Материалдар

Пресс-релиз

8 қазан күні облыстық мәслихатта облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы түріндегі көпшіліктік тыңдауды


    Көпшіліктік тыңдауға облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Нұрқатова,  «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, депутаттар, басқармалардың, мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары қатысты.


    Күн тәртібінде «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру»  бұл сұрақ бойынша С.Е.Аманбаев - еңбек, әлеуметтік қорғау  және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша  департаментінің басшысы баяндама жасады.
Жалпы, облыста 7224 мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрады, олардың ішінде – 2488 зағип мүгедектер; 1137 – саңырау және нашар естейтін; 2786 қозғалуда сүйемел таяқ және балдақты қолданады, 813 адам қозғалуда кресло-арбаны қолданады.
    Облыс бойынша мүгедектердің саны – 22 575, оның ішінде бірінші топтағы мүдектердің саны – 2 009, 2 топтағы – 8 886, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 2 840.
  2014 жылда 44,7 млн. тенгеге 66 объектілерде бейімдеу өткізілді. 2014 жылғы 5-ші тамызда Республикамызда мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз жағдайлар жасау жөніндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қарауына байланысты басталған арнайы Акция шеңберінде бейімдеу Картасына енгізілген 66 объектілердің ішінде Қоғамдық кеңестің мүшелерімен 33 объектісін қараған. Олардың ішінде – Ақтөбе, Әйтекеби, Ырғыз, Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Темір, Ойл аудандары бар.
Объектілерді қарау қорытындысы бойынша анықталған ескертулерді жою бойынша ұсыныстармен аңықтама жасалды және аудан Әкімдеріне жолданды.    2015 жылда облыста 54 302,0 тыс.тенгеге 103 объект бейімдеуге. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің 2015 жылғы 1 қазанына ақпаратты бойынша көбiрек объектілерде, яғни 67 объектілерде-65,1% бейімдеу жұмыстар аяқталған, 26 объектілерде-23,3% бейімдеу жұмыстар жалғасуда.
    Сонымен қатар, отырыс барысында Қалиев Ә.Ә. - денсаулық сақтау басқармасының басшысы және Әмірғалиев А.А. -жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы баяндамашының ақпаратын толықтырды.