құс тұмауы ауруларына  қарсы  егу жұмыстары,  туберкулезге  қарсы  аллергиялық  зерттеулер,  эхинококкозге  қарсы  дегельминтизация  жасалды.
           РМК  «Республикалық ветеринариялық лаборатория»   Ақтөбе  филиалымен  қан  сынамалары  және  жануарлармен  құстардан   инфекциялық,  паразитарлық  ауруларға  алынған   биологиялық  материалдарды  диагностикалық  зерттеу  жүргізеді.
           Мұндай  бруцеллез, туберкулез сияқты созылмалы жұқпалы ауруларға, эпизоотияға қарсы іс-шаралар, жануарлар ауруларының алдын алуға және адамдарға жұғуын болдырмау мақсатында бағытталған.
          Тамақ өнімдері және  тасымалданатын объектілердің қауіпсіздігі бөлімінің мамандарымен, үшінші мемлекеттен келетін бақылаудағы импорт экспорт жүктерді ветеринариялық-санитарлық бақылаудан өткізеді.    Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылаудағы импортталған жүктерден зертханаға жіберу үшін сынамалар алынады. 2015 жылдың 9 айында 477 сынама алынды. Астана қаласынағы ұлттық референттік орталыққа жоспарға сәйкес 115 сынама қой, сиыр, жылқы  және құс еті алынып жіберілді.
    Т.С.Нұртазин – ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы баяндамасынан:
     2015 жыл басынан облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы аурулары тіркелген жоқ, диагностикалық, алдын алу іс-шаралары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде
    2015 жылдың 28 маусымдағы облыстық ветеринариялық  зертхананың ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалық  зерттеу туралы мәліметіне сәйкес бруцеллезге шалдығу көрсеткіші МІҚ-1,1%, 2014 жылмен салыстырғанда 0,3% төмендесе, ҰҚМ - 0,4%, былтырғы жылдың көрсеткіш деңгейінде.


113 бағдарлама бойынша бруцеллез ауруына шалдыққан, етті қайта  өңдеу мекемесіне тапсырылған мал иесіне 49, 6 мың теңге өтемақы төленді (қаралған қаржының 56,8% игерілді,  1 457 бас МІҚ, 900 бас қой-ешкі  тапсырылды).
    Ақтөбе қаласы мен аудандардың барлық ветстансалары мен ветпункттеріне бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларын компьютерлік базаға енгізу үшін аудандардың жергілікті бюджетінен 24 535,2 теңге бөлініп, барлығы дерлік интернет жүйесімен толық  қамтылды.
    Жергілікті атқарушы органдар құрған ветсансаларға пилоттық жобамен биологиялық қалдықтарды өртеуге арналған 13 дана жылжымалы, 6 стационарлық инсинераторлар сатып алынды.
    Ақтөбе қаласы мен аудандардың ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері сауда орындарына тасымалданған мал өнімдерінің құжаттарын, өнімдердің базар жанындағы ветеринариялық зертхананың сараптамасынан өткізуге рұқсат ететін құжаттарын күнбе-күн тексеріп отырады.